Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

17:09
Ассоциацияға жаңа Президент сайланды
12:54
Кітап палатасына «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді» іріктеу міндеті жүктелді
08:35
Асанәлі ӘШІМОВ: Қазіргі актерлер күндіз той басқарып, кешке «Абайды» ойнайды
elskluziv
11:56
Ақтоты Райымқұлова Кітап палатасының директорын қабылдады
19:52
Әділбек Қаба Кітап палатасының ұжымымен кездесті
22:13
Абайдың отыз бірінші қара сөзі
20:41
Тіл саясаты комитетінің төрағасы тағайындалды
16:17
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
22:12
Абайдың отызыншы қара сөзі
18:08
Конституция күні – Тәуелсіз Қазақстанның ең ұлық мерекесі
09:55
Конституция – халық қазынасы
22:05
Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі
10:12
Байқау! Байқау! Байқау!
08:43
Абай күні – қадірлі мереке
22:02
Абайдың жиырма сегізінші қара сөзі
10:35
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына – 83 жыл
14:41
13-шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні
22:00
Абайдың жиырма жетінші қара сөзі
20:03
Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ: ҚАЗАҚ ӨЗ БИІГІНЕ ҚАЙТА ШЫҒУЫ КЕРЕК
20:30
Ақтоты Рахметоллақызы халық алдында есеп берді: қандай жоспарлар жүзеге асты?
14:52
Абайдың жиырма алтыншы қара сөзі
12:03
ҚР «Мемлекеттік рәміздерінің күні»
11:26
«Мемлекеттік рәміздер күні» – құрметті мереке
14:49
Абайдың жиырма бесінші қара сөзі
11:18
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: "ТАРИХТЫ ТҮЗЕМЕЙ ӘДЕБИЕТТЕ АҚИҚАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚИЫН"
09:55
Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін құттықтады
10:31
Тұлғалардың тырнақалды кітаптары жарық көрді
elskluziv
14:47
Абайдың жиырма төртінші қара сөзі
16:00
ISBN нөмірін тегін алыңыз
08:48
Ұлы Жеңіске 75 жыл
elskluziv
13:19
Абайдың жиырма үшінші қара сөзі
13:22
Кітап – адамзаттың асыл діңгегі
elskluziv
19:53
#Бізбіргеміз: Иманғали Тасмағамбетов
19:45
#Бізбіргеміз: Жақсыкелді Кемалов
15:09
#Бізбіргеміз: Дулыға Ақмолда
19:39
Абайдың жиырма екінші қара сөзі
09:48
#Бізбіргеміз: Светқали Нұржан
Kop jañalyqtar
» » «Рухани қазына – 2018» фестивалінің ҚР «Үздік музей» номинациясының  иегері - «Ілияс Есенберлиннің әдеби музейі»

«Рухани қазына – 2018» фестивалінің ҚР «Үздік музей» номинациясының  иегері - «Ілияс Есенберлиннің әдеби музейі»

Министрлік жаңалықтары
864
0


 

  • Елбасының «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласы елдің өркендеуіне зор серпін береді. Ерекше бір рухани серпіліспен басталған бағдарлама аясында еліміздің барлық өңірлерінде нәтижелі жұмыстар атқарылғаны өзіңізге белгігі. Сіздің (ұжымның) «Рухани жаңғыру» бағдарламасына қосқан үлесіңіз қандай?

 

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бұл мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат деп білеміз.

Ілияс Есенберлиннің әдеби музейі бүгінгі күні «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарып жатыр. Айтар болсақ, мемлекеттік және ұлттық  мерекелер, ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлерді жаңғыртып дәріптеу бойынша жұмыстар жүйелі жүргізіліп келеді.  Наурыз мейрамына орай музей қызметкерлері «Қош келдің, әз Наурызым!» атты үлкен мереке дайындап өткізді. Мереке барысында «Тіл ашар», «Сәлем салу», «Қалжа»  сынды салт-дәстүріміздегі  әдет-ғұрыптар көпке насихатталып көрсетілді.

  Бұған қоса, музей ұжымы 1 мамыр мерекесі қарсаныңда «Бір шаңырақ астында» атты іс-шара өткізді. Шараға 100 ден астам адам қатысты, олар мектеп оқушылары, ұстаздар және ата-аналар. Іс-шара барысында қатысушылар әр түрлі ұлттың салт дәстүрінен  театрландырылған көріністер  көрсетті. Мереке соңында барлық қатысушылар «Рухани жаңғыру» әнін шырқады. Сондай-ақ, осы бағдарлама аясында көптеген көрмелер  ұйымдастырылып келушілерге дәрістер оқылды.

Музей қызметкерлерінің жетістіктерін айтатын болсақ , 2017 жылы  Құралай Жақыпова  Ақмола облысының «Ең үздік эксурсовод» сайысына қатысып бас жүлдеге ие болды.2018 жылдың қантар айында музей директоры Ұлболсын Комбатурова Түркия елінің астанасы Анкарада өткен  тәжірибе алмасу  жұмысына   қатысты.

 

  • Тұңғыш Президент айқындап берген мәселелер төңірегінде бүгінгі таңда Сіз (сіздің ұжымда) қандай жұмыстар жасалып жатыр. Алдағы жоспарларыңыз туралы да айта кетсеңіз...

Алға қойылған жоспарлар өте көп.Биыл желтоқсан айында  Ілияс Есенберлиннің әдеби музейіне 20 жыл толады. Осыған орай көптеген іс-шаралар өткізу  жоспарда бар. Бұған қоса, біздің музей қызметкерлерінің ұйымдастыруымен  «Жазушы. Тұлға. Адам» атты ғылыми жоба да жалғасын табады.

Алдағы 2020 жылы І.Есенберлиннің 105-жылдығына орай жазушының өлең жинағын жарыққа шығару туралы ойда  бар. Бүгінгі күні жазушының өлеңдері зерттеліп, ноталары жинақталуда.

 

  • Фестиваль аясында еліміздің өңірлерінің мәдениет саласының ұйымдары (музейлер, кітапханалар, мәдениет үйлері мен клубтар) мен олардың қызметкерлерінің арасында «Рухани қазына» Республикалық байқауы алғаш рет өткізілді. Солардың арасында топ жарып жеңіске жетуіңіздің кілті неде? Қандай жұмысыңызбен (ерекшелігіңізбен) көзге түстіңіз?

 

Ілияс Есенберлиннің 100 жылдығына орай музей күрделі жөндеуден өтті. Қазір музей заман талабына  сәйкес жаңарған.  Республика бойынша топ жарып жеңіске жетуіміздің кілті де осында дер едім.Біздің музей  жұмыс форматын  жиі жаңартып отырады. Мемлекеттік бағдарламаларды   жүзеге асыру үшін көптеген жаңа жобалар енгізіліп, іс-шаралар жоғары деңгейде өткізіледі. Бұған қоса, біздің  ұжым  І.Есенберлин  отбасының қолдауымен  музей  қорын  үнемі толықтырып  отыруды дәстүрге айналдырған.

 

  • «Рухани қазына -2018» Республикалық байқауы Сізге, ұжымға не берді?

 

«Рухани қазына-2018» республикалық сайысы біздің ұжымға  одан әрі жұмыс істеуге жаңаша серпін,  үлкен ынталандыру берді. Алдағы уақытта  біздің ұжым  басқа да конкурстарға қатысуға  дайын екенін жеткізгім келеді. Біздің еңбегіміз лайықты бағаланатынына қуаныштымыз, біз өз музейімізді және өз жерлестеріміз, Ұлы даланың жазушысы Ілияс Есенберлинді әрдайым мақтан тұтамыз. Осы сайыстың арқасында республикамыздағы өзге   музейлердің қызметкерлерімен таныстығымызды арттырдық. Қазір өзара тәжірибе алмасудамыз.  «Рухани қазына-2018» байқауының  тағы бір жетістігі, бүгінде   ел аумағында тұлғалық музейлер қауымдастығы құрылғанын ерекше айтуға болады.  Біздің музей сол қауымдастықтың мүшесі болдық. Бұл көңілге қуаныш сыйлайды.  Жақында Алматыдағы  орталық  музейде тұлғалық музейлер қауымдастығы үлкен іс-шара өткізеді. Қазір біздің музей сол шараға  қызу дайындық үстінде.

 

Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: