Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

16:01
Абай-175: Сәбит Мұқановтың «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» портреті
elskluziv
15:07
Абайдың төртінші қара сөзі
13:46
БЖЗҚ өкілдері Кітап палатасында
11:03
Абайдың үшінші қара сөзі
11:43
Абай-175: Сәкен Сейфуллиннің «Ибраһим Құнанбайұлы туралы» мақаласы
elskluziv
11:14
Абайдың екінші қара сөзі
10:21
Абай-175: Ілияс Жансүгіровтың "Абайдың сөз өнері" мақаласы
elskluziv
09:57
Абайдың бірінші қара сөзі
22:15
Дүнген жұртына дүрліге көтерілудің қажеті шамалы
elskluziv
15:59
Түркі жұртшылығының мүддесі үшін жасалған келісім
15:49
Ұлттық кітапханада «әл-Фараби орталығының» ашылу салтанаты өтті
09:56
Абай-175: Тұрағұл Құнанбаевтың "Менің әкем - Абай" мақаласы
elskluziv
10:05
Ғалымжан Мелдешов: Әліпби жеке адамның авторлығымен құрастырылмайды
09:57
Прагада «Абай» мәдени-ақпараттық орталығы ашылды
11:21
Абай-175: Тахир Шағатайдың «Түркістанның ең ұлық ақыны – Абай» мақаласы
elskluziv
20:14
Латын қарпінің мақұлданған нұсқасы қашан жарияланады?
12:10
Владимир Бояринов Кітап палатасында қонақта
elskluziv
13:57
Абай-175: Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы
elskluziv
12:02
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың 175 жылдық мерейтойын салтанатты түрде ашып берді
elskluziv
11:31
«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар»
12:01
Абай-175: Әлихан Бөкейханның "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы" мақаласы
elskluziv
09:59
Әділ Қойтанов: Кітап сату мәдениетін қалыптастыру керек
elskluziv
14:16
«Абай. Қара сөздер»
17:38
Қасым-Жомарт Тоқаев. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан
15:47
«Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалары»
15:23
«Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия»
10:41
Абай-175: Міржақып Дулатовтың "Абай" атты мақаласы
elskluziv
10:22
Абай-175: Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мерейтойлық бастамасы
elskluziv
16:33
Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы мәдени шараларды бекітті
elskluziv
16:27
«Мағауия Аманжолов»
16:26
«360 әулиелі Маңғыстау»
16:25
«Жетісу жер жәннаты ән қанатында»
11:01
28 желтоқсан «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп белгіленді
16:10
«Өзімді мүлде кінәлімін деп санамаймын!»
15:22
Абай жазған заң жинағы рухани құндылықтарға қосылуда
qujat
13:14
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
elskluziv
16:04
Мәдениет және спорт министрі «Egemen Qazaqstan» газеті ұжымымен кездесті
elskluziv
Kop jañalyqtar
» » Қаламгер тойы – халықтық мерекеге айналды

Қаламгер тойы – халықтық мерекеге айналды

Жаңалықтар
455
2

 «Қан мен тер», «Курляндия» («Күткен күн»), «Соңғы парыз», «Сең» сынды романдардың авторы, Қазақстан және КСРО Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты, Халық жазушысы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 95 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиын Абай атындағы Опера жəне балет театрында өтті. 

   Сахна төріне белгілі ғалым Мырзатай Жолдасбеков пен жазушы Төлен Əбдікті қатар жайғастырып, 95-тің торқалы тойын сергек қарсы алып, құлағын тілекке тосқан Ə.Нұрпейісовке көрсетілген құрмет пен құттықтауларда толас болмады. Көрнекті жазушыны бірінші болып Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев құттықтады. Қ.Елеуұлы алдымен Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Назарбаев пен Қазақстанның Президенті Қ.Тоқаевтың құттықтау хаттарын оқып беріп, өзі де үлкен мінберден ақжарма тілегін жеткізді. 

   Бұдан кейін 95 жасқа толып отырған толағай жазушының тойына арнайы баяндама жасаған белгілі жазушы-драматург Смағұл Елубай өз сөзін қарт қаламгердің жұртты таңырқатып келе жатқан ерекшелігін түсіндіруден бастады. Қаламгердің өзіне өзі беймаза жұмыс тауып алып, баяғыда бағасын алып қойған «Қан мен терді» қайта-қайта өңдей беруінің сырына тоқталды. Баяндамашының топшылауынша, кітапқа құрметі алабөтен алдыңғы буын ұрпақ ауысып, кейінгі қолынан телефоны түспейтін келер буынға кітап оқытудың кілті мен жолын алғаш болып тапқан адам – Əбдіжəміл ағамыз. Кешегі əдебиет алыптарының ойы түгілі түсіне кірмеген заман басталғанда, оның жазушыға қойған бірінші талабы – қысқа жазуды еріксіз таңғанын үлкен-кіші қаламгер бүгінде тегіс мойындап отыр. Ə.Нұрпейісовтің жанын отқа да, суға да салып, күндіз күлкі, түнде ұйқыдан айырылып, ширек ғасырдан астам уақыт бойы «Қан мен терді» қырнап жонумен болғанынан жұрт хабардар. Ақыры қаламгердің өзі күткен нəтижеге қол жеткізгенін залдағы оқырманның көпшілігі С.Елубайдың баяндамасынан естіп, сүйінішін қол соғумен білдірді. Сондай-ақ қаламгерді жақынырақ білетін С.Елубай оның ұлттық намыс сыналған сын сағаттарында солқылдамайтын өткір мінезін, қиын шақтарда қасқайып қарсы тұрар қайраткерлік қырын да көпшілікке беймəлім болып келген көрнекті мысалдармен атап өтті. 

    Салтанатты жиынның сахнасына көтерілген Сенат депутаты Қуаныш Сұлтанов өзінің жүрекжарды тілегімен бірге, Парламенттің қос палатасының төрағалары – Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева мен Мəжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллиннің, ал Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Премьер-Министр Асқар Маминнің жолдаған құттықтауын жеткізді. 

    Ал, Алматы қаласының əкімі Бақытжан Сағынтаев құттықтау сөзін өзінің сүйікті жазушысына өз қолымен «Алматы қаласының құрметті азаматы» атағын тапсырғанына мақтанатынымен бастады. Бүкіл саналы ғұмырын шығармашылыққа арнап, бірнеше буынды өз шығармаларымен тəрбиелеп келе жатқан жазушының мерейтойы – əдебиеттің тойы ғана емес, мұндай дүбірлі мерекенің халыққа да ортақ мерекесі болуға хақысы барын орынды атап өтті. «Əбдіжəміл ағамыздың абырой-атағын, марапат-мақтауын айтып, таныстырып жатудың қажеті жоқ. Нұрпейісовтің атын естімеген, оның шығармаларын оқымаған, оларды экран арқылы көрмеген адам жоқ десе де болады. Жастайынан ұлы Мұхтардың назарына ілігіп, Сəбеңдер мен Ғабеңдердің батасын алып, əдебиетімізге қымсынып келген қаламгердің барлық сəулелі шақтарын, бейнеті мен зейнеті мол бақытты кезеңін осы Алматы қаласында өткізіп келеді. Əлем таныған шығармаларын осында жазды. Шығармалары əлемнің 35 тіліне аударылып, миллиондаған данамен жер жүзіне тарады. Замандастарын, іні, шəкірттерін үнемі таңғалдырып келеді. Қазақ ПЕН клубын ашып, оның жұмысын жолға қойғаны – ерлікпен пара-пар, үлкен сауапты іс. Астым-тастым, болдым-толдым демей, өзінің биязы табиғи қалпынан айнымаған, кешегі алыптар шоғырының ізін басқан қазақ əдебиетінің абыз авторы Əбеңнің бекзат болмысы, жасаған еңбегі бəрімізге өнеге болуы тиіс», деді Алматы əкімі Бақытжан Əбдірұлы.      Өз кезегінде сөз алған Қызылорда облысының əкімі Қуанышбек Ысқақов туған топырағында 90 жылдығы құрметіне орайлас ашылған Əбдіжəміл Нұрпейісов атындағы Əдебиет үйі бүгінде қарасөздің қадірін түсінген көзі қарақты оқырманның рухани ордасына айналғанын зор мақтанышпен айтты. 

   Ғасырдан ғасырға жететін туындыларын өмірге əкеліп, сол шы- ғармаларының игілігін көріп, өзі де ғасырға жуық өмір кешіп келе жатқан Əбдіжəміл Нұрпейісов қалың оқырманына ілтипаты мен алғысын білдіріп, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастаған ісін қолдап, ел болып демеп отыруға шақырды. Қазақтың біртуар перзенті, əлемге танымал классик жазушының мерейтойына арналған шығармашылық кештің екінші бөлімі концерттік бағдарламаға ұласты. Концертте Түркештің «Көңілашары» самғап, айтыс ақыны Мұхтар Ниязов арнау айтып, М.Əуезов атындағы əкемтеатр əртістері «Қан мен тер», Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер театры «Сең» спектакльдерінен үзінділер көрсетті. Қазақстанның халық əртісі Роза Рымбаева, Мəдина Сəдуақасова, Мемлекеттік «Салтанат» би ансамблі, Абай атындағы Опера жəне балет театры əртістерінің өнері мерей- тойды шынында да нағыз халықтың мерекесіне айналдырды.

Нұрболат Абайұлы, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының баспасөз хатшысы.



Fotogalereya
Қаламгер тойы – халықтық мерекеге айналды

Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

2 pikirler

MichaelSwism 1 декабря 2019 16:36
Удивительно! :) прибор для ультразвуковой сварки Сколько всего интересного можно прочитать ультразвуковой гомогенизатор Для спортсменов винстрол купить Для спутникового телевидения есть спец сайт триколор подтверждение персональных данных Если Кому дверь нужна - вот ммылка купить металлические двери На выбор вам вот еще стальные двери эконом класса На этом все господа
Ralphroano 12 января 2020 21:39
Когда нужно скачать софт ---- вайбер для компьютера на русском скачать бесплатно официальный сайт ---- разные шарики тут ---- шарики с гелием Москва Быстрые бабки ----- взять займ онлайн ---- Если у вас праздник ---- шарики гелевые купить
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: