Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

11:18
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: "ТАРИХТЫ ТҮЗЕМЕЙ ӘДЕБИЕТТЕ АҚИҚАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚИЫН"
09:55
Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін құттықтады
10:31
Тұлғалардың тырнақалды кітаптары жарық көрді
elskluziv
16:00
ISBN нөмірін тегін алыңыз
08:48
Ұлы Жеңіске 75 жыл
elskluziv
13:19
Абайдың жиырма үшінші қара сөзі
13:22
Кітап – адамзаттың асыл діңгегі
elskluziv
19:53
#Бізбіргеміз: Иманғали Тасмағамбетов
19:45
#Бізбіргеміз: Жақсыкелді Кемалов
15:09
#Бізбіргеміз: Дулыға Ақмолда
19:39
Абайдың жиырма екінші қара сөзі
09:48
#Бізбіргеміз: Светқали Нұржан
21:58
#Бізбіргеміз: Сұраған Рахметұлы
17:48
#Бізбіргеміз: Мұрат Шаймаран
15:35
Абайдың жиырма бірінші қара сөзі
00:33
#Бізбіргеміз: Сәуле Жанпейісова
00:27
#Бізбіргеміз: Нұркен Өтеуіл
00:22
#Бізбіргеміз: К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы
00:20
Абайдың жиырмасыншы қара сөзі
00:18
#Бізбіргеміз: Дәулеткерей Кәпұлы
00:12
#Бізбіргеміз: Ғалым Жайлыбай
20:30
Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
19:30
Абайдың он тоғызыншы қара сөзі
16:52
«Сіз үшін жыр оқыдым, ғазиз жұртым...» эстафетасы басталды
elskluziv
19:29
Абайдың он сегізінші қара сөзі
15:23
Конкурентоспособность ведущего вуза страны
19:28
Абайдың он жетінші қара сөзі
17:25
Мұқым елдің мүддесі – бірлік
17:19
Абайдың он алтыншы қара сөзі
15:04
Абай-175: Мұхтар Әуезовтың "Абай ақындығының айналасы" мақаласы
elskluziv
19:24
Абайдың он бесінші қара сөзі
14:33
День студенческой науки в КазНУ имени аль-Фараби
15:16
Абайдың он төртінші қара сөзі
15:13
Абай-175: М.Мақатаевтың «Дала данышпаны» өлеңі
elskluziv
14:41
Медаль Пушкина за обучение языку Пушкина
15:07
Абайдың он үшінші қара сөзі
12:12
Карантин - это время для саморазвития
Kop jañalyqtar
» » Абай-175: Тахир Шағатайдың «Түркістанның ең ұлық ақыны – Абай» мақаласы

Абай-175: Тахир Шағатайдың «Түркістанның ең ұлық ақыны – Абай» мақаласы

Жаңалықтар
456
0

Түркістанның ең ұлық ақыны – Абай

Түрік халықтары әдебиеті ішінде ең бай әдебиет қазақ халқының әдебиеті десек, ешқандай артық айтпаған болар едік. Қазақ халқында ақындық өнер мен философиялық дүниетанымының күшті дамығаны жайында ел аралап, қазақтар арасында болған көптеген шет елдік ғалымдар да айтып кеткен. Кең дала, заңғар таулар мен жайлы жайлаулар және табиғи тұрмыс салты сыйлаған кең мүмкіншілік пен мұңсыз өмір сияқты алғышарттардың халық өнерінің дамуына үлкен үлес қосқаны анық. Қазақ халық әдебиеті сарқылмас, шексіз қазына. Сондай-ақ, ол басқа халықтар әдебиеті сияқты біржақты ғана емес. Ол табиғи, қоғамдық тұрмыстың әр саласына тамыр тартқан. Тарихи оқиғаларды керемет шеберлікпен суреттейтін қазақ халық әдебиетінің ішінде көптеген философиялық, дүниетанымдық туындыларды ұшыратуға болады. Өйткені, көне заманнан бері қазақ әдебиеті халықтың төл туындыларымен бірге атақты ақын-жыраулар шығармаларымен де ерекшеленеді. 

