Қаз | Рус | Eng
Алматы C

Соңғы жаңалықтар

10:06
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына шығармалар қабылданады
elskluziv
qujat
10:00
Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов өмірден озды
11:27
Adaldyq alańy өкілі Кітап палатасы басшылығымен кездесті
10:56
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесі
18:28
Дәстүрлер жаңғырған күн
elskluziv
15:19
Ләңгі теуіп, асық ойнап тұрайық!
elskluziv
15:14
Ұлттық құндылықтар туралы сұрақ-жауап
elskluziv
14:46
Кітап палатасында Көрісу күні
elskluziv
12:22
Бір жасыңмен, бауырым!
elskluziv
15:16
Ұлттық киімдегі ұжым
elskluziv
10:38
Мәжіліс депутаттары балалар басылымдарының мәселесін көтерді
elskluziv
12:35
8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні
00:23
1 наурыз – Алғыс айту күні
elskluziv
09:18
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
elskluziv
19:25
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
elskluziv
11:14
Ақтоты Райымқұлова Президент Алғыс хатын табыстады
elskluziv
16:55
Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
elskluziv
10:41
Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
elskluziv
00:48
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды
elskluziv
00:38
Ақтоты Райымқұлова театр, кино, спорт және туризм жөнінде эксклюзивті сұхбат берді
elskluziv
11:20
Шайзада Бәйкенова 70 жаста
13:52
«2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»
elskluziv
12:52
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:21
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні
elskluziv
13:30
Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
16:39
Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
elskluziv
qujat
02:00
Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
16:30
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді
21:36
ҚазҰУ-мүмкіндіктер ордасы
18:13
ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
elskluziv
qujat
17:41
Ортақ мүдде, дара идея және оң бастама
elskluziv
11:24
Жаңа жыл құтты болсын!
17:12
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
elskluziv
qujat
12:01
Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?
elskluziv
11:23
Тәуелсіздік – күллі қазақтың мәңгілік төлқұжаты
12:35
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
23:59
Сәбит Досанов. Назарбаев: «Сенен асып қайда барам?» – деді
elskluziv
Барлық жаңалықтар
» » «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына шығармалар қабылданады

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына шығармалар қабылданады

Жаңалықтар
1 380
0
Қазақстан Республикасының «Мәдениет туралы» Заңына 2020 жылдың 2 қарашасында енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға байланысты «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына өтінімдер қабылдау және алдын ала іріктеу жұмыстарын жүргізу міндеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жүктелген. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы бұл міндетті қабылдай отырып, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына шығармаларды онлайн қабылдау, жалпы оқырмандар мен мекеме жанынан құрылған Тәуелсіз сараптама комиссиясы мүшелерінің баға беруін қамтамасыз ету мақсатында жаңа платформа әзірледі. 

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына кітап ұсыну талаптары: 

1-қадам. Мемлекеттік бағдарламаға шығармалар қабылдау уақыты 2021 жылдың 1 маусымына дейін жалғасады. Осы уақыт аралығында баспалар мен авторлар арнайы платформаға тіркеліп, автоматтандырылған жүйе сұраған құжаттар мен еңбектің аңдатпасын жүктеуі тиіс. 

2-қадам. Бағдарламаға ұсынылған еңбектердің және құжаттардың дұрыс тапсырылғанын Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының жауапты бөлімінің қызметкерлері (модераторлар) қадағалайды. 1 маусымда қабылдау уақыты аяқталып, модераторлар талапқа сай барлық еңбектерді бір мезетте сайтта жариялайды. 

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына шығармалар ұсыну үшін қажет құжаттар: 
1) А4 форматындағы әдебиеттің және оның 2-3 парақтағы қысқаша мазмұнының электрондық нұсқасы, шет сызықтары: сол жақ шеті – 25 миллиметр, оң жақ шеті – 15 миллиметр, жоғарғы шеті – 20 миллиметр, төменгі шеті – 20 миллиметр, Times New Roman қарпімен басылған, № 14 мөлшері, «біржолдық» жоларалық интервалда және (немесе) PDF форматында фотоальбом, сурет-альбом, кітап-альбом;
2) «Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы» Заңның 31-бабына сәйкес жасалған айрықша құқықтарды беру туралы нотариалды куәландырылған авторлық шарттың (заңды тұлғалар үшін) көшірмесі;
3) автордың ұсынған туындысын уәкілетті органмен интернет-ресурсында орналастыруға жазбаша келісімі (авторлық шартта ондай келісім болмаған жағдайда);
4) өткізілген мемлекеттік сатып алу қорытындылары бойынша айқындалған заңды тұлғамен айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт жасасуға автордың жазбаша келісімі.

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына келесі тоғыз аталым бойынша шығармалар қабылданады: 
1. Энциклопедиялық және анықтамалық әдебиеттер.
2. Жастар мен балаларға арналған әдебиеттер.
3. Өнер және мәдениет туралы әдебиеттер.
4. Көркем әдебиет.
5. Танымдық әдебиеттер.
6. Қоғамдық-саяси әдебиеттер.
7. Ғылыми әдебиеттер.
8. Аударма әдебиеттер.
9. Мерейтойлар мен атаулы даталарға қатысты әдебиеттер.

Ағымдағы жылдың 1 маусымында сайтта жарияланған еңбектерге ағымдағы жылдың 1 тамызына дейін жалпы оқырман, барлық интернет қолданушылары дауыс бере алады. Осы аралықта мемлекеттік бағдарламаға ұсынылған еңбектермен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанынан құрылған Тәуелсіз сараптама комиссиясы да танысу жұмыстарын жүргізеді.   

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған еңбектерге дауыс беру тәртібі: 

- дауыс беруші мемлекеттік бағдарламаға ұсынылған еңбектерді алдын ала іріктеуге арналғай арнайы сайтқа кіріп, қажетті аталымды таңдап, кез келген еңбекке дауыс бере алады; 
- дауыс беру үшін мәтіннің сол жағындағы сурет астында орналасқан лайк/дизлайк түріндегі батырманы басу керек; 
- бір интернет қолданушысы бір кітапқа тек бір рет қана дауыс бере алады; 
- дауыс беру туралы батырманы басқаннан кейін бұл әрекетті жоққа шығару мүмкін емес; 
- ең көп дауыс жинаған кітаптар сайттың сол жақ қапталында автоматты түрде алмасып отырады. 

1-тамыздан
бастап Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жанынан құрылған Тәуелсіз сараптама комиссиясы интернет қолданушылары берген дауыстар санын ескере отырып, шығармаларды бес балдық жүйе бойынша бағалайды. Осылайша, ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының алдын ала іріктеуден өткен еңбектері Ведомствоаралық комиссия қарауына ұсынылады. 

Мемлекеттік бағдарлама аясында шығатын еңбектердің нақты тізімін Ведомствоаралық комиссия мүшелері бекітеді. 

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына кітап ұсыну үшін келесі сілтемеге өтіңіз: ІРІКТЕУ-2022
Тіркеуден өтуді ұсынамыз зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код:

© 2021 Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы.Барлық құқық қорғалған.
Техникалық қолдаушы "ISERV" +77075327722