Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында «Жас библиографтар сабақтары» басталғанын бұрын да хабарлаған болатынбыз. Кеше билиография бөлімінде өткен сабақ құжаттардың библиографиялық сипаттамасын стандарттарға сай рәсімдеу тақырыбына арналды.
МемСТ 7.1-2003 стандарты бойынша құжаттардың библиографиялық сипаттамасы қалай жасалу керек, библиографиялық сипаттама жасаудың жалпы тәртібі мен құрастыру ережелері қандай деген сұрақтар төңірегінде сөз қозғалды. Жоғары санатты, тәжірибелі библиографтар жас мамандарға өз жұмыстарын жүйелі жүргізуді үйретті.
Кітап палатасыныда газет, журнал мақалаларының шежірелері жүйелі түрде шығып отырады. Осы шежірелерді шығару барысында жасалатын шаруа да бүгінгі сабақтың тақарыбының бірі болды. Мақаланың қысқаша мазмұнын ғылыми түрде ашып жазу, өңдеу, ӘОЖ кестесі және КБЖ кестесі бойынша картотека құрастыру – сауатты библиографияның кепілі болатын ғылыми еңбек.
«Мемлекеттік библиография» бөлімінің меңгерушісі Жексембаева Жібек Жапсарбайқызы жас маман Айжан Илгитаеваға газет мақалаларының библиографиялық сипаттамасын түсіндіру барысында.
«Мемлекеттік библиография» бөлімінің жоғары санатты библиограф, ардагер маман Балсұлу Мақсұтқызы
"Мемлекеттік библиография" бөлімінің библиографы Искендирова Гүлжәмилә сабақ түсіндіру барысында
Жас библиографтар Ануарбекова Динара, Арыстанбаева Назгүл