Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

08:43
Абай күні – қадірлі мереке
10:35
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына – 83 жыл
14:41
13-шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні
20:03
Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ: ҚАЗАҚ ӨЗ БИІГІНЕ ҚАЙТА ШЫҒУЫ КЕРЕК
20:30
Ақтоты Рахметоллақызы халық алдында есеп берді: қандай жоспарлар жүзеге асты?
14:52
Абайдың жиырма алтыншы қара сөзі
12:03
ҚР «Мемлекеттік рәміздерінің күні»
11:26
«Мемлекеттік рәміздер күні» – құрметті мереке
14:49
Абайдың жиырма бесінші қара сөзі
11:18
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: "ТАРИХТЫ ТҮЗЕМЕЙ ӘДЕБИЕТТЕ АҚИҚАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚИЫН"
09:55
Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін құттықтады
10:31
Тұлғалардың тырнақалды кітаптары жарық көрді
elskluziv
14:47
Абайдың жиырма төртінші қара сөзі
16:00
ISBN нөмірін тегін алыңыз
08:48
Ұлы Жеңіске 75 жыл
elskluziv
13:19
Абайдың жиырма үшінші қара сөзі
13:22
Кітап – адамзаттың асыл діңгегі
elskluziv
19:53
#Бізбіргеміз: Иманғали Тасмағамбетов
19:45
#Бізбіргеміз: Жақсыкелді Кемалов
15:09
#Бізбіргеміз: Дулыға Ақмолда
19:39
Абайдың жиырма екінші қара сөзі
09:48
#Бізбіргеміз: Светқали Нұржан
21:58
#Бізбіргеміз: Сұраған Рахметұлы
17:48
#Бізбіргеміз: Мұрат Шаймаран
15:35
Абайдың жиырма бірінші қара сөзі
00:33
#Бізбіргеміз: Сәуле Жанпейісова
00:27
#Бізбіргеміз: Нұркен Өтеуіл
00:22
#Бізбіргеміз: К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы
00:20
Абайдың жиырмасыншы қара сөзі
00:18
#Бізбіргеміз: Дәулеткерей Кәпұлы
00:12
#Бізбіргеміз: Ғалым Жайлыбай
20:30
Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
19:30
Абайдың он тоғызыншы қара сөзі
16:52
«Сіз үшін жыр оқыдым, ғазиз жұртым...» эстафетасы басталды
elskluziv
19:29
Абайдың он сегізінші қара сөзі
15:23
Конкурентоспособность ведущего вуза страны
19:28
Абайдың он жетінші қара сөзі
Kop jañalyqtar
» » ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына – 83 жыл

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына – 83 жыл

Жаңалықтар
211
0
Дүниелік білімнің асыл қазынасы, бастау бұлағы – кітап. Қазақ жазба әдебиетінің қалыптасып, дағдылы жолға түскеніне де ғасырдан астам уақыт өтті. Осы аралықта әдебиетіміздің, мәдениетіміздің, ғылымның классикалық дәуірі қалыптасып, келешек ұрпаққа азық болатын, мұра болатын шығармалар жазылды. 
Қазақ әдебиетін ғасыр межесінде қараймыз десек, оңбай қателесеміз. Көшпенді халық ерте ғасырлардан бергі тарихын, әдебиетін, ұлттық салт-дәстүр қағидаларын жадында сақтады. Жүйелі түрде ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, фольклорлық мәдениетті қалыптастырды, шыңдады. Жазба әдебиеті жолға қойыла бастаған уақыттан бері латын қарпінде, төте жазуда, қазіргі кириллицада сол фольклорлық мұра кітап болып басылды. 
Мемлекеттік мүдде деңгейіндегі шаруалар білімді азаматтардың, уақытылы қарастырылған қаражаттың арқасында қағазға басылды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның, мемлекеттің, бұқара халықтың жеңісі, төгілген тердің жемісі. 
Осыдан тура 83 жыл бұрын, 1937 жылдың 19-шілдесінде Қазақстан Орталық атқару комитеті мен Қазақ КСР Комиссарлары Кеңесінің бірлескен Қаулысы нәтижесінде Қазақ КСР Мемлекеттік Кітап палатасы құрылды. Ол уақытта Кітап палатасы Оқу Халық Комиссариатының (1937-1945 ж.ж), кейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесі жанындағы мәдени-ағарту мекемелері басқармасының (1945-1953 ж.ж), артынша Қазақстан Мәдениет министрлігінің (1953-1963 ж.ж), 1963 жылдан 1993 жылға дейін Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің Баспасөз жөніндегі Мемлекеттік кабинетінің қарамағында болды. 1993 жылдың 6-сәуіріндегі Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің №270 қаулысымен Қазақстан Республикасының Ұлттық Мемлекеттік Кітап Палатасы болып өзгертілді. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің құзырында.
Кітап палатасы авторлар мен баспаларға библиографиялық анықтамалар берумен, Кітаптың халықаралық стандарты нөмірін (ISBN), Жалғасымды басылымдар нөмірін (ISSN), Ноталық басылымдар нөмірін (ISMN) берумен және Кітапханалық-библиографиялық жіктеу (КБЖ), Әмбебап ондық жіктеу (ӘОЖ) қызметтерін көрсетумен айналысады. 
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының Баспасөз мұрағатында өткен ғасырдың бас кезінде жарыққа шыға бастаған мерзімді басылымдардың, кітаптардың міндетті даналары сақталған. Мұрағат қорындағы құнды дүниелер саны 5 миллион данадан асып жығылады. Бұл – тарих, қағазға басылған ұлт тарихы. 
Кітап палатасы қазіргі уақытта жүйелі түрде Кітап шежірелерін, Газет-журнал шежірелерін, Казахстаника жинағын,Ноталар шежіресін жинақтап, шығарып келеді. Бұл анықтамалықтар - кітапханаларға, жоғары оқу орындарына ізденіс барысында қолайлылық туғызуға қауқарлы материалдар.
Кітап палатасы бүгінде әдебиет, баспа, кітап индустриясы, мәдениет саласында бірқатар жобаларды жүзеге асыру үстінде. Қазір мекеме жанынан «Асыл сөз» сұхбат жобасы жұмыс істеуде. «Асыл сөзге» Әбдіжәмил Нұрпейісов, Қабдеш Жұмаділов, Бексұлтан Нұржекеұлы, Асанәлі Әшімов сынды қазақтың біртуар перзенттері қонаққа келіп, ғибратты әңгімесін айтты. Кездесу барысынан жазылған сұхбаттар «Алматы ақшамы» газетінде жарияланып келеді. 
Сондай-ақ, Баспасөз мұрағатындағы газет-журналдарды, кітаптарды цифрландыру науқаны жоспарлануда. Кітап палатасы әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің Журналистика факультетімен, ҚР Ұлттық аударма бюросымен, Еуразия ғылыми-зерттеу институтымен, ҚР Жазушылар Одағымен меморандум жасап, ұлт руханиятын дамыту, зерттеу, насихаттау мақсатында жұмыс істеуде. 
Ғасырға жуық тарихы бар мекеменің мемлекеттік мүдде жолында, ұлт руханиятының мұрасын сақтау және насихаттау жолында еткен еңбегі, қылған қызметі зор. Кітап палатасын басқарған Әбілмәжін Жұмабаев, Тахауи Ахтанов, Софы Сматаев, Жанат Сейдуманов, Әлібек Асқар сынды азаматтардың барлығы осы мүдде жолында еңбек етті. 
ҚР Ұлттық мемлекеттік ұжымы жұртшылыққа коронавирус пандемиясын жақын арада жеңіп, мемлекеттің гүлденуін, елімізде бейбітшілік пен тыныштық болуын тілейді! Мүдде – ортақ, мақсат – бір! Біз біргеміз!
Fotogalereya
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: