Қаз | Рус | Eng
Алматы C

Соңғы жаңалықтар

10:06
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына шығармалар қабылданады
elskluziv
qujat
10:00
Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов өмірден озды
11:27
Adaldyq alańy өкілі Кітап палатасы басшылығымен кездесті
10:56
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі
18:28
Дәстүрлер жаңғырған күн
elskluziv
15:19
Ләңгі теуіп, асық ойнап тұрайық!
elskluziv
15:14
Ұлттық құндылықтар туралы сұрақ-жауап
elskluziv
14:46
Кітап палатасында Көрісу күні
elskluziv
12:22
Бір жасыңмен, бауырым!
elskluziv
15:16
Ұлттық киімдегі ұжым
elskluziv
10:38
Мәжіліс депутаттары балалар басылымдарының мәселесін көтерді
elskluziv
12:35
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
00:23
1 наурыз – Алғыс айту күні
elskluziv
09:18
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
elskluziv
19:25
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
elskluziv
11:14
Ақтоты Райымқұлова Президент Алғыс хатын табыстады
elskluziv
16:55
Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
elskluziv
10:41
Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
elskluziv
00:48
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды
elskluziv
00:38
Ақтоты Райымқұлова театр, кино, спорт және туризм жөнінде эксклюзивті сұхбат берді
elskluziv
11:20
Шайзада Бәйкенова 70 жаста
13:52
«2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»
elskluziv
12:52
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:21
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні
elskluziv
13:30
Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
16:39
Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
elskluziv
qujat
02:00
Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
16:30
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді
21:36
ҚазҰУ-мүмкіндіктер ордасы
18:13
ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
elskluziv
qujat
17:41
Ортақ мүдде, дара идея және оң бастама
elskluziv
11:24
Жаңа жыл құтты болсын!
17:12
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
elskluziv
qujat
12:01
Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?
elskluziv
11:23
Тәуелсіздік – күллі қазақтың мәңгілік төлқұжаты
12:35
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
23:59
Сәбит Досанов. Назарбаев: «Сенен асып қайда барам?» – деді
elskluziv
Барлық жаңалықтар
» » Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі

Жаңалықтар
149
0
Түркі дүниесінің ортақ мерекесі – Наурыз мерекесі құтты болсын! Наурыз мерекесі – көктемнің, жылдың, төлдің басы. Балаларымыз табиғат пен адамзат қатар жаңаратын уақытты жақсылыққа балаған. Осындай керемет мереке қарсаңында сақтаған сүрін қазанға салып, алыс-жақынды қонақтың келуін тілеп, қонақпен бірге құт келеді, тоймен бірге береке келеді, молшылық болады деп ырымдаған. 

Ұлыстың ұлы күні – кездейсоқ таңдалған дата емес. Бұл күні күн мен түн теңесіп, мамыражай көктем-жаз уақытына қарай күн ұзара түспек. Ғаламдық құбылысты тап басқан кемеңгер бабаларымызға, даланың данышпандарына таң қалмасқа шара жоқ.

Наурыз келгенде қыз-жігіті қызылды-жасылды киініп, балалар жағы тай мініп, көштің де, тойдың да көркі қыза түседі. Айлап той қылатын қазақ Наурызда да сараңдық танытқан емес. Амал мерекесі келгеннен сәуір айының бас шеніне дейін қонақ шақырысып, той берісіп жатады. 

Ең кереметі – Наурызды жалпыхалықтық қуанышқа айналдыра алуы. Бұл үшін ортақ ниет, бірлік керек. Бабалар осындай құндылықтарды берік ұстай отырып Наурыз мерекесін сақтады, оның аясында қаншама ұлттық дәстүр-салтымызды, ойындарымызды, ұлттық мәдениетімізді сақтады. 

Наурыз тойы келгенде балуандар күш сынап, жүйріктер аяқ алысын байқап, мергендер адырна тартып, әншілер ән шырқап, күйшілер домбыра шанағын күңірентіп жататын. Сыбаға сақтап, қадірлі қонағын басына көтере күтетін бәйбішелер де жаңа кимешек тағысып, келіндеріне ісімен өнеге көрсетіп қалады бұл кезде. 

Ұлттық мәдениетіміз ұлықталған, жыл сайын жаңғыруға, жаңаруға мүмкіндік беретін Наурыз мерекесі елімізге құт-береке әкелсін! 
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы биылғы жылы Наурыз мерекесін апта бойы тойлады. 

Дүйсенбі. «Амал келді, жыл келді». Бұл күні Кітап палатасы қызметкерлері бір-бірін Көрісу күні мерекесімен құттықтап, ақ тілегін, жылы лебізін білдірді. Көпшілікті мекеме басшылығы құттықтап, Көрісу күнінің шыққан тарихы, ұлттық мәдениетіміз үшін маңызы, қажеті туралы айтып берді. 

Сейсенбі. Ұлттық дәстүр-салтымызға байланысты сұрақ-жауап сайысы. Екі топқа бөлінген мекеме қызметкерлері ұйымдастырушылар қойған сұрақтарға жарыса жауап беріп, өздерінің ұлттық болмысы берік екенін, қазығынан алыстамағанын көрсете білді. Сұрақтардың басым бөлігі ескіре бастаған салт-жоралғыларға, дала тәртібінің айтыла бермейтін қалтарыстарына бағытталды. 

Сәрсенбі. Ұлттық ойындарымызды дәріптеуге бағытталған шаралар ұйымдастырылып, мекеме қызметкерлері асық, бес тас, ләңгі сияқты ойындардың тәртібін көрсетіп, оның тарихы туралы айтып берді. Арқан тартылып, қол күрескен жігіттер күш сынасты. Саусақ ептілігін көрсеткен қыздар бес тас ойнап, оның ұпайы қалай есептелетіні туралы жастарға айта отырып, үлгі көрсетті. Дала данышпандары ойлап тапқан интеллектуалдық ойын – тоғызқұмалақ та назардан тысқары қалмады. 

Бейсенбі. Аптаның бұл күні қазақ ғұрпындағы «Сырға салу», «Қыз ұзату», «Жасау дайындау» сияқты жоралғыларды жаңғыртуға бағытталды. Кітап палатасындағы «Әжелер», «Абысындар» және «Жастар» топтары бірлесе отырып сахналық көріністер даярлады. Қойылым барысында қыздың сөз жарастырған кісісі туралы жеңгесіне жеткізуі, құда түсе келу, тоғыз беру сияқты дәстүрлер көрініс тапты. 

Жұма. Апта соңында ұлттық тағамдар, қазақ дастарханының мәзірі туралы шаралар өтті. Кітап палатасының қыз-келіншектері ұлттық ас мәзіріндегі түрлі дәмдерді даярлап, олардың пайдасы туралы, дайындау жолдары туралы айтып берді. Көпшілік ұлттық тағамдардан дәм татып, үлкендер жағы Жыл басындағы наурыз көжеге бата берді. 

Осылайшы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы бір апта ішінде қазақы жөн-жоралғыларды барынша қамтуға тырысты. Ұлттық мереке қарсаңында ұлттық болмысымызды айшықтап, ұлттық дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Ұлттық киімдегі ұжым» эстафетасын жариялап, оны ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты барлық мекемелерге жолдады. Апта бойы Кітап палатасының қызметкерлері ұлттық киіммен жүріп, ерекше бастама көтерді. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтайды. Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын! Жыл жақсылығымен келсін!
Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

© 2021 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы.Барлық құқық қорғалған.
Техникалық қолдаушы "ISERV" +77075327722