Қазақтардың көшпелі өмір салты жазуды етене меңгеруді белгілі дәрежеде кешіктірген. Сондықтан, халық өмірінің елеулі оқиғалары ұзақ уақыт ауызша айтылып, тараған. Бұл жағдай көптеген құнды шығармалардың тар шеңберде қалуына яки тіпті ұмытылып қалуына әкеп соқтырған. Сонымен қатар, қазіргі қазақ әдебиетінің өзі орасан байлық ретінде көрсетуге әбден жеткілікті. Халық ауыз әдебиетінің ішінде «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу», «Қыз Жібек», «Айман – Шолпан», «Бозжігіт» және тағы басқа туындылар ерекше атап көрсетерлік. Жоғарыда айтылған жайтқа қарап, қазақ әдебиетінде жазба әдебиет жоқ екен деп ойлап қалмаңыз. Сонау ислам дінін қабылдаған кезден бастап-ақ қазақ арасында жазба әдебиет кездеседі. Алайда, бұл әдебиет ислам діні және сол арқылы келген ислам мәдениетінің әсерімен тілдік және өзіндік ерекшеліктерінен айырыла бастады. Бұл әсер көбіне исламдық таным мен арабша, парсыша сөздерде көрініс тапты. Халық әдеби тіліндегі тазалық жойыла бастады, тұрмыс салты өзгеріп, дамыған сайын әдебиет түрлі тармаққа бөлініп, түрлене берді. Алғашқы кезеңде тек діни сипатта болған әдебиеттің бұл түрі де уақыт өте келе сан салалы бағытта дамуға көшті. Сонымен қатар, ерекше ескерте кетерлік жайт, сырттан келген әсерге қарамастан, қазақ халық әдебиетінде ауыз әдебиеті үстем болып қала берді. Ауыз әдебиетінде дәстүрлі қазақ әдебиетінің рухы басым болса, жазба әдебиетінде сыртқы дүниенің әсері айқын еді. Әртүрлі тармақтарға бөлінгеніне қарамастан бұл үрдіс ХІХ ғасырдың орта тұсына дайін жалғасын тапты. Осы кезеңнен бастап ұлы қазақ ақыны Абай Құнанбайұлы әдебиетке үлкен өзгеріс әкеліп, халық әдебиетіне жаңа бағыт берді. Ол заманауи сипатта, ұлттық рухта өлеңдер жаза бастады. Абай орыс әдебиеті және сол арқылы Еуропа әдебиетін жетік білетін. Дегенмен, бұл таныстық оны қазақ ауылынан, кең даласынан және дала төсінде еркін жайлаған халқынан айырған жоқ. Ол дәстүрлі қазақ әдебиетіндегі халықшылдықты заманауи ұлтшылдыққа айналдырды. Абай өз өлеңдерін халықты тануға һәм танытуға арнады. Халықтың кемшіліктерін көрсетіп, одан тиылуға шақырды. Ол халықты, елін және оның табиғатын суреттеді, өткен күндердің жарқын беттерін сағынды, өз дәуіріндегі халықтың жағдайына жаны ауырып, қайғырды. Халықты келешек үшін дайындық жасауға, оқу-білім мен мәдениетке шақырды. Абай қазақ жастарын, жалпы қазақ жұртшылығын елін танып, білуге, оны сүюге және оған қызмет етуге үндеді. 

Орыс зерттеуші ғалымдары Абайды орыс әдебиетінің алыптары Пушкин мен Лермонтовты оқып, олардың шығармаларымен жақын таныс болған деп жазады. Ал, большевиктер оны «дала аристократы» ретінде қарап, «феодализм мен байшылықтың жыршысы, ұлтшыл» деп қаралауда. 

Біздің пайымдауымыз бойынша, Абай қазақ әдебиетіне жаңа заманға сай ұлттық рух пен сипат берген ұлттық әдебиеттің шынайы реформаторы еді. Ол мұндай қызметті атқару үшін жеткілікті қабілет пен мүмкіншілікке ие еді. Абайдың жолын қуған кейінгі буын әдебиет өкілдері оның әсерімен һәм салған дара жолымен жүрді. Қазақ әдебиетінде бірден жаңашылдық рухы басым боп шыға келді. Ахмет Байтұрсын, Міржақып Дулат, Сұлтанмах­мұт, Ғұмар Қарашұлы және тағы басқалары Абай қалыптастырған әдеби мектептің көрнекті өкілдері. Соның ішінде, әсіресе, Ахмет Байтұрсын мен Міржақып Дулат тек қазақ әдебиетінің ғана емес, тұтас Түркістанның қалыптасып, құрылуына, одан кейін 1925-1930 жылдары кезеңінде маңызды қызмет атқарған ерекше тұлғалар. Бұл екі азамат қазіргі кезде Кеңестік Ресей өкіметі тарапынан «ұлтшыл» деп айыпталып, мұзға оранған солтүстік өлкеге айдауға жіберілген. 

Абай туған халқының ауыл тұрмысынан қол үзбеді. Ол шығармаларын қалың қазақ арасында, өз ауылында отырып жазды. Сондықтан, ол көзі тірісінде үлкен Түркістанның түкпір-түкпіріне танылып, өзіне лайықты бағасын ала алмады. Оның даңқы 1908 жылы «Абай өлеңдері» деген атпен жарық көрген шығармалары арқылы шығып, жалпақ жұртқа кеңінен белгілі болды. Алайда, өкінішке қарай,бұл кезде ақын өмірден озып кеткен еді. Сонымен бірге, ол артына мол мұра, мықты негіз қалдырып кетті, қазақ әдебиетінде оның әсері тез көрініп, Абай мектебі қалыптасты. 

Міне, еліне, халқына өлшеусіз қызмет жасаған ұлы ақынның өмірден өткеніне отыз жыл толып отыр. Өкініш сол, оның құнды шығармаларын халқымыз өз қажетіне қалауынша жарата алмай отыр. Өйтткені, елімізде үстем болып отырған қызыл диктатура Түркістан ұлттық әдебиетінің өкілдері сияқты Абай және оның шығармаларын Түркістан халқынан мейлінше жырақ ұстауға тырысуда. Төңкерістің алғашқы жылдарында қайта жарық көрген Абай өлеңдері бұл күндері мектептерден, кітапханалардан және кітап дүкендерінің сөрелерінен алынып тасталған. Бұл күндері орыстың кез-келген ұлтшыл ақын-жазушысының еңбегін табуға болатын Түркістанда Абайдың шығармаларын кездестіре алмайсыз. Мұның себебі де белгілі: орыс ұлтшылдығы! 

Алайда, бұл әрекеттер пайдасыз әрі нәтижесіз болады. Өйткені, Абай сияқты ұлттық ақындардың еңбектері мен Түркістан халқы арасында «Қытай қорғанын» орната алмайсыз. Қаншалықты шектеу қойылғанымен, халық рухының туындысы болған шығармалар оның жүрегінен берік орын алып, жасампаздығы арта бермек.

«Яш Түркістан», 1935 жыл. 

Авторы – Мұстафа Шоқайдың сенімді серігі, өзбек жігіті Тахир Шағатай

Аударып, түсініп оқып, жазған - Дархан Қыдырәлі

Fotogalereya
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: