Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы
Басты бет / АЙБОЗ / «АЙБОЗ» ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
«АЙБОЗ» ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

«АЙБОЗ» ұлттық әдеби сыйлығы (бұдан әрі – Сыйлық) – мемлекет тарапынан қаламгерлер мен баспагерлерге қолдау көрсету және ынталандыру мақсатымен ұйымдастырылған сыйлық. Сыйлықтың алты номинация бойынша барлық қазақстандық авторлар (Қазақстан Республикасының азаматы болуы шарт) қатыса алады. Ал «Үздік кітап дизайны» номинациясына Қазақстан Республикасының территориясында тіркелген баспа мекемелері соңғы үш жылда жарық көрген кітаптарын ұсына алады.

  1. Мақсаты. Қаламгерлер мен баспагерлерге мемлекет тарапынан жан-жақты қолдау көрсету. Қазақ әдебиетінің тұғырын нықтап, жаңа биіктерге көтерілуіне жағдай жасау. Қаламгерлердің еңбегін насихаттап, бағыт беру және олардың шығармашылық жұмыстарының жарық көруіне ықпал ету.
  2. Басты талабы. Ұлттық сыйлыққа ұсынылатын шығармалар заманауи қазақ әдебиетін қалыптастыру идеясына негізделуі, сондай-ақ, қоғам үшін өзекті мәселелерді қамтуға тиіс. Шығармаларға қойылатын техникалық шарттар ұлттық сыйлықтың жалпы ережелерінде көрсетілген.
  3. Номинациялар:

«Үздік проза». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын шығармалар (роман, повесть, әңгіме, хикаят, әдеби эссе) қабылданады.

Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге (1 632,3 АЕК)

 

«Үздік поэзия». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 100 беттен аспайтын шығармалар (поэма, дастан, жыр, өлең, өлеңдер топтамасы) қабылданады.

Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге (1 632,3 АЕК)

 

«Үздік драматургия». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 100 беттен аспайтын шығармалар (пьеса) қабылданады.

Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге (1 632,3 АЕК)

 

«Үздік әдеби аударма». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын аударма еңбектері қабылданады.

Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге (1 632,3 АЕК)

Ескерту: Аударма еңбектің авторлық құқық иесімен (автормен, автордың заңды мұрагерімен, авторлық құқық иеленуші баспа мекемесімен) келісім-шарттың болуы міндетті.

 

«Үздік балалар әдебиеті»

Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 200 беттен аспайтын шығармалар (балаларға арналған әдеби еңбектер) қабылданады.

Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге (1 632,3 АЕК)

 

«Үздік комикс». Бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, А4 форматындағы 50 беттен аспайтын комикстер қабылданады.

Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге (1 632,3 АЕК)

 

«Үздік кітап дизайны». Соңғы 3 (үш) жыл көлемінде Қазақстан Республикасының көлемінде таралыммен басылған кітаптар қабылданады. Сыйлық қорытындысын шығарарда кітаптардың дизайнерлік безендіру ұтымдылығына, иллюстрациялық безендірілуіне, қағаз сапасына баса назар аударылады. Ұлттық сыйлыққа қатысу үшін кітаптың 4 данасы келесі мекен-жайға жеткізілуі керек: Алматы қ., Пушкин к-сі, 2 үй, 8 қабат, 816 кеңсе.

Сыйақы мөлшері – 5 000 000 теңге (1 632,3 АЕК)

 

  1. Күтілетін нәтижесі. Сыйлық жеті номинация бойынша беріледі. Сыйлық талаптарында «бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған шығармалар» қабылданатыны туралы шарт болғандықтан, қазақ әдебиетіне 6 жанр бойынша жаңа еңбектер қосылып, ұлтымыздың әдеби мұрасын молая түседі, сол арқылы отандық әдебиетке тың серпін береді. Оған қоса авторлардың арасында да, баспагерлердің арасныда да салалық бәсекелестік пайда болып, соның нәтижесінде оқырманға өзекті, қызықты әрі заманауи талаптарға сай безендірілген жаңа туындылар жол тартады.

 

Ұсыну мерзімі мен шарттары: Ұсынылатын еңбектерді 2022 жылғы 15 маусым – 1 қазан аралығында aiboz@kitap-palatasy.kz электронды мекенжайына жіберу қажет. Әдеби сыйлық жыл соңында табысталады.

АЙБОЗ
ҰЛТТЫҚ ӘДЕБИ СЫЙЛЫҒЫ
BOOKFUND.KZ
Кітаптардың ақпараттық-анықтамалық жүйесі
Кітаптарды іріктеу -2023
"Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату" мемлекеттік бағдарламасы
ISBN
ISBN нөмерін алу
Қазақстан жазушылары сайттары
Қазақстан Республикасы жазушылары
Ұлттық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы
Ұлттық академиялық кітапхана
Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасы
Қазақ әдебиеті газеті
Қазақ әдебиеті газетінің сайты
Егемен Қазақстан
Егемен Қазақстан газеті
Ана тілі
Ана тілі газеті
Балдырған
"Балдырған" журналы
Мөлдір Бұлақ
"Мөлдір Бұлақ" журналы
"Мектеп" баспасы
"Мектеп" баспасы
«Атамұра» баспасы
«Атамұра» баспасы
«Алматыкітап» баспасы
«Алматыкітап» баспасы
Bairaq.kz
"Bairaq.kz" Интернет ресурсы
8 (727) 397-61-15
Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі, 2/76, үй
© 2022 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы