Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев - тәуелсіздік алғаннан кейін халыққа бейбіт, берекелі өмір орнатқан Қазақстанның тұңғыш Президенті.
Елбасының есімі тарих беттерінде алтын әріптермен қалатыны сөзсіз. Ұлт көшбасшысы болу тарих алдындағы міндет. Елбасы саясат, экономика саласын жетік меңгерген қолбасшы, нағыз сардар тұлға. Нұрсұлтан Әбішұлының бастамасымен жаңа Астана бой түзеп, ел экономикасы өзге елдермен санаса бастады.
Интеллекуалдық әлеуетінің арқасында "Қазақстан - 2030", "Қазақстан - 2050" сынды саяси бағдарламалар дайындады. Бұл еліміздің қадамын "екі аттап" басуына сеп болды. Тажал оғындай ядролық қару жер бетіне зұлмат әкелуге қауқарлы. Қазақстан бәлекеттен бас тартқан елдердің қатарында.
Тұңғыш Президент, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тікелей бастамасымен 1991 жылы 29 тамызда бүкіл әлем білетін Семей ядролық полигоны жабылып тынды. 2009 жылдың 30 қазанында Отанымыз БҰҰ Бас Ассамблеясының Бірінші комитетіне 29 тамызды ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні деп жариялауды ұсынды.
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы барша қазақстандықтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен шын жүректен құттықтайды!