Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

09:20
Кітап палатасының ұжымы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:25
БҮГІН ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ
12:35
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, оның құрамы бекітілді.
21:59
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетов "Ұлы Абайға 175 жыл"
elskluziv
11:20
Ұлы Абайға 175 жыл
elskluziv
18:36
«Smart qalamger» жобасы іске қосылды
14:40
ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы ұжымы Арыс қаласына бір күндік жалақысын аударды
11:16
Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов: Біз кез келген пікірді тыңдауға дайынбыз!
16:07
Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
09:07
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
15:52
Баспалар назарына!
09:29
Жүйелілік – жұмыс сапасын арттырушы фактор
10:40
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары
11:01
Кітап палатасының ұжымы Президент сайлауына дайын
14:38
Маралтай ақынның өлеңдері БҰҰ-ның алты тіліне аударылды
09:57
Нұр-Сұлтанда Ержан Максимнің концерті өтеді
11:39
Елімізде Ораза айт мерекесі басталды
10:20
Айлардың сұлтаны Рамазанның соңғы күні
08:47
Абай музейінде АҚШ-тың бас консулы
08:30
Әнұран – менiң оттай Ар-намысым!
17:25
4 маусым - мемлекеттік рәміздер күні!
17:57
Ашаршылық пен үлкен террордың тарихи сабақтары
10:57
Кітап палатасында қазақ тілінде жарық көрген көне кітаптар көрмесі ұйымдастырылды
12:31
«Анықтама және барлау» бөлімі библиографиялық жазбалар каталогын электронды нұсқаға аударуда
14:57
Кітап палатасында «Жас библиографтар мектебі» сабақтары өтті
12:14
Нұр-Сұлтан қаласында «Композитор» фильмінің тұсаукесері өтті
elskluziv
07:46
Қазақстан - Ұлы даланың қара шаңырағы
05:27
Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы
elskluziv
08:01
Грекияда "Әзірет Сұлтан" қорық-музейінің тарихи көрмесі ашылды
08:46
Кітап палатасында алтын күз мерекесі өтеді
Kop jañalyqtar
» » Әнұран – менiң оттай Ар-намысым!

Әнұран – менiң оттай Ар-намысым!

Жаңалықтар / Палата жаңалықтары
218
3

4 маусым - ҚР Мемлекеттік рәміздері күні! Осыған орай, ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы директорының орынбасары, «Дарын» жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Президенті стипендиясының иегері, ақын Маралтай Райымбекұлының "Ата Заң", "Көкбайрақ", "Әнұран" атты өлеңдерін назарларыңызға ұсынамыз. 


АТА ЗАҢ

 

Тәнтi  етердей досымыз бен дұшпанды,

Жұмсап бүкiл бойдағы нәр, күш, қанды.

Баянды еткен Егемендi елiмдi,

Қазағымды, мынау Қазақстанды.

 

Елдiң басын бiрiктiрiп мәндi үмiт,

Ғасырларға даңқы кетер жаңғырып.

Ата заңым арманымның айғағы,

Айқындайтын мақсатымды мәңгiлiк.

 

Мұқабасы алтынменен апталған

(Арашалар намысымды тапталған)

Әр адамның жеке-дара мүддесi,

Ата заңда ап-анық боп қатталған.

 

Ата заңым – ұлт арманы мұралы,

Ата заңым – азаттықтың ұраны.

Азаматтық қоғам менен құқықтық,

Мемлекет орнатудың құралы!

 

Ата заңым – iргесi нық, ұлы елiм,

Ата заңым – жанды жерiм – жүрегiм.

Ұрпақ үшiн лайықты өмiрдi,

Қамтамасыз ететұғын тiрегiм!

 

Қаз-қаз тұрған қазағымның елi үшiн,

Ата заңым – менiң ұлы жеңiсiм.

Ата заңым – жетелеген биiкке,

Татулық пен ұлт аралық келiсiм!

 

 

КӨК БАЙРАҚ

 

Құдай – көкте,  мен – жердемiн,  жердегi

Қаламымда тағдырымның  кермегi.

Маңдайыма тұрып қалған ағып кеп,

Ғасырлардың  айғыз-айғыз өрнегi.

 

Кермегiмде –  кешегiмнiң  зәрi бар,

Өрнегiмде – өмiрiмнiң  зары бар.

Боздар болса мен боздайын ботадай,

Жүрегiмде  Аруана елдiң  қаны бар.

 

Сол қайғыны  жою үшiн, ғасырлық –

Арманымды алмау үшiн  ғасыл ғып.

Оу, кер далам сөйлесiн деп биiктен,

Батыр тудың  күркiреген  күйiктен.

 

Ақын тудың Ұланғайыр Тұранға,

Бөрiнiң де көкiрегiн   иiткен.

Олар сенiң бүлдiрген жоқ тiлiңдi,

Олар сенiң  солдырған жоқ  гүлiңдi.

 

Содан берi  жазылып сан  ғазалдар,

Қирамады дейсiң не дүр  мазарлар.

О, туған  ел – мен сен үшiн шаттанып,

Һәм күйредiм  саған төнген  ажалға әр.

 

Басыбайлы   бөтен тұтып  баламды,

Сыйлаудан да қалып мүлдем  анамды.

Игере алмай иiрiмге кетем бе,

Деп ойлаушы ем  жат билеген  санамды.

 

Тiлiм, дiлiм – ғұрыптарым –  күш, қаным

Қайта айналып қонса рас ұшқаным.

Босағамда сүйек мүжiп төбетi,

Ендi қайтып төрге озбасын  дұшпаным!

 

Бiрлiгiмдi  тапсам-дағы  жоғалған,

Қайдан табам тарихымды  тоналған.

Тар жатырын жарып шыққан құлдықтың,

Сәби елге  сәулеңдi құй  о, жалған.

 

Кәрiн қайта   төкпесiн деп  жат әмiр,

О, бабалар  ұрпағыңа  бата қыл.

Еркін ұрпақ тұлпарына ер салды,

Қолың бос па, демеп жібер а, Тәңір!

 

Тамырынан  таратылып  тектi сөз,

Ал, арманшыл асыл халқым  көктi кез.

Көк байрақты, қыран тектi қазаққа

Күн астында  қанат жаяр  жеттi кез!

 

  

ӘНҰРАН

 

Ұлдарым  төрге шықса  байрақпенен,

Басталар Әнұраным   айбатпенен.

Рухтың ұлағатты көзi емес пе,

Әнұран –  әр қазаққа  қайрат берген.

 

Әнұран –  менiң оттай  Ар-намысым,

Намысым зау биiктен   аңғарылсын.

Әнұран айтылғанда кеудемдегi,

Жүрегiм  дайын тұрар  самғау үшiн.

 

Осынау Жер мен Көктiң   арасында,

Алаштың рух берген  баласына.

Әнұран – қазағымның тағдыры едi,

Сыр болып жырға айналған санасында.

 

Ерлiктiң  басы бар да,  жоқ аяғы

Көңiлiм ұрандасам тоғаяды.

Көтерсе қозып кетер қай-қайдағың,

Бөрiлi  байрағымдай   о баяғы!

 

Ұрандап  жауға шапқан  ата-бабам,

Ұрандап ел-жұртына   бата қылған.

Әнұран бiрге барып, бiрге қайтар

Елбасы  әр аттанған  сапарынан.

 

Әр сөзi, әрбiр жолы  ой ұқтырып,

Кеудеден орын алған  ойып тұрып.

Тербелем Әнұранға, жаным балқып

Қолымды  жүрегiме  қойып тұрып.

 

Ерiксiз  бас иесiң  дана тiлге,

Ұмтылған жаңа дәуiр, жаңа күнге.

Елiмдi мекендеген барша халық,

Шырқаса Әнұранды  Ана тiлде.

 

Әнұран –   менiң оттай  Ар-намысым,

Намысым зау биiктен аңғарылсын.

Әнұран айтылғанда кеудемдегi,

Жүрегiм  дайын тұрар  самғау үшiн!

 

 

Fotogalereya

 

Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

3 pikirler

RussellTom 5 августа 2019 13:06
Нужно выполнить активацию windows ---- бла-бла-кар найдите свою поездку пассажиром без регистрации Трудно конечно, но мы справимся ---- госуслуги вход по номеру телефона ---- Вы такое говорите как так то ---- аренда офиса волочаевская карта свобода хоум кредит ---- ссылку оставлю для вас тут ---- http://nevylet.ru/ ---- Здесь вы можете подобрать себе технику ---- погрузчик heli cpcd ---- какой милый комментарий ---- станозолол купить
Гость PeterVar 10 августа 2019 13:50
Загляни сюда на сайт ---- мойка купить
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: