- Қазақстан Республикасының Баспасөз Мұрағатын құру және оның сақталуын қамтамасыз ету;
- Республикалық мемлекеттік библиографияның ғылыми орталығын құру;
- Ұлттық Кітап палатасына келіп түсетін ҚР-да шығатын барлық баспасөз өнімдерін есепке алу, библиографиялық өңдеуден өткізу;
- Баспасөз өнімдері міндетті даналарының уақтылы келіп түсуін қадағалау;
- Кітаптар (ISBN), сериялық басылымдар (ISSN), ноталық басылымдарды (ISMN) халықаралық стандартпен нөмірлеу (ISBN) қызметін атқару, штрих-кодтар, ӘОК, КБЖ беру;
- Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік мекемелер, кітапханаларды және тұрғындарды библиографиялық ақпарат, шежірелер мен анықтамалықтармен қамтамасыз ету;
- Орталықтандырылған каталогтендіру.