«Мемлекеттік библиография» бөлімі
«Мемлекеттік библиография» бөлімі 1968 жылы құрылған. Бөлімнің негізгі міндеті – Кітап палатасының “Қабылдау және бақылау” мен “Статистика” бөлімдеріне келіп түскен республика бойынша шыққан кітаптар, кітапшалар, бейнелеу өнері басылымдары, карталар, күнтізбелер мен альбомдарды қабылдап, нұсқаулық бойынша библиографиялық сипаттамасын жазып, ондық және кітапханалық-библиографиялық жіктеуін қойып, макетін құрастырып, 1938 ж. ай сайын “Баспасөз шежіресі”, 2008 жылдан бастап “Кітап шежіресі”, жылына 1 рет “Бейнелеу өнері басылымдары. Картография. Ноталар шежіресі” (1961 ж. Бейнелеу өнері, 2000 ж. Картография, 1955ж. Ноталар шежіресі) атты библиографиялық көрсеткіштер шығарады. Халықаралық, еларалық, республикалық, қалалық, салалық, қоғамдық, облыстық газеттер мен журналдарды қабылдап, осы баспасөз өнімдерінен мақалаларды іріктеп алып, қысқаша мазмұнын ашып, аналитикалық сипаттама жазып, әмбебап ондық жіктеумен ғылымның әр саласы бойынша жіктеп,макетін құрастырып, 1957 ж. бастап ай сайын “Газет мақалаларының шежіресі”, 1938ж. бастап ай сайын “Журнал мақалаларының шежіресі” және газет-журналдарда шыққан рецензияларды толықтырып жылына 1рет 1957 ж. “Рецензиялар шежіресі” атты библиографиялық көрсеткіштер шығарады.
Мемлекеттік библиография бөлімі баспа өнімдеріне библиографиялық және аналитикалық сипаттама жазу, өңдеу процессі кезінде мемлекетаралық стандарттарды – «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі туралы стандарттар жүйесін»(СИБИД):
- ҚР СТ 2383-2013 «Басылым. Шығу мәліметтері. Жалпы талаптары мен рәсімдеу ережелері" ұлттық стандарты
- Халықаралық стандарттарының негізінде дайындалған қосымша “Баспа шығармаларына библиографиялық сипаттама жазу кезінде қолданылатын қазақ тіліндегі сөздер мен сөз тіркестерінің қысқартылуы және пайдалану тәртібі» ережесі
- ГОСТ 7.34-81. «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі туралы стандарттар жүйесі»
- ГОСТ 7.1-2003. «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы тәртібі және библиографиялық жазылу ережесі»
- ГОСТ 7.12-93. «Библиографиялық жазба. Орыс тіліндегі қысқарған сөздер. Жалпы тәртібі және ережесі»
- ГОСТ 60-2003 «Басылым. Негізгі түрлері. Терминдер мен анықтамалар»
- ГОСТ 7.61-96 «Басылым. Мемлекеттік (Ұлттық) библиографиялық көрсеткіштер. Жалпы тәртібі және жазылу ережесі»
- ГОСТ 7.80-2000. «Библиографиялық жазба. Тақырып. Жалпы тәртібі және жазылу ережесі») сонымен бірге,
- Осы ГОСТ-дың негізінде жасалған кітап, газет, журналдардың библиографиялық жазбасын құрастырудың Нұсқаулары пайдаланылады.
Библиографиялық көрсеткіштердің атаулары:
- «Кітап шежіресі» айына 1 рет;
- «Журнал мақалаларының шежіресі» айына 1 рет;
- «Газет мақалаларының шежіресі» айына 1 рет;
- «Бейнелеу өнері, картография және ноталар шежіресі» жылына 1 рет;
- «Рецензиялар» шежіресі жылына 1 рет шығарылады.