Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

11:18
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: "ТАРИХТЫ ТҮЗЕМЕЙ ӘДЕБИЕТТЕ АҚИҚАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚИЫН"
09:55
Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін құттықтады
10:31
Тұлғалардың тырнақалды кітаптары жарық көрді
elskluziv
16:00
ISBN нөмірін тегін алыңыз
08:48
Ұлы Жеңіске 75 жыл
elskluziv
13:19
Абайдың жиырма үшінші қара сөзі
13:22
Кітап – адамзаттың асыл діңгегі
elskluziv
19:53
#Бізбіргеміз: Иманғали Тасмағамбетов
19:45
#Бізбіргеміз: Жақсыкелді Кемалов
15:09
#Бізбіргеміз: Дулыға Ақмолда
19:39
Абайдың жиырма екінші қара сөзі
09:48
#Бізбіргеміз: Светқали Нұржан
21:58
#Бізбіргеміз: Сұраған Рахметұлы
17:48
#Бізбіргеміз: Мұрат Шаймаран
15:35
Абайдың жиырма бірінші қара сөзі
00:33
#Бізбіргеміз: Сәуле Жанпейісова
00:27
#Бізбіргеміз: Нұркен Өтеуіл
00:22
#Бізбіргеміз: К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы
00:20
Абайдың жиырмасыншы қара сөзі
00:18
#Бізбіргеміз: Дәулеткерей Кәпұлы
00:12
#Бізбіргеміз: Ғалым Жайлыбай
20:30
Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
19:30
Абайдың он тоғызыншы қара сөзі
16:52
«Сіз үшін жыр оқыдым, ғазиз жұртым...» эстафетасы басталды
elskluziv
19:29
Абайдың он сегізінші қара сөзі
15:23
Конкурентоспособность ведущего вуза страны
19:28
Абайдың он жетінші қара сөзі
17:25
Мұқым елдің мүддесі – бірлік
17:19
Абайдың он алтыншы қара сөзі
15:04
Абай-175: Мұхтар Әуезовтың "Абай ақындығының айналасы" мақаласы
elskluziv
19:24
Абайдың он бесінші қара сөзі
14:33
День студенческой науки в КазНУ имени аль-Фараби
15:16
Абайдың он төртінші қара сөзі
15:13
Абай-175: М.Мақатаевтың «Дала данышпаны» өлеңі
elskluziv
14:41
Медаль Пушкина за обучение языку Пушкина
15:07
Абайдың он үшінші қара сөзі
12:12
Карантин - это время для саморазвития
Kop jañalyqtar
» » Абайдың он жетінші қара сөзі

Абайдың он жетінші қара сөзі

Жаңалықтар
141
3

Қайрат, ақыл, жүрек үшеуі өнерлерін айтысып, таласып келіп, ғылымға жүгініпті. Қайрат айтыпты: «Ей, ғылым, өзің де білесің ғой, дүниеде ешнәрсе менсіз кәмелетке жетпейтұғынын; әуелі, өзіңді білуге ерінбей-жалықпай үйрену керек, ол - менің ісім. Құдайға лайықты ғибадат қылып, ерінбей-жалықпай орнына келтірмек те - менің ісім. Дүниеге лайықты өнер, мал тауып, абұйыр мансапты еңбексіз табуға болмайды. Орынсыз, болымсыз нәрсеге үйір қылмай, бойды таза сақтайтұғын, күнәкәрліктен, көрсеқызар жеңілдіктен, нәфсі шайтанның азғыруынан құтқаратұғын, адасқан жолға бара жатқан бойды қайта жиғызып алатұғын мен емес пе? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Ақыл айтыпты: «Не дүниеге, не ахиретке не пайдалы болса, не залалды болса, білетұғын - мен, сенің сөзіңді ұғатұғын - мен, менсіз пайданы іздей алмайды екен, залалдан қаша алмайды екен, ғылымды ұғып үйрене алмайды екен, осы екеуі маған қалай таласады? Менсіз өздері неге жарайды?» - депті.

Онан соң жүрек айтыпты: «Мен - адамның денесінің патшасымын, қан менен тарайды, жан менде мекен қылады, менсіз тірлік жоқ. Жұмсақ төсекте, жылы үйде тамағы тоқ жатқан кісіге төсексіз кедейдің, тоңып жүрген киімсіздің, тамақсыз аштың күй-жәйі қандай болып жатыр екен деп ойлатып, жанын ашытып, ұйқысын ашылтып, төсегінде дөңбекшітетұғын - мен. Үлкеннен ұят сақтап, кішіге рақым қылдыратұғын - мен, бірақ мені таза сақтай алмайды, ақырында қор болады. Мен таза болсам, адам баласын алаламаймын: жақсылыққа елжіреп еритұғын - мен, жаманшылықтан жиреніп тулап кететұғын - мен, әділет, нысап, ұят, рақым, мейірбаншылық дейтұғын нәрселердің бәрі менен шығады, менсіз осылардың көрген күні не? Осы екеуі маған қалай таласады?» - депті.

Сонда ғылым бұл үшеуінің сөзін тыңдап болып, айтыпты:

- Ей, қайрат, сенің айтқаныңның бәрі де рас. Ол айтқандарыңнан басқа да көп өнерлеріңнің бары рас, сенсіз ешнәрсенің болмайтұғыны  да рас,   бірақ қаруыңа қарай қаттылығың да мол,   пайдаң да мол, бірақ залалың да мол,   кейде  жақсылықты  берік ұстап,   кейде жамандықты берік ұстап   кетесің, соның жаман, - депті.

-Ей, ақыл! Сенің айтқандарыңның бәрі де рас. Сенсіз ешнәрсе   табылмайтұғыны   да    рас.   Жаратқан   тәңіріні    де   сен   танытасың, жаралған екі дүниенің жайын да сен білесің. Бірақ сонымен тұрмайсың, амал да, айла да - бәрі сенен шығады. Жақсының, жаманның

екеуінің де сүйенгені, сенгені - сен; екеуінің іздегенін тауып беріп жүрсің, соның жаман, - депті. - Сен үшеуіңнің басыңды қоспақ - менің ісім, - депті.  Бірақ сонда билеуші, әмірші жүрек болса жарайды. Ақыл, сенің қырың көп, жүрек сенің ол көп қырыңа жүрмейді. Жақсылық айтқаныңа жаны-діні құмар болады. Көнбек түгіл қуанады. Жаманшылық айтқаныңа ермейді. Ермек түгіл жиреніп, үйден   қуып  шығарады.

- Қайрат, сенің қаруың көп, күшің мол, сенің де еркіңе жібермейді. Орынды іске күшіңді аятпайды. Орынсыз жерге қолыңды босатпайды. Осы үшеуің басыңды қос, бәрін де жүрекке билет, - деп ұқтырып айтушының аты ғылым екен. Осы үшеуің бір кісіде менің айтқанымдай табылсаңдар, табанының топырағы көзге сүртерлік қасиетті адам - сол. Үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтадым. Құдайшылық сонда, қалпыңды таза сақта, құдай тағала қалпыңа әрдайым қарайды деп  кітаптың айтқаны осы, — депті.

1893 жыл

Fotogalereya
Абайдың он жетінші қара сөзі
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

3 pikirler

OLBoisk 3 мая 2020 17:35
Бетонні стільниці — це практичний варіант облаштування робочого простору кухонної зони, так як бетон в порівнянні з гранітом, мармуром, іншими видами натурального або штучного каменю має ряд важливих переваг, таких як надійність, довговічність, а також економічність. Вартість бетонної стільниці в кілька разів дешевше, ніж вартість робочих кухонних столів, виконаних з натурального мармуру або граніту. Також бетон може бути абсолютно будь-яких форм, параметрів і конфігурацій і в подальшому може бути пофарбований в будь-який колір за бажанням дизайнера або домовласників.
cialis pills 21 мая 2020 09:09
cialis generics gender cialis 20mg canada view unanswered posts cialis 20mg - cialis 10 mg 4 tablet topics cheap cialis
Boecpox 27 мая 2020 08:22
Тоже вариант! Но лично я поступил бы вот так: тыц
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: