«Құқықтық, әдістемелік-редакциялық баспа» бөлімі
«Құқықтық, әдістемелік-редакциялық баспа» бөлімі – Қазақстан Республикасының Ұлттық кітап палатасының құрылымдық бөліміне кіреді.
Бөлім библиографиялық көрсеткіштер мен ғылыми-ақпараттық қызмет қорын жинақтап, баспасөз беттерінде жариялайды.
Басылып шығатын қор басылымдары екі тілде: қазақ тілі мен орыс тілінде жарық көреді. Қор басылымдары: Жылнама (екі тілде жылына бір рет басылып шығарылады), «Казахстаника» қазақ авторларының шет елдерде шыққан Қазақстан туралы басылымдары, (жылына бір рет басылып шығарылады), Мерзімді және жалғасты басылымдар (жылына бір рет басылып шығарылады, Рецензиялар жинағы (жылына бір рет басылып шығарылады), Статистикалық деректер және анықтамалық баяндамалар, (жылына бір рет басылып шығарылады), Кітап шежіресі (ай сайын басып шығарылады), Газет мақалаларының шежіресі (ай сайын басып шығарылады), Журнал мақалаларының шежіресі (ай сайын басып шығарылады).
«Құқықтық, әдістемелік-редакциялық баспа»
бөлімінің негізгі міндеті
Білікті дәрежеде баспа ісінің маңызды қызметін атқара отырып, қоғамның ақпараттық қажеттілігін қамтамассыз ету болып табылады.