Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

00:23
1 наурыз – Алғыс айту күні
elskluziv
09:18
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
elskluziv
19:25
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
elskluziv
11:14
Ақтоты Райымқұлова Президент Алғыс хатын табыстады
elskluziv
16:55
Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
elskluziv
10:41
Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
elskluziv
00:48
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды
elskluziv
00:38
Ақтоты Райымқұлова театр, кино, спорт және туризм жөнінде эксклюзивті сұхбат берді
elskluziv
11:20
Шайзада Бәйкенова 70 жаста
13:52
«2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»
elskluziv
12:52
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:21
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні
elskluziv
13:30
Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
16:39
Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
elskluziv
qujat
02:00
Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
16:30
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді
21:36
ҚазҰУ-мүмкіндіктер ордасы
18:13
ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
elskluziv
qujat
17:41
Ортақ мүдде, дара идея және оң бастама
elskluziv
11:24
Жаңа жыл құтты болсын!
17:12
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
elskluziv
qujat
12:01
Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?
elskluziv
11:23
Тәуелсіздік – күллі қазақтың мәңгілік төлқұжаты
12:35
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
23:59
Сәбит Досанов. Назарбаев: «Сенен асып қайда барам?» – деді
elskluziv
10:53
Алматы қаласында Ералы Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті
17:08
«Көне кітаптар және басылымдар» мұражайы ашылды
elskluziv
16:04
«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының қорытындысы
elskluziv
10:32
Тұңғыш Президент күні
09:21
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбында конференция өтті
12:48
Әнес САРАЙ, жазушы-драматург: ШЫҒАРМАНЫ ҚЫЗЫҚТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЛІ МЕҢГЕРГЕН ЖОҚПЫЗ
elskluziv
10:26
Қоңыр Мұқатайқызы 70 жаста
15:48
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ: ӘУЕЗОВКЕ ҮШ ЖЫЛ ШӘКІРТ БОЛДЫМ
elskluziv
23:51
«Асыл сөздің» бүгінгі қонағы – жазушы Сәбит Досанов
elskluziv
11:49
Жас ақын, жазушылар қолдауға зәру
10:37
15 қазан – Кітапханашылар күні
15:18
«Асыл сөз» сұхбат жобасының бүгінгі қонағы – Мырзатай Жолдасбеков
Kop jañalyqtar
» » Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді

Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді

Жаңалықтар
399
0

Бүгін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Алматы қаласына жұмыс сапары барысында Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрында ақын-жазушылармен кездесті.

Жиын барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы талқыланды.

«Тәуелсіздік – мемлекеттігіміздің алтын діңгегі. Қазақ елі үшін бұдан асқан қастерлі құндылық жоқ. Биыл Тәуелсіздіктің 30 жылдығын атап өтетін боламыз. Бұл кезең – бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің тарихи шежіресі. Сондықтан Мемлекет басшысы 21 ғасырдың 2021 жылын «Тәуелсіздіктің 30 жылдығы» деп ресми түрде жариялаған болатын.

Өздеріңізге мәлім, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласы жарық көрді. Бүгінгі басқосуға қатысып отырған баршамыздың түпкі мақсатымыз – сөзсіз Тәуелсіздігімізді күшейту. Сіздердің әдебиет пен мәдениет саласына қосқан үлестеріңіз егемен еліміздің еңсесін көтеріп, ұлтымыздың рухын өсіреді. Біз әрдайым сіздердің істеген жұмыстарыңызды жоғары бағалаймыз.

Президентіміз өз мақаласында мәдениет пен өнер, ғылым мен әдебиетке қатысты көптеген мәселені қозғағаны мәлім. Оның ішінде ұлт шежіресін айқындаған «Мәдени мұра» бағдарламасы, деректі және көркем фильмдер, Алаш зиялыларынан қалған рухани мұраны жастарымызға және бүкіл әлемге паш ету туралы сөз қозғап, осы тақырыпты зерттеп жүрген ғалымдар мен жазушылардың да еңбегін қолдау қажеттілігін айтты.

Мемлекет басшысы еліміздің тарихын зерттеу мәселелеріне тоқталды. Сондай-ақ мемлекеттік тіл де бұл мақалада назардан тыс қалған жоқ. Президент өз сөзінде: «Қазақ тілін, шын мәнінде, бүкіл халқымызды біріктіруші факторға айналдырудың барлық құқықтық тәсілдері және кепілдіктері қалыптасты. Мәселе – ниетте!» деген болатын», - деді министр.

Осыдан кейін Ақтоты Райымқұлова тіл игеруге келгенде балалар әдебиетінің атқаратын рөліне тоқталды.

«Президент өз мақаласында балалар әдебиетіне ерекше мән беріп: «Тіл игеру үшін балалар әдебиетінің атқаратын рөлі зор. Сондықтан, қазақ қаламгерлерінің үздік шығармаларына қоса, балаларға арналған шетел жазушыларының да таңдаулы туындыларын аударып, көптеп басып шығаруды және таратуды қолға алған жөн. Оған сұраныс жоғары», - деп атап өтті.

Іс-шарада Ақтоты Райымқұлова алпыс жасқа толған жазушы Жаңабек Шағатайды құттықтап, «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Сонымен қатар министр ақын-жазушылар С.Соқпақбаева, К.Құныпияұлы, Е.Шайхыұлы, М.Отарбаев, М.Омароваға «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісін, қырғыз әдебиетінің өкілі Перизат Алмазқызына Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» медалін және бір топ қаламгерлерге Алғыс хат табыстады.

Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: