Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ресей Мемлекеттік өнер кітапханасымен бірлесіп, «XVIII XIX ғасырлардағы сурет өнерінде Ресей халықтарының костюмі», «Костюм – халықтың жаны. Ресей Мемлекеттік өнер кітапханасының қорынан XVIII - XIX ғасырлардың графикасы» көшпелі көрмесінің салтанатты тұсаукесерін өтткізді.
Көрме аясында «Кітапхана ұлттық өнерге көмектеседі» атты дәріс өткізілді. Дәрісті әдебиетші, библиограф, кітаптанушы, РФ еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, филология ғылымдарарының кандидаты, Ресей Мемлекеттік өнер кітапханасының директоры Ада Колганова жүргізді. Көрме барысында «Костюм халық жаны» экспозициясына бірнеше шебердің жұмыстары таңдалғанын айтты. Олардың арасында нидерландық суретші және жазушы Корнилия Де Бруиннің жұмысы да бар. Ол Мәскеуге және Ресейдің басқа да аймақтарында оны қызықтырған барлық нәрселерді суреттеуге мүмкіндік алған алғашқы шетелдік болды. Көрмеде атақты этнограф, натуралист және суретші Иоганн-Готлиб Георгидің гравюралары берілді. Орыс суретші-графиктердің ішінде ерекше орын алған тарихи сурет өнерінің академигі Емельян Михайлович Корнеев, ол өзінің акварелді типаж костюм суреттері мен тұрмыстық көріністердің топтамасын Париж қаласында 1812 жылы жариялаған. Көрмеде тағы да басқа атақты суретшілердің жұмыстары көрсетілді.
Ресей Мемлекеттік өнер кітапханасының директоры А. Колганова мен ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. Оспанова өзара ықпалдастық меморандуымына қол қойды.
Мақсатқызы Индира