Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Елдігіміз берік, тұғырымыз биік болсын!
Биылғы жыл жыл әлем үшін дүрбелеңге толы жыл болды. Дегенмен, эпидемиологиялық жағдайдың ушыққанына қарамастан еліміз ірі жетістіктерге қол жеткізді.
Жоспарланған жобалардың барлығы іске асып, көздеген мақсаттар орындалды. Келе жатқан Жаңа жыл еліміз үшін, әрбір отбасы үшін табысты, берекелі болсын деп тілеймін!
Жаңа жыл барша қазақстандықтарға жаңа бақыт, жаңа құт, жаңа табыс алып келсін! Әркім жаңа жылды жаңа үмітпен, тың күшпен бастайтыны анық. Баршаңызға күш-қуат, қажырлы қайрат, мықты денсаулық тілеймін!
Жаңа жыл – татулық пен бірліктің, бейбітшілік пен мерекенің жылы болсын!
Әділ ҚОЙТАНОВ
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры