Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

11:49
Жас ақын, жазушылар қолдауға зәру
10:37
15 қазан – Кітапханашылар күні
15:18
«Асыл сөз» сұхбат жобасының бүгінгі қонағы – Мырзатай Жолдасбеков
15:22
Кітап саласын дамыту – күн тәртібіндегі міндет
elskluziv
10:22
Байқау уақыты ұзартылды
09:56
Маралтай Райымбекұлы «Таңшолпанда» қонақта
17:09
Ассоциацияға жаңа Президент сайланды
12:54
Кітап палатасына «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді» іріктеу міндеті жүктелді
08:35
Асанәлі ӘШІМОВ: Қазіргі актерлер күндіз той басқарып, кешке «Абайды» ойнайды
elskluziv
11:56
Ақтоты Райымқұлова Кітап палатасының директорын қабылдады
19:52
Әділбек Қаба Кітап палатасының ұжымымен кездесті
22:13
Абайдың отыз бірінші қара сөзі
20:41
Тіл саясаты комитетінің төрағасы тағайындалды
16:17
Мемлекет басшысы Мәдениет және спорт министрін қабылдады
22:12
Абайдың отызыншы қара сөзі
18:08
Конституция күні – Тәуелсіз Қазақстанның ең ұлық мерекесі
09:55
Конституция – халық қазынасы
22:05
Абайдың жиырма тоғызыншы қара сөзі
10:12
Байқау! Байқау! Байқау!
08:43
Абай күні – қадірлі мереке
22:02
Абайдың жиырма сегізінші қара сөзі
10:35
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына – 83 жыл
14:41
13-шілде – Жалпыұлттық аза тұту күні
22:00
Абайдың жиырма жетінші қара сөзі
20:03
Бексұлтан НҰРЖЕКЕҰЛЫ: ҚАЗАҚ ӨЗ БИІГІНЕ ҚАЙТА ШЫҒУЫ КЕРЕК
20:30
Ақтоты Рахметоллақызы халық алдында есеп берді: қандай жоспарлар жүзеге асты?
14:52
Абайдың жиырма алтыншы қара сөзі
12:03
ҚР «Мемлекеттік рәміздерінің күні»
11:26
«Мемлекеттік рәміздер күні» – құрметті мереке
14:49
Абайдың жиырма бесінші қара сөзі
11:18
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: "ТАРИХТЫ ТҮЗЕМЕЙ ӘДЕБИЕТТЕ АҚИҚАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚИЫН"
09:55
Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін құттықтады
10:31
Тұлғалардың тырнақалды кітаптары жарық көрді
elskluziv
14:47
Абайдың жиырма төртінші қара сөзі
16:00
ISBN нөмірін тегін алыңыз
08:48
Ұлы Жеңіске 75 жыл
elskluziv
13:19
Абайдың жиырма үшінші қара сөзі
Kop jañalyqtar
» » АЛТАЙ ЖАУҺАРЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН

АЛТАЙ ЖАУҺАРЫНА АРНАЛҒАН ЖИЫН

Жаңалықтар
1 182
5

Археолог ғалымдар ашқан әлемдік деңгейдегі үлкен жаңалықтардың бірі – Алтайдағы Берел қорғандары. Бұл – сақ дәуірінің органикалық заттары сақталған жалғыз тарихи ескерткіш.

 

Осындай құнды мұраны Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың баста­ма­сымен «Мәдени мұра» бағдарла­масы «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі құрылған болатын. Биыл осы музейдің құрылғанына 10 жыл, Берел ескерткішінің зерттеле бастауына 20 жыл толды. Айтулы оқиғаларға орай, «Алтай жауһарлары» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті. Берел қорымы Шығыс Қазақстан облы­сындағы Бұқтырма өзенінің оң жаға­ла­уында Берел ауылынан оңтүстік-батыс­қа қарай 7 шақырым жерде, таулы аңғар­да орналасқан. Қорымның құрамын­да 100-ден астам оба бар. Қазіргі кезде Берел қорғандарынан табылған құнды жәдігер­лер­дің барлығы дерлік осы музейде тұр. Ашық аспан астында атақты №11 қорған­ның үстіне салынған музейдің ашылу сал­танаты да осы конференция аясында өтті. Конференцияда археология саласында талмай еңбек етіп жүрген ғалымдар баян­да­ма жасап, мәдениет қайраткерлері қаты­сып, сөз сөйледі. Пленарлық отырысты Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры, жазушы Әлібек Асқаров жүргізді. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің директоры Жангелді Ахмадиев конференцияға алыстан ат арытып келген қатысушыларды құттықтап, салтанатты түрде ашып берді. «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі атынан З.Самашев, Е.Қариев, А.Чотбаев сынды ғалымдар Алтай тарихындағы Берел феномені турасында баяндама жасады. Олар қорық-музейді бүгінгі жұмысын одан ары жандан­дырып, дамыта түсу мәселелерін көтерді. Ресей ғылым академиясы, Н.­М.Ми­клу­хо-Мак­лай атындағы Антро­по­логия және этно­ло­гия институтының ғылыми қызмет­кері, тарих ғылымдарының кандидаты Егор Китов Берел антрополо­гия­сы жайында баяндама жасады. Сондай-ақ конференция аясында жуырда Тарбағатай жеріндегі Елеке сазынан табылған екінші «Алтын адам» таныстырылды. Бұл ашылым қазіргі қоғамда үлкен резонансқа ие болған жаңалық болды. Өйткені қазба жұмыстары жүрген жерде адамды жерлеу рәсімдерінің тәртібінен хабар беретін біраз қазбалар табыл­ғаны­мен, олардың көпшілігі тоналған болатын. Ал осы жолы табылып отырған «Алтын адам» бұдан көп жыл бұрын Есіктен табыл­ған «Алтын адамнан» кейінгі барын­ша толығырақ әрі тоналмай жеткен қазба болып отыр. Елеке сазы жайла­уын­дағы қазба жұмыстарға жетекшілік еткен археолог Зейнолла Самашевтың айтуын­ша, табылған адам ер кісі болған, жас шамасы – 17-18-дерде. Өне бойы тұтас дерлік алтынмен апталған. Ғалымдардың айтуынша, «Алтын адамның» өмір сүрген кезеңі – шамамен біздің заманымызға дейінгі VII-VIII ғасыр. Демек, бұл «Алтын адам» мен Есіктен табылған «Алтын адамның» арасында үш ғасыр уақыт бар. Ер адамның басы киімі, кеудешесінің өңірлері, белдігіне қыстарған қанжарының сабы, қорамсағы – барлығы қабылан, барыс кейпінде құйылған алтынмен апталған. Мойнына таққан әшекейінің өзі бір келіге жуық алтыннан құйылған екен. Археолог Зейнолла Самашев бұл жәдігердің осыған дейін ашылмай келген талай жұмбақтың жауабын табуға мүм­кін­дік беретінін айтады. «Сол замандағы мате­риалды өңдеу техноло­гия­сын меңгеру, алтын өндіріп, одан әшекей бұйым жасау оңай емес. Мұның артында үлкен өндіріс жатыр. Сондай-ақ 8 мың жыл бұрын өмір сүрген халықтардың тұрмысы, діни нанымы, жерлеу рәсімі қандай болған, қандай тағамдармен қоректенген, ол кезде ауа-райы қандай болған деген сияқты ғылым үшін маңызды сұрақтарға жауап алу мүмкін болады» дейді ғалым. Бұрын әше­кей бұйымдары мен ат әбзелдері тоналған болса да, сүйегі табылған адамдарға қарап отырып жалпылама реконструкция жаса­лып келген. Ендігі жерде жәй болжам емес, нақты ғылыми уәж айтуға болады. Табыл­ған «Алтын адамның» ДНК-сына тал­дау жасап, басқа «Алтын адамдармен» арасындағы ұқсастықты немесе айыр­ма­шы­лықты анықтау мүмкіндігі бар. Ғалым­дар­дың айтуынша, табылған алтындарға химиялық сараптама жасап, бабалары­мыз­дың алтынды қай маңнан, қалай өндіргенін де анықтауға болатын көрінеді. Ресей ғылым академиясы, Н.Ми­­к­­­лухо-Маклай атындағы Антро­по­логия және этнология институтының ғылыми қыз­меткері, тарих ғылымдарының кан­ди­да­ты Егор Китовтың айтуынша, «Алтын адам­ның» шықшытанан табылған алтын түтік сол дәуірдегі адамды мумия­лау­ға арналған арнайы құрылғы болуы да мүмкін деген болжам айтты. «Мүрденің ер адамды­кі екені анық. Бірақ қалай қайтыс болға­нын тап басып айту қиын. Себебі, ол жара­қат алып қайтыс болмаған. Бір қызы­ғы – оның сүйектері әр жерден тесіл­ген екен. Көшпелілер мәдениетінде өте жоғары әлеуметтік мәртебеге ие жандарды жерлеген кезде, алыстағы туған-туысы қоштасу рәсіміне келіп үлгеру үшін мүрдені бұзбай сақтауға тырысқан. Ұзақ бұзылмай сақтау үшін ішек-қарнын сылып алып тастап, орнына әртүрлі шөптерден арнайы толтырғыш заттар жасап салған болуы мүмкін» дейді ресейлік ғалым. Сонымен қатар конференция қаты­су­шы­л­арына Берел қорымының б.з.д. ІІ-І ғасыр кезеңімен белгіленген №36 қорған­нан табылған сүйектен ойып жасалған, бір-біріне қарама-қарсы қойылып бейне­лен­ген бұлан-грифон ат әбзелінің әшекей бұйымдары, сол кезеңге жатқызы­ла­тын №16 қорғаннан табылған ер және әйел адамның бас сүйегі негізінде жасалған антропологиялық рекон­струк­циясы, №2 қорғаннан табылған зооморфты сабы бар қола айна, әйел адамның әшекей бұйым­да­ры және тағы басқа құнды жәдігерлер көрсетіледі. Бұдан бөлек атақты №11 қорған­ның үстіне салын­ған ашық аспан астындағы музейдің таныс­ты­рылымы болып өтті. Бұдан былай Берел қорымынан табылған құнды жәдігер­лердің барлығы осы музейде сақталатын болады.

 

Бану ДӘУЛЕТБАЕВА

Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

5 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: