Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

22:11
Мәдениет саласы мамандарының еңбекақысы өседі
21:32
"Асыл сөз" жобасы
elskluziv
10:41
Поэзия падишасына арналған шаралар
15:22
Кітап фестивалінің ауқымы артуда
16:02
Азия қаламгерлерінің алғашқы форумында айтылған ұсыныстар
11:15
Азия ақын-жазушыларының алғашқы форумы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілуде.
23:45
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті
11:18
ТҰТАС АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛЫРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫН ӨТКІЗУГЕ ЖИНАЛҒАН ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАЗАҚ АСТАНАСЫНДА
14:00
Азия елдері қаламгерлерінің І форумынан күтетін мәселе көп
13:54
Кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің еңбекақысы көбейеді
09:20
Кітап палатасының ұжымы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:25
БҮГІН ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ
12:35
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, оның құрамы бекітілді.
21:59
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетов "Ұлы Абайға 175 жыл"
elskluziv
11:20
Ұлы Абайға 175 жыл
elskluziv
18:36
«Smart qalamger» жобасы іске қосылды
14:40
ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы ұжымы Арыс қаласына бір күндік жалақысын аударды
11:16
Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов: Біз кез келген пікірді тыңдауға дайынбыз!
16:07
Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
09:07
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
15:52
Баспалар назарына!
09:29
Жүйелілік – жұмыс сапасын арттырушы фактор
10:40
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары
11:01
Кітап палатасының ұжымы Президент сайлауына дайын
14:38
Маралтай ақынның өлеңдері БҰҰ-ның алты тіліне аударылды
09:57
Нұр-Сұлтанда Ержан Максимнің концерті өтеді
11:39
Елімізде Ораза айт мерекесі басталды
10:20
Айлардың сұлтаны Рамазанның соңғы күні
08:47
Абай музейінде АҚШ-тың бас консулы
08:30
Әнұран – менiң оттай Ар-намысым!
Kop jañalyqtar
» » Азия елдері қаламгерлерінің І форумынан күтетін мәселе көп

Азия елдері қаламгерлерінің І форумынан күтетін мәселе көп

Жаңалықтар
180
0
Қазақстан Жазушылар одағы мен ҚР Президенті Әкімшілігі және ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен 2019 жылдың 4-6 қыркүйек күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Азия елдері қаламгерлерінің І форумын» өткізеді. Форум жұмысына 44 мемлекеттен әлемге беделді халықаралық сыйлықтардың жүлдегерлері, ұлттық, мемлекеттік сыйлықтардың иегерлері, Жазушылар одағы мен ассоциацияларының төрағалары сынды 100-ге жуық ақын-жазушы мен еліміздің түкпір-түкпірінен шақырылған 50-ден астам қаламгерлер қатысады.
   Алғаш рет ұйымдастырылған бұл форум Азия континентінде орналасқан елдер арасындағы әдеби-мәдени байланыстарды нығайту, одан әрі дамытумен қатар еліміздің бүгінгі кескін-келбетін, Қазақстанның әдебиетін, рухани құндылықтарын паш ету, әдеби үдерістің дамуына қатысты Азия елдерімен тәжірибе алмасу сынды бірқатар мақсат-міндеттерді көздеп отыр
   Қазіргі жаһандану заманы рухани құндылықтарды кейінге ысырып, материалдық байлық алдыға шыққаны анық.  Бұл үдеріс күллі адамзат баласының жан дүниесін жұтаңдандырып барады. Осынау рухани аштыққа жол бермес үшін бір құрлықты мекендеген елдердің бірлесе әрекет еткені дұрыс-ақ. Себебі, бұл жерде рухани жақындық та, салт-дәстүрлер сабақтастығы да бар. Оның ішінде түркі тілдес ұлттардың айрандай ұйуы тіпті қажет-ақ. Міне, бұл форумда осы бағыттта байланыстар орнайды деген сенім бар. Бұл жөнінде белгілі жазушы Кәдірбек Сегізбаев «Қазақ әдебиеті» газетінде төмендегідей пікір білдірген.
Кеңес Одағы тарқағаннан кейін «балапан басына, тұрымтай тұсына кеткен» заман орнады. Одан бұрын Орталық Азияда тұратын халықтар бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын. Ертеректе Әнуар Әлімжанов ұйымдастырған «Азия-Африка жазушылары конференциясының» аясында көптеген шығармалар өзге тілдерге аударылып, жеке-жеке кітап болып шыққан. Мемлекетаралық қатынастардың нығаюына бірден-бір сеп болатын мұндай бастамалардың маңызы зор.
  Бұл пікірді белгілі ақын Темірхан Медетбек ағамыз одан ары дамытып, төмендегідей түйін айтады.
  «Азия қалам­герлерінің I форумы» – бәріміз үшін көптен күткен үлкен оқиға болғалы тұр. Бұл бастаманың рухани маңызы өте зор. Көп жылдардан бері біздің шетелдермен, әсіресе, Азия елдерімен әдеби байланысымыз жадау, жұтаң күйге түскен еді. Қай ел­дің қандай бағытта жұмыс іс­теп жатқанынан бейхабар болып қалдық. Сондықтан әдеби бағыттағы қарым-қатынастың нығаюына жол ашатын алғашқы форумнан күтеріміз көп. Саяси жағынан болсын, әлеуметтік-экономикалық жағынан болсын, әрқилы деңгейде өмір сүріп жатқан Азия елдері – бір-бірімізді етене жақын танып, халықтық мәселелерімізді кеңінен қозғап, бір-біріміздің ішкі дүниемізге үңіле отырып ұлттық болмыс-бі­тімімізді айшықтасақ, келе­шектегі келелі істерге айқын бас­палдақ қаланар еді.
   Рас, Азия елдері қаламгерлері болашақта бір-бірімен тығыз байланыс орнатып, үздік шығармаларын алмасып, оқырмандарына ұсынса бәрінің де рухани әлемінде серпіліс орнары анық. Ал, рухани бай адам өзге құндылықтарға да ерекше құрметпен қарайтыны даусыз. 
  Нұрболат Сұлтанғазиев, журналист.
Fotogalereya

Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: