Анықтама-іздеу» бөлімі
«Анықтама-іздеу» бөлімі (ары қарай – бөлімше) Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының (ары қарай – Кітап палатасы) құрылымдық бөлімше болып табылады. Бөлімше Казақстан Республикасының күшіне енген заңдарына, Кітап палатасының ішкі құжаттарына, қазіргі Ережеге, бұйрықтарға және Кітап палатасы директорының жарлықтарына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.
«Анықтама-іздеу» бөлімі өз жұмысында:
- Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін;
- Құрылтайшы мекемесінің қаулылары мен жарлықтарын;
- Кітап палатасының даму концепциясын;
- Лауазымдық міндеттерін;
Бөлімше Кітап палатасының директорына және жетекшілік ететін орынбасарға (ары қарай – директордың орынбасары) тікелей бағынады.
Бөлімшенің қызметі Кітап палатасының басқа да құрылымдық бөлімшелерімен тығыз қарым-қатынаста жүзеге асырады.
«Анықтама-іздеу» бөлімінің мақсаты мен қызметі
Бөлімшенің негізгі қызметі:
- Қазақша-орысша библиография бөлімдерінен алынған материалдарды ГОСТ-тың ережесіне сәйкес, алфавиттік және систематикалық бөлуді және реттеуді жүзеге асыруы.
- Баспа материалдарының дұрыс жүйеге келтірілуі
- Ғылыми зерттеу және қазіргі технология тәжірибесін енгізу және каталогтарды дұрыс қолдану мақсатында жұмыс жүргізу және каталогтарға карточкалардың дұрыс құйылуы.
- Баспа өнімдерін шығарушы баспаларға, жеке тұлғаларға библиографиялық, қаламақылық, тақырыптық, фактографиялық мәліметтерді беру.
- Көркем әдебиет каталогын жүйеге келтіру
- Рецензия каталогын жүйеге келтіру.
Бөлімшенің негізгі функциясы:
- Сұраныс бойынша Мұрағат бөлімінен кітаптар алу.
- Әліпби және систематикалық каталогқа карточкаларды сұрыптау және енгізу.