Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Біз туралы / Кітап палатасының басылымдары
Кітап палатасының басылымдары
БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ, КАРТОГРАФИЯ ЖӘНЕ НОТАЛАР ШЕЖІРЕСІ Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіш 2008 жылдан бастап жылына екі рет шығады. Көрсеткішке республикада шыққан бейнелеу өнері, карталар және кітаптар мен газет-журналдарда жарияланған ноталар енгізіледі.

РЕЦЕНЗИЯЛАР ШЕЖІРЕСІ

Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіш 1992 жылдан бастап жылына бір рет шығады. Көрсеткішке мерзімді басылымдарда жарияланған рецензиялар енгізіледі.

ҚАЗАҚСТАНТАНУ

Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіш 1967 жылдан бастап тоқсан сайын шығады. Көрсеткішке ҚР экономикасы, саясаты мен тарихына, мәдени өміріне байланысты ТМД елдері мен шетелдер баспасөзінде жарияланған әдеби шығармалар мен мақалалар және Қазақстан авторларының сол елдерде жарияланған еңбектерінің аудармалары енгізіледі.

Мерзімді және жалғаспалы басылымдар шежіресі

Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіш 2002 жылдан бастап жыл сайын шығады. Көрсеткішке республика көлемінде шығатын барлық мерзімді басылымдар: журнал, бюллетень, ғылыми еңбек, республикалық, облыстық, аймақтық, қалалық, аудандық, көптаралымды газеттер енгізіледі.

ЖУРНАЛ  МАҚАЛАЛАРЫНЫҢ ШЕЖІРЕСІ

Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіш 1938 жылдан бастап ай сайын шығады. Көрсеткішке республикада шығатын қоғамдық, саяси, әдеби-көркем, ғылыми-көпшілік, оқу-әдістемелік және балаларға арналған журналдардан іріктеліп алынған мақалалар мен көркем әдебиет туындылары туралы мәліметтер енгізіледі.

ГАЗЕТ   МАҚАЛАЛАРЫНЫҢ  ШЕЖІРЕСІ

Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіш 1957 жылдан бастап ай сайын шығады. Көрсеткішке республикамыздың ішкі, сыртқы саясаты, эконо­микасы мен тарихы, әдебиеті мен мәдениеті, өнері, спорты, техника мен медицина, т.б. салаларына қатысты халықаралық, республикалық, қалалық, облыстық газеттерде жарияланған мақалалар енгізіледі.

Қазақстан  Республикасының  Кітап  Жылнамасы

Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіш 1971 жылдан бері жылына бір рет шығады. Көрсеткішке Қазақстан Республикасында барлық сала бойынша шыққан кітаптар мен кітапшалар енгізіледі.
 

КІТАП ШЕЖІРЕСІ

Мемлекеттік библиографиялық көрсеткіш 1938  жылдан бастап ай сайын шығады. Республикамыздағы баспалардан және өзге шағын кәсіпорындардан шыққан кітаптар, кітапшалар, жалғаспалы (ғылыми еңбектер, жинақтар, т.б.) басылымдар енгізіледі..

Статистикалық жинақ

Статистикалық жинақта кітаптар мен кітапшалардың тақырыптық бөлімдері, мақсаты, қай тілде шығарылғаны, жанры, шығарған баспа, баспа ұйымдары туралы және т.б. мәліметтер келтіріледі. Статистикалық жинақта баспа өнімдерінің басқа түрлері – ноталық, картографиялық және бейнелеу өнері басылымдары, мерзімді және жалғаспалы басылымдар туралы да ақпараттар қамтылады.

Статистикалық жинағы республикамыздың баспа қызметін жан-жақты сипаттайтын «Мерзімді, мерзімсіз емес, жалғаспалы басылымдарды шығарудың статистикалық есебі. Негізгі ережелер» СИБИД 7.81–2001 ГОСТ-на сәйкес негізгі сапалық көрсеткіштерді де қамтиды.

 

 

Кітаптарды іріктеу -2022
"Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасы
ISBN
ISBN нөмерін алу
Қазақстан жазушылары сайттары
Қазақстан Республикасы жазушылары
Ұлттық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Ұлттық академиялық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Қазақ әдебиеті газеті
Қазақ әдебиеті газетінің сайты
Егемен Қазақстан
Егемен Қазақстан газеті
Ана тілі
Ана тілі газеті
Балдырған
"Балдырған" журналы
Мөлдір Бұлақ
"Мөлдір Бұлақ" журналы
"Мектеп" баспасы
"Мектеп" баспасы
«Атамұра» баспасы
«Атамұра» баспасы
«Алматыкітап» баспасы
«Алматыкітап» баспасы
Bairaq.kz
"Bairaq.kz" Интернет ресурсы
8 (727) 397-61-30
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76, үй
© 2021 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы