Қаз | Рус | Eng
Алматы C

Соңғы жаңалықтар

10:06
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына шығармалар қабылданады
elskluziv
qujat
10:00
Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов өмірден озды
11:27
Adaldyq alańy өкілі Кітап палатасы басшылығымен кездесті
10:56
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі
18:28
Дәстүрлер жаңғырған күн
elskluziv
15:19
Ләңгі теуіп, асық ойнап тұрайық!
elskluziv
15:14
Ұлттық құндылықтар туралы сұрақ-жауап
elskluziv
14:46
Кітап палатасында Көрісу күні
elskluziv
12:22
Бір жасыңмен, бауырым!
elskluziv
15:16
Ұлттық киімдегі ұжым
elskluziv
10:38
Мәжіліс депутаттары балалар басылымдарының мәселесін көтерді
elskluziv
12:35
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
00:23
1 наурыз – Алғыс айту күні
elskluziv
09:18
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
elskluziv
19:25
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
elskluziv
11:14
Ақтоты Райымқұлова Президент Алғыс хатын табыстады
elskluziv
16:55
Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
elskluziv
10:41
Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
elskluziv
00:48
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды
elskluziv
00:38
Ақтоты Райымқұлова театр, кино, спорт және туризм жөнінде эксклюзивті сұхбат берді
elskluziv
11:20
Шайзада Бәйкенова 70 жаста
13:52
«2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»
elskluziv
12:52
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:21
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні
elskluziv
13:30
Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
16:39
Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
elskluziv
qujat
02:00
Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
16:30
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді
21:36
ҚазҰУ-мүмкіндіктер ордасы
18:13
ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
elskluziv
qujat
17:41
Ортақ мүдде, дара идея және оң бастама
elskluziv
11:24
Жаңа жыл құтты болсын!
17:12
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
elskluziv
qujat
12:01
Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?
elskluziv
11:23
Тәуелсіздік – күллі қазақтың мәңгілік төлқұжаты
12:35
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
23:59
Сәбит Досанов. Назарбаев: «Сенен асып қайда барам?» – деді
elskluziv
Барлық жаңалықтар

Дәстүрлер жаңғырған күн

Жаңалықтар
330
0
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы апта басынан бері Наурыз мерекесіне орай түрлі шаралар өткізіп келеді. Аптаның әрбір күні қазақтың ежелден қалыптасқан жоралғыларына арналды. Бүгінгі күн – ұлттық салт-дәстүрлеріміз ұлықталатын күн. Осы күнге орай мекеме ұжымы «Қош келдің, әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өткізді. 

Кітап палатасының қызметкерлері ұлттық дәстүрлерді жаңғырту жоспарланған күнге тыңғылықты дайындалды. Ұжымдағы өзара ауызбіршіліктің белгісіндей бірнеше топ – «Әжелер», «Абысындар», «Жастар» түрлі сахналық номерлер әзірледі. 

Әжелердің бірі Жаңа жылда молшылық болсын деген ниетпен шашу шашып, мекеме басшылығы ұжым қызметкерлерін құттықтағаннан кейін іс-шара өз ретімен жалғасты. 

Сырға салу

Қазақы дәстүр-салтымыздың кейбір түрлерін көрініс ретінде қойған «Әжелер» тобына әріптестері ерекше ықылас танытты. Көшпенді мәдениеттен бойымызға сіңген жұрнақ – қызға сырға салу дәстүрі. 


Оң жақта отырған қыздың сөз байласқан кісісі туралы жеңгесіне бір үзік сыр айтуы, жеңгесінің енесіне бұл туралы хабарлауы сахналанды. Бұдан бөлек, қызға сырға салуға келген топтың өздерін таныстыруы, келген жөнін жеткізуі, ата жолымен тоғыз атауы, орамал-шекпен жабуы, қызға бата беруі де ерекше көрініс берді. 
Қыз айттыру, қызға ұрын бару, жеңгенің атқаратын рөлі, сырға салу сияқты жоралғыларды үлкен буын өкілдерінің кейінгі жастарға үлгі етіп көрсетуі, кем-кетігін түзетуі қуантады. «Ат тұяғын тай басар» дейтін халықтың бір-бірін тәрбиелеу жолы ерекше. Барлық тәрбиені, үйретерін күнделікті дағдыға әбден сіңірген. Тігісі жатқан тірліктің берекелі болары да сөзсіз. 

Абысындар жиыны

Кітап палатасының орта буын өкілдері – «Абысындар» тобы қыз ұзатуға дайындық туралы көрініс қойып, ән шырқады. Қыз ұзатқалы отырған ана өз абысындарын үйге жинап, жиған-терген дүниесін көрсетеді. «Келісіп пішкен тон келте болмас» дегендей, көпшілік жөн-жоралғыны ескере отырып, жасаудың кем-кетігін толтырады. 
Қазақ әйелдерінің кемеңгерлігін көрсететін осынау бір дәстүр де кейінгі кездері тұрмыстық салттан төбе көрсетпей жүргені рас. Жас буын осындай дүниелерді әбден ескеруі тиіс. Мұндай отырыстарда барыс-келістің, алыс-берістің жайы талқыланып, өзара байлам жасалады. 
Туыстық қарым-қатынастың мұндай міндеттері үлкен мен кішінің арасындағы қарым-қатынасты нығайта түседі. Әулеттегі ынтымақ пен берекенің болуы, татулық пен ауызбіршіліктің орнауы осындай шағын отырыстардан басталады. 

Ұлттық киім үлгілерін көрсету

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Жастар» тобының өкілдері – сұлу бойжеткендер ұлттық киім үлгілерін көрсетіп, қазақ қыздарының ұлттық нақыштағы болмысын паш етті. 
Сән көрсетілімі әрі қарай қазақтың ұлттық биі «Қара жорғамен» жалғасып, әлеуметтік қашықтық сақтаған ұжым қызметкерлері бой сергітті. 

Алғыс білдіру

Пандемия жағдайында барлық талаптарды сақтай отырып, Наурыз мерекесін түрлі бағытты атап өткен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлерін мекеме басшысы Әділ Қаженбайұлы мен оның орынбасарлары Маралтай Райымбекұлы және Толқын Тұрғалиқызы «Үздік қатысушы», «Үздік ойыншы», «Өнерлі әжелер», «Күміс көмей келіндер», «Ұйымдастыруға белсене араласқаны үшін» деген бірнеше номинация бойынша марапаттап, алғыс білдірді. 



Қорытынды сөз сөйлеген Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлы мұндай шаралардың маңызы туралы, Наурыз мерекесінің бүкілхалықтық деңгейдегі маңызы жыл санап артып келе жатқанын айтып, мекеме қызметкерлерін Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. 

Дәстүр-салт – біздің аманатымыз. Бабалар сақтаған қазақы жолды жоғалтпай, мән-маңызын төмендетпей кейінгі буынның бойына сіңіру керек. Наурыз – Жаңа жыл жақсылығымен келсін, ынтымақ-бірлігіміз берік болсын! 
Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

© 2021 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы.Барлық құқық қорғалған.
Техникалық қолдаушы "ISERV" +77075327722