Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / Бөлімдер / Ретроспективті библиография және Қазақстантану
Ретроспективтік библиография және Қазақстантану

«Қазақстантану» бөлімі 1973 жылы құрылған, бөлімнің негізгі міндеттері:

 Қазақстан Республикасы туралы алыс және жақын шетелдерде басылып шығатын, республиканың саяси, экономикалық және мәдени өмірі, Қазақстандық жазушылардың шығармалары, сонымен қатар Қазақстандағы және басқа да аймақтардың жалпы мәселелері жайлы баяндайтын кітап, бейнелеу өнері, нота басылымдары, автореферат диссертациялары, сондай-ақ жинақтарда, журналдарда және газеттерде басылып шыққан мақалалар туралы оқырмандарға ақпарат беретін, тоқсан сайын шығатын «Казахстаника» библиографиялық көрсеткішін шығару.

Көрсеткіш құрастыру негізі  Кітап палатасына қабылданған мемле­кет­­тік тіркеуден және статистикалық есептен өткен міндетті даналар, сонымен бірге шетелде шыққан Қазақстан авторларының кітаптары, газеттер мен журналдардағы мақалаларды өңдеу  және библиографиялық сипаттама жазу болып табылады 

ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының ақпараттық ынтымақтастық туралы келісім шартына сәйкес, ТМД Кітап палаталарының жіберген карточкалары, Алматы қ. республикалық кітапханаларында әдебиеттерді қарап шығу кезінде іріктелініп алынған материалдар, сонымен бірге Ресей Кітап палатасының библиографиялық көрсеткіштерін, КазНИИНТИ шығаратын рефераттық журналдарын,  және басқа да дерек көздерін пайдалану көрсеткіштің негізгі ақпарат көзі болып табылады.

«Ретроспективтік библиография» бөлімінің негізгі қызметі:

 Ретроспективтік библиография – әлемдік библиографиялық тәжіри­бесінде қолданылатын  ұғым, өткен  жылдарда басылып шыққан әдебиет­терді бір көрсеткішке жинап топтастыру.

Ретроспективтік  библиография  мемлекеттік библиографияның бір бөлігі болып саналады.

Өткен белгілі бір уақыттағы баспа өнімдерінің ретроспективтік библиографиялық көрсеткіштерін шығару:

«Қазақстан Республикасының кітаптар жылнамасы»;

 «Қазақстан Республикасының журналдары: жинақталған библиогра­фиялық көрсеткіш»;

«Журнал мақалаларының шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Қазақстан Республикасының газеттері: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Газет мақалаларының шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Қазақстан Республикасының баспасөзі: статистикалық жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Казахстаника көрсеткіші: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Мәтіндер шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»; «Рецензиялар шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Нота басылымдарының шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Бейнелеу өнерінің шежіресі: жинақталған библиографиялық көрсеткіш»;

«Диссертациялардың авторефераты: жинақталған библиографиялық көрсеткіш».  

Осы библиографиялық көрсеткіштерді дайындау үшін келесі жұмыстар жүзеге асырылады:

  • сала бойынша (УДК, ББК сәйкес) жүйелейді және жіктейді. Қосымша көрсеткіштерді (атаулы, тақырыптық) құрастырады;
  • алфавит бойынша жіктеп, компьютерде мәтіндерді теріп, сонымен қатар толық құрастырылған көрсеткіштің оқылымын дайындайды.

 «Ретроспективтік библиография және Қазақстантану» бөлімі баспа өнімдеріне библиографиялық және аналитикалық сипаттама жазу, өңдеу процессі кезінде мемлекетаралық стандарттарды – «Ақпарат, кітапхана және баспа ісі туралы стандарттар жүйесі» (СИБИД) қолданады:

ҚР СТ 2383-2013 «Басылым. Шығу мәліметтері. Жалпы талаптары және рәсімдеу ережелері»

ҚР СТ 994-2012 «Басылым халықаралық стандартты кітап нөмірі (ISBN) Баспалық рәсімделуі және қолданылуы».

ГОСТ 7.1-2003  «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы тәртібі және библиографиялық жазылу ережесі»

ГОСТ 7.61-96 «Басылым. Мемлекеттік (ұлттық) библиографиялық көрсеткіштер. Жалпы тәртібі және жазылу ережесі»

ГОСТ 7.60-2003 «Басылым. Негізгі түрлері. Терминдер мен анықтамалар»

ГОСТ 7.80 2000 «Библиографиялық жазба. Тақырып»

Кітаптарды іріктеу -2022
"Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасы
ISBN
ISBN нөмерін алу
Қазақстан жазушылары сайттары
Қазақстан Республикасы жазушылары
Ұлттық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Ұлттық академиялық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Қазақ әдебиеті газеті
Қазақ әдебиеті газетінің сайты
Егемен Қазақстан
Егемен Қазақстан газеті
Ана тілі
Ана тілі газеті
Балдырған
"Балдырған" журналы
Мөлдір Бұлақ
"Мөлдір Бұлақ" журналы
"Мектеп" баспасы
"Мектеп" баспасы
«Атамұра» баспасы
«Атамұра» баспасы
«Алматыкітап» баспасы
«Алматыкітап» баспасы
Bairaq.kz
"Bairaq.kz" Интернет ресурсы
8 (727) 397-61-30
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76, үй
© 2021 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы