Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

20:14
Латын қарпінің мақұлданған нұсқасы қашан жарияланады?
12:10
Владимир Бояринов Кітап палатасында қонақта
elskluziv
13:57
Абай-175: Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы
elskluziv
12:02
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың 175 жылдық мерейтойын салтанатты түрде ашып берді
elskluziv
11:31
«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар»
12:01
Абай-175: Әлихан Бөкейханның "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы" мақаласы
elskluziv
09:59
Әділ Қойтанов: Кітап сату мәдениетін қалыптастыру керек
elskluziv
14:16
«Абай. Қара сөздер»
17:38
Қасым-Жомарт Тоқаев. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан
15:47
«Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалары»
15:23
«Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия»
10:41
Абай-175: Міржақып Дулатовтың "Абай" атты мақаласы
elskluziv
10:22
Абай-175: Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мерейтойлық бастамасы
elskluziv
16:33
Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы мәдени шараларды бекітті
elskluziv
16:27
«Мағауия Аманжолов»
16:26
«360 әулиелі Маңғыстау»
16:25
«Жетісу жер жәннаты ән қанатында»
11:01
28 желтоқсан «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп белгіленді
16:10
«Өзімді мүлде кінәлімін деп санамаймын!»
15:22
Абай жазған заң жинағы рухани құндылықтарға қосылуда
qujat
13:14
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
elskluziv
16:04
Мәдениет және спорт министрі «Egemen Qazaqstan» газеті ұжымымен кездесті
elskluziv
15:52
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасындағы тәуелсіздік мерекесі
elskluziv
15:39
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Smart qalamger» жобасы жалғасуда
elskluziv
13:24
Билік сабақтастығы
19:02
Құрметті ISBN өтінішкерлері (баспагерлер)!
elskluziv
qujat
10:04
Ерекше дауысты Ержанды Министр Ақтоты Райымқұлова құттықтады
elskluziv
18:26
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі ең үздік университеттердің 210 қатарына енді.
qujat
18:08
1 Желтоқсан-ел тарихы үшін елеулі күн!
qujat
17:03
Ақын рухына тағызым жасалды
11:39
Конференцияда тарихшылар– Ұйғыр ауданын Әлмерек Жаншықұлы атына беруді ұсынды
12:08
Аспан тау асқан үркін көш
11:54
«Өнер өлкесі»
11:54
«Атырау арыстары» сериясы
11:53
«Исламтану зерттеулері» сериясы
11:52
Деңгейлік қазақ тілі
11:35
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Адалдық алаңы» жобасы азаматтарды қабылдауға дайын
Kop jañalyqtar
» » Абай-175: Міржақып Дулатовтың "Абай" атты мақаласы

Абай-175: Міржақып Дулатовтың "Абай" атты мақаласы

Жаңалықтар
228
0

     


      Бүгін атақты қазақ ақыны марқұм Абай Құнанбайұлының офатына дәл он жыл толды. Егер Абай қазақтан өзге оразды жұрттардың бірінің ақыны болса, сегіздегі баласынан сексендегі шалына шейін түгел атына қанық, сөзімен таныс болар еді, елі туғанына сүйініп, өлгеніне тегіс күйінер еді. Офатына он, жиырма бес, елу жыл, елу, жүз жыл толған сайын бүтін жұрт ескеріп, мәтбуғаты қайнап, есімін мәңгіге шейін қалдыруға өшпес белгілер орнатып, құрметіне неше түрлі ізгі жайлар ашар еді. Не шара!.. біздің жұрт әлі күнге шейін мәдениет басқышының ең төменіне аяқ баса алмай тұр. 

Қазақ әдебиетінің атасы хүкімінде тарихта аты алтынмен жазыларлық Абай Шыңғыс тауында туып, Шыңғыс тауында алпыс жылдық өмірін өткізіп, сол Шыңғыс тауында өлді. Туғанын, жасағанын, өлгенін өз елі тобықтыдан басқа қалың қазақтың көп жері білмей де қалды. Осы заманда, үш ауыз сөздің басын құрай білетіндердің жазулары тасқа басылып, халыққа тарап, сынға түсіп тұрғанда, Абай сөзі өзі өлгеннен кейін бес жыл өткенде басылды. Абай кітабы басылғаннан соң да елге көп тарай алмады. Былтырдан бері ғана «Қазақта» Абайдың кім екендігі жайынан жазылған соң, қазақтың әр жерінен сұраушылар бола бастады. 

Абай сөзі өзінің тірі күнінде басылмау себебін, өлген соң да балалары неге тез бастырмағанын анық білмейміз. 1904 жылы июнь жұлдызының басында Омскіге барғанымда Абай өлеңдерінің жазбасын алғаш рет Ахмет Байтұрсыновтан көрдім. Сонда Байтұрсынов айтты: «Естуімше Абай өзі өлеңінің басылып шығуын тілемейді һәм бастыруға ешкімге рұқсат бермейді екен, күз Қарқаралы қаласына барамын, сонда әдейі бұрылып Абайға сәлем беремін, танысамын һәм өлеңдерін бастыру жайынан сөйлесемін», - деп. Ахметке Абайды көруге нәсіп болмады; Абай өмірі күзге жетпей, сол июннің 23-інде офат болды. 

1905 жылы «Семипалатинский листок» газетасында һәм онан кейін Семейдегі Географический Обществаның шығарған бір кітабында (Записки Семипалат. Подотдела Запад. – Сибир. Отдела Император) Ғалихан Бөкейханов Абайдың тәржіма халін жазды һәм кешікпей кітабы да басылатынын да білдіріп еді. Бірақ тез шықпады, 1909 жылы Абайдың балалары һәм інілерінің ризалығы һәм Ғалиханның ыждаһатымен Абай кітабы Петербургта Бураганский баспаханасында басылып шықты. Бұл күнгі қолымыздағы сол бірінші кітап. 

Бүгін Абай секілді , атымен қазақ халқы мақтанарлық ақынымызды арамыздан жоғалтқанымызға он жыл толуын еске түсіріп, халқымыздың мұндай адамның қадірін білмеуін айтып қана өтеміз. Тәржіме халі өткен жылы «Қазақтың» 39, 41 һәм 43 нөмірлерінде, бұрын өз кітабында һәм Геграфический Общества кітабында жазылғандықтан, бұ жолы такрар жазбаймыз. Абай сынды ақынның қадырын білмеу қазақ халқының зор кемшілігін көрсетуге толық жарайды. Себебі – қазақ басқа жұртпен үзеңгі қағысып, тең халық болып жасай алмауы, тарихи әдебиеті жоқтықтан. Тарихи әдебиеті жоқ халықтың дүнияда өмір сүруі, ұлттығын сақтап ілгері басуы қиын. Әдебиеті, тарихы жоқ халықтар басқаларға сіңісіп, жұтылып жоқ болады. Қай жұрттың болса да жаны – әдебиет, жансыз тән жасамақ емес. Қайдан өрбігенін, қайда өскенін, ата-бабалары кім болғанын, не істегенін білмеген жұртқа бұл талас-тартыс, тар заманда арнаулы орын жоқ. Сондықтан Абайдың аты жоғалуы мұнан кейін де шығатын Абайлар солай ескерусіз ұмытылуы ыхтималы – қазақтың жоғалуы, қазақ атты халықтың ұмытылуымен бірдей. 

Соның үшін, жиырмасыншы ғасырдың таңында халқымыздың ұйқыдан азырақ бас көтеруі, жас әдебиетіміздің өсуі, белгілі кісілеріміздің тірлігінде һәм өлген соңында мәңгі ұмытылмастай болуы – біздің бірінші ескеретін борышымыз. Әдебиетіміздің негізіне қаланған бірінші кірпіш – Абай сөзі. Абай аты боларға керек. Абайға шейін қазақта қолға алып оқырлық, шын мағынасында қазақ әдебиеті дерлік бір нәрсе болған жоқ еді. Абайдың бізге қымбаттығы да сол. Бәлки, мұнан кейін Абайдан үздік ақындар,жазушылар шығар, бірақ ең жоғарғы, ардақты орын – Абайдікі, қазақ халқына сәуле беріп алғашқы атқан жарық жұлдыз – Абай. 

Орыста бірінші жазушы Ломоносов бір балықшының баласы еді. Онан кейін сан жүйріктер шығып жатыр, сонда да орыс әдебиетінің тарихында бірінші орын, бас бәйге Ломоносовқа арнаулы. Неше жүз жылдан бері Ломоносовтың атын орыс халқы көңілдерінде һәм тілінде сақтап келеді, мұнан соң мың жылдар өтсе де оған көрсетілер қадыр, құрметтері аспаса кему жоқ. Біз де Абайға сол көзбен қарарға керек. Абайдың есімін, сөзін өте құрметтеп, ұмытпастай басына белгі орнатып, құрметіне ізгі жайлар ашарға керек. 

Бір-екі ай мұнан бұрын Семей қаласында білімді, жүрегінде жалыны бар бірнеше азаматтар Абай құрметіне қираятхана ашады деп естіп қуанып едік, сол хабардың жандануына тілектестпіз. Бұл туралы өрнекті басшылықты әуелі Семей халқынан күтеміз. Өткен 26-январьда Семей қаласында Географический Общества, ондағы оқыған қазақ жастарының жәрдемімен Абай құрметіне әдебиет кеші жасағандығы – Семей халқынан күткен үмітімізді күшейтуге зор дәлел болса керек. Ол кеш бірінші қазақ ақынының құрметіне жасалған бірінші әдебиет кеші болып һәм бірінші қазақ әйелі (Нәзипа ханым Құлжанов жамағатының) майданға түсіп берген өрнегі еді. 

Біз бүгін ардақты ақынымыз мархұм Абайдың рухына дұға қылып, қараңғы заманда шырақ жаққан басшымыздың есімі, құрметі, терең мағыналы асыл сөзі атадан – балаға, немереден – шөбереге үзілмей сақталуын тілейміз. 

Зәредей шабһа етпейміз: Абайдың өлген күнінен қанша алыстасақ, рухына сонша жақындармыз. Үнемі бұл күйде тұрмас, халық ағарар, өнер-білімге қанар, сол күндерде Абай құрметі күннен күнге артылар, бірінші ақынымыз деп қабірін халқы жиі-жиі зиярат етер, халық пен Абай арасы күшті махаббатпен жалғасар. Ол күндерді біз көрмеспіз, бірақ біздің рухымыз сезер, қуанар...

«Қазақ» газеті. 1914 жыл, 23 июнь, №67 

Fotogalereya
Абай-175: Міржақып Дулатовтың "Абай" атты мақаласы
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: