Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

20:03
Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ: ҚАЗАҚ ӨЗ БИІГІНЕ ҚАЙТА ШЫҒУЫ КЕРЕК
20:30
Ақтоты Рахметоллақызы халық алдында есеп берді: қандай жоспарлар жүзеге асты?
12:03
ҚР «Мемлекеттік рәміздерінің күні»
11:26
«Мемлекеттік рәміздер күні» – құрметті мереке
11:18
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: "ТАРИХТЫ ТҮЗЕМЕЙ ӘДЕБИЕТТЕ АҚИҚАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚИЫН"
09:55
Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін құттықтады
10:31
Тұлғалардың тырнақалды кітаптары жарық көрді
elskluziv
16:00
ISBN нөмірін тегін алыңыз
08:48
Ұлы Жеңіске 75 жыл
elskluziv
13:19
Абайдың жиырма үшінші қара сөзі
13:22
Кітап – адамзаттың асыл діңгегі
elskluziv
19:53
#Бізбіргеміз: Иманғали Тасмағамбетов
19:45
#Бізбіргеміз: Жақсыкелді Кемалов
15:09
#Бізбіргеміз: Дулыға Ақмолда
19:39
Абайдың жиырма екінші қара сөзі
09:48
#Бізбіргеміз: Светқали Нұржан
21:58
#Бізбіргеміз: Сұраған Рахметұлы
17:48
#Бізбіргеміз: Мұрат Шаймаран
15:35
Абайдың жиырма бірінші қара сөзі
00:33
#Бізбіргеміз: Сәуле Жанпейісова
00:27
#Бізбіргеміз: Нұркен Өтеуіл
00:22
#Бізбіргеміз: К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы
00:20
Абайдың жиырмасыншы қара сөзі
00:18
#Бізбіргеміз: Дәулеткерей Кәпұлы
00:12
#Бізбіргеміз: Ғалым Жайлыбай
20:30
Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
19:30
Абайдың он тоғызыншы қара сөзі
16:52
«Сіз үшін жыр оқыдым, ғазиз жұртым...» эстафетасы басталды
elskluziv
19:29
Абайдың он сегізінші қара сөзі
15:23
Конкурентоспособность ведущего вуза страны
19:28
Абайдың он жетінші қара сөзі
17:25
Мұқым елдің мүддесі – бірлік
17:19
Абайдың он алтыншы қара сөзі
15:04
Абай-175: Мұхтар Әуезовтың "Абай ақындығының айналасы" мақаласы
elskluziv
19:24
Абайдың он бесінші қара сөзі
14:33
День студенческой науки в КазНУ имени аль-Фараби
15:16
Абайдың он төртінші қара сөзі
Kop jañalyqtar
» » РУХАНИ СІЛКІНІСКЕ ҮНДЕГЕН ҚҰЖАТ (Айқын газетінде жарияланған)

РУХАНИ СІЛКІНІСКЕ ҮНДЕГЕН ҚҰЖАТ (Айқын газетінде жарияланған)

Жаңалықтар
1 297
15

 

   – Әдетте, Елбасының әрбір айтқан сөзінен, мақалалары мен бағдарла­маларынан әркім өзіне керегін, жанына жақын жаңалықтарын іздейді. Бұл жолғы халқымыздың рухани жаңғыруына байланысты Президент мақаласы зиялы қауым үшін көктеммен бірге келген жылымық шуақтай әсер етті. Шын мәнінде тұтастай қоғамдық санаға үлкен қозғау салды. Әрине, егемен еліміздің, тәуелсіз мемлекетіміздің ширек ғасыр ғұмырында халқымыздың рухани түлеуіне бағытталған құжаттар бұрын да болған. Аға буын өкілі ретінде, көп жыл бойы мемлекеттік қызметтің көрігінде қайнаған адам ретінде мен де оларға куәмін. Солардың ең бастысы – тәуелсіздіктің таңында (турасында 1992 жылдың тамызында) елімізде шығатын барлық әдеби, ғылыми, балаларға арналған, көпшілік, т.б. кітаптардың, баспа өнімдерінің баршасына мемлекет тарапынан қаражат бөлу туралы Президенттің жарлығы. Бұл маңызы зор оқиғаны біреу біледі, біреу білмейді, көпшілігі ұмытты. Айтайын дегенім, дәл сол кез ғана емес, кейінгі дәуірде де ТМД-ның бірде бір елінде мұндай жағдай болған жоқ. Сол жарлықтың арқасында Қазақстандағы кітап шығару ісі нарықтың жетегінде құрып кетпей, аман сақталып қалды. Күні бүгінге дейін жыл сайын кітап шығару ісіне миллиондаған теңге қаражат бөлінумен келеді. Өз басым дәл осы жарлықты ел руханиятын сақтап қалудың алғашқы әрекеті деп білем. Содан кейін, репрессия мен қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы, төл тарихымызды түгендеген жыл, мәдениетімізді қолдаған жылдар болды. Осы жылдары бәрінің жауапты хатшысы едім, сондықтан не жасалғаны, нендей өзгеріс болғаны, неге қол жеткізгеніміз – бәрі көз алдымызда… Қуғын-сүргіннің құрбаны болған арыстарымызды ұлықтап, оларды ұрпақтың мәңгі естерінде қалатындай көптеген шара жасалды. Кеңестік санадан тазартып, тарих оқулықтарын қайта жазуға пәрмен берілді. Мәдениетті қолдау жылында тәуелсіздіктің аласапыран алғашқы кезеңінде қолды боп кеткен жер-жердегі Мәдениет үйлерін бір-бірлеп, санап отырып халыққа қайтару жұмыстары жүргізілді. Сол жылдары жабылып қалған, шашылып кеткен кітапханаларды қалпына келтіру шаралары жүзеге асты. Президенттің тікелей идеясымен бастау алған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы ел өміріндегі мәңгі ұмытылмас жарқын бет болды. Он жылға таяу созылған бұл бағдарламаның арқасында жоғымызды тауып, барамызды бағалай алдық. Қирап жатқан тарихи мұраларымызды қалпына келтіріп, қазақтың тарихы мен мәдениетіне қатысты құжаттарды төрткүл дүниенің төрт бұрышынан жинастырдық. Әлемдік ақыл-ойдың озық үлгілерін қазақ тіліне аударып, бұрқыратып том-том кітаптар шығардық. Кеңес заманында тыйым салынған, архивтерде шаң басып жатқан рухани мұраларымызды көтеріп, халыққа жеткіздік. Бағдар­лама­ның қалай жүріп жатқанын жіті қадағалап, Президент жыл сайын өзі жиналыс жасап, мамандардан есеп алып отырды. Жалпы, осы бағдарламаның қазақ халқы үшін маңызына әлі өз дәрежесінде тиісті баға берілген жоқ-ау деген ойдамын. Осыдан соң, артынша «Халық – тарих толқынында» бағдарламасы «Мәдени мұрада» басталған үрдістерді лайықты жалғастырып кетті. Енді, мінеки, халқымыздың қайта түлеуінің үшінші кезеңі – рухани жаңғырудың куәсі болудамыз. Елбасы өзі айтқандай, бұл жаңғыруда бұған дейінгі шаруаның бәрінен де ауқымды және іргелі жұмыстарды бастамақпыз. Осы мақалада зиялы ағайынның көңілінен шыққан қуанышты жаңалық – еліміздің латын әліпбиіне көшуі дер едік. Ол жайында бұрын да айтылып жүргенімен, Президент осы жолы атқарушы биліктің алдына нақты міндеттер қойып отыр. Рас, кеңестік бодандық санадан құлан-таза арылайық десек, Қазақстанның бірегейлігін сақтайық десек, жалпы түрік текті ағайындармен тұтастыққа ұмтылайық десек, әлемдік қауымдастықпен ортақ әліпбиде қарым-қатынас жасайық десек – латын қарпі аса қажет. Оның басты себебі мынада… Латын әліпбиіне әлдеқашан көшкен туыстас елдер баршылық. Олардың жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін саралап, сүзгіден өткізіп, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндігіміз бар. Елбасы бұл күрделі мәселені халқына асықпай, ойланып барып ұсынуында да пайымды парасат, үлкен көрегендік жатыр деп білем. Дәл қазір бұл мәселе пісіп жетілді. Әрине, қиындықтар болады, ол бет­бұрысты өзгерістерде кездесетін қалыпты жағдай. Бірақ, солай екен деп, қиындықтан қашудың қажеті жоқ. Ел тәуелсіздігінің баяндылығы мен ұрпақ болашағы үшін сол қадамға жалтақсыз баруға тиіспіз. Ең бастысы, алдымызда ағайын елдердің үлгісі бар, қалай болғанда да, біз ұтымды жағындамыз. Бүгін Елбасымыз әсіресе еркін, ойлы ел зиялысына рухани жаңғыруға шақырған маңызы зор, бағдарламалық тұрпатқа ие құжат ұсынып отыр. Бұл – құжат жоғары руханиятты мемлекет қалыптастырудың қадамы, тарихи тамаша мүмкіндік! Ендеше осы мүмкіндікті жіберіп алмай, бойымыздағы күш-жігерімізді салып, қабілет-қуатымызды жұмсай отырып, әрбіріміз іштей түлеп, жаңаша іске кіріскеніміз жөн.

Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

15 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: