Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

00:23
1 наурыз – Алғыс айту күні
elskluziv
09:18
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
elskluziv
19:25
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
elskluziv
11:14
Ақтоты Райымқұлова Президент Алғыс хатын табыстады
elskluziv
16:55
Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
elskluziv
10:41
Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
elskluziv
00:48
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды
elskluziv
00:38
Ақтоты Райымқұлова театр, кино, спорт және туризм жөнінде эксклюзивті сұхбат берді
elskluziv
11:20
Шайзада Бәйкенова 70 жаста
13:52
«2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»
elskluziv
12:52
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:21
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні
elskluziv
13:30
Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
16:39
Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
elskluziv
qujat
02:00
Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
16:30
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді
21:36
ҚазҰУ-мүмкіндіктер ордасы
18:13
ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
elskluziv
qujat
17:41
Ортақ мүдде, дара идея және оң бастама
elskluziv
11:24
Жаңа жыл құтты болсын!
17:12
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
elskluziv
qujat
12:01
Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?
elskluziv
11:23
Тәуелсіздік – күллі қазақтың мәңгілік төлқұжаты
12:35
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
23:59
Сәбит Досанов. Назарбаев: «Сенен асып қайда барам?» – деді
elskluziv
10:53
Алматы қаласында Ералы Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті
17:08
«Көне кітаптар және басылымдар» мұражайы ашылды
elskluziv
16:04
«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының қорытындысы
elskluziv
10:32
Тұңғыш Президент күні
09:21
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбында конференция өтті
12:48
Әнес САРАЙ, жазушы-драматург: ШЫҒАРМАНЫ ҚЫЗЫҚТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЛІ МЕҢГЕРГЕН ЖОҚПЫЗ
elskluziv
10:26
Қоңыр Мұқатайқызы 70 жаста
15:48
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ: ӘУЕЗОВКЕ ҮШ ЖЫЛ ШӘКІРТ БОЛДЫМ
elskluziv
23:51
«Асыл сөздің» бүгінгі қонағы – жазушы Сәбит Досанов
elskluziv
11:49
Жас ақын, жазушылар қолдауға зәру
10:37
15 қазан – Кітапханашылар күні
15:18
«Асыл сөз» сұхбат жобасының бүгінгі қонағы – Мырзатай Жолдасбеков
Kop jañalyqtar
» » «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды

Жаңалықтар
11 300
4

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитеті Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы биылдан бастап ҚР «Мәдениет туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және сатып алу» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды іріктеуге міндеттелген. 

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы респуликалық мемлекеттік мекемесі «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды іріктеудің жаңа механизмін дайындады. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «ашықтық» саясатына орай, мемлекеттік бағдарламаға ұсынылған шығармаларды көпшілік алдында іріктеу – жаңа бастама, маңызды қадам. 

Осы жаңа бастаманы жүзеге асыру барысында жобаны талқылау мақсатында ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Мұратұлы Дәуешов және Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Әділханұлы Жүдебаев Кітап палатасына ат басын бұрды. 

Талқылауға Нұрқиса Дәуешов, Арман Жүдебаев, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлы, Қазақстан Баспагерлер, полиграфистер және кітап таратушылар Ассоциациясының вице-президенті Алмаз Шәйкен, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды онлайн іріктеуге арналған платформаны құрастырушы, «Ақпараттық-технологиялық орталығы» Қоғамдық қоры Қанат Таңатаров және Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының бірқатар қызметкерлері қатысты. 

Мекеме басшысы – Әділ Қаженбайұлы «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды іріктеу Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жүктелуінің аса жауапты міндет екенін атап өтіп, онлайн іріктеу механизмін таныстырды. 

«Мемлекеттік бағдарлама арқылы шығатын еңбектерді іріктеу – Респулика көлеміндегі әдеби үдерістің, оқырман сұранысының деңгейін анықтау және сұранысты қанағаттандыру. Ал бұл іріктеуді онлайн форматта өткізу – Президент саясатын жүзеге асыру көрінісі. Бізге ұсынылған кітаптардың барлығына саммари (еңбектің қысқаша мазмұны) қоса беріледі. Іріктеуге шығармалар қабылдау уақыты аяқталған соң барлық кітаптар Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ресми сайтындағы арнайы айдарда орналастырылады. Әрбір кітаптың парақшасында «Дауыс беру» функциясы орнатылған. Бір IP-мекен-жайдан бір кітапқа бір рет қана дауыс беру мүмкіндігі бар. Дауыс берушінің деректері құпия сақталады, ал барлық дауыс берушілерге таңдалған еңбекке қанша дауыс берілгені көрініп тұрады. Іріктеудің екінші кезеңінде Тәуелсіз сараптама комиссиясы жұмыс істейді. Комиссия жұмысына жүгінуіміздің себебі – мемлекеттік бағдарламаға кітап ұсынушылардың еңбектерін қосымша талқылау. Комиссия мүшелері «Дауыс беру» нәтижесін ескере отырып, нақты шешімді бекітеді», - деді ол. 

ҚР Мәдениет және спорт министрі Нұрқиса Дәуешов кітап оқу мәдениеті, кітаптың маңызы туралы сөз сөйледі. 

«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасы – бірнеше жыл бойы бұрынғы механизм бойынша жұмыс істеп келген аса маңызды бағдарлама. Бағдарламаның іріктеу механизмін өзгерту арқылы сапаны төмендетіп алмауымыз керек. 

Мысалы, Еуропада, көршілес Ресейде мынандай бір керемет механизм бар: керемет сұранысқа ие болатын көлемді кинокартиналардың алдымен кітабы шығады. Кітапты оқыған оқырмандардың кейіпкерлерді экраннан көруге деген құлшынысы артады. Соның нәтижесінде кинолар күтілген нәтижеден үш-төрт есе жоғары касса жинайды. Мен өзім Ресейдің атақты «Бригада» деген киносының кітабын оқығанмын. Кітаптан кейін кез келген оқырман сол сюжет бойынша түсірілген дүниені міндетті түрде тамашалайды. Міне, бізге де осындай ашық әрі әділ түрде жүретін механизм керек. 

Бізде балалар әдебиеті бойынша бірқатар мәселелер бар. Балаларға арналған еңбектер А4 форматында шығып жатады. Тартымды деп айтуға келмейді. Бізде қоғам белсендісі, адвокат Абзал Құспан деген азаматтың бастамасымен 30-жылдардағы Алаш арыстарының еуропалық ғалымдармен қарым-қатынасы туралы кітап шықты. Аталған еңбектің тартымдылығы сонша, мен 8 данасын бір-ақ сатып алдым. 1937 жылы бабаларымыз аударған Еуропа әдебиетінің озық үлгілерін бала-шағама ұсындым. Сол кездегі Алаш арыстары өскелең буын даму көшінен кейіндеп қалмасын деп осындай көрегенділік жасапты. Жақында шыққан кітаптың көлемі жіңішке, кішкентай, алып жүруге өте ыңғайлы», - деді ол. 

Осыдан соң Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасына ұсынылған шығармаларды онлайн іріктеуге арналған платформаны әзірлеген «Ақпараттық-технологиялық орталығы» қоғамдық қорының директоры Қанат Таңатаров онлайн дауыс беру туралы түсіндіріп берді. 

«Бұл механизм белгілі бір деңгейде көңілден шығады. Дегенмен, дауыс берушілермен кері байланыс орнату жағдайын қарастыруымыз керек. Бұл жобаны биыл алғаш рет іске қосып отырғандықтан Тәуелсіз комиссия күшін сақтауымыз керек. Дегенмен, комиссия мүшелерінің де онлайн дауыс беруін қамтамасыз ету туралы жоба бізді қуантады. Бұл – ілгерілеушілік. Жобаны жүзеге асыру кезінде адами факторды сақтап қалу сапаны сақтандыру мақсатында жасалады. 

Біз енді кітаптарды ұсынушыларды толық құлағдар етуіміз керек. Бұл үшін БАҚ-та насихат жұмыстарын жоғары деңгейде жүргізілуі керек. Онлайн дауыс беру механизмін қабылдау кезінде мемлекет басшысы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Еститін мемлекет» концепциясын негізге алуымыз керек. Сондықтан, дауыс беруші жұртшылықпен кері байланысқа мән беруіміз керек. 

Осы механизм көңілден шығады. Біз әлі бұл бастаманы талқылаймыз. Мемлекеттік бағдарламаны халықтық талқылауға ұсыну – өте маңызды бастама», - деп баға берді Нұрқиса Мұратұлы. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлы талқылау отырысын қорытындылады. 

«Біз Ұлттық мемлекеттік кітап палатасына жүктелген аса маңызды міндетті жоғары деңгейде атқару мақсатында қызу жұмыс істеп жатырмыз. ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Мұратұлының осы жұмыстарымызды талқылауға арнайы қатысқаны үшін алғыс айтамыз. Осындай талқылаулардан кейінгі ұсыныстарды ескере отырып, «Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» мемлекеттік бағдарламасына ұсынылған еңбектерді онлайн іріктеудің бірегей механизмін іске қосамыз», - деп түйді ол. 

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының ректоры Арман Жүдебаев, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Ыбыраев та отырыс барысында өз ұсыныстарын білдірді. 

Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

4 pikirler

Charis 9 февраля 2021 11:17
Hey there, I thіnk your blog migbht bee having browser compatibility issues. Wheen I look at your blog in Safarі, it looks fine but wһen opening in Internet Exрlorer,it has some overlapping. I just wanted to give yyoս a quck headѕ up! Other then that, excellent blog! Would Yoоu Feel free to visit my web page - situs slot Online terbaіk
Гость BrockKier5 27 февраля 2021 16:11
We're a group of volunteers and starting a new scheme in our community. Your web site provided us with valuable information to work on. You have done a formidable job and our whole community will be thankful to you.
Гость BrockKier5 27 февраля 2021 16:21
Hmm is anyone else having problems with the pictures on this blog loading? I'm trying to determine if its a problem on my end or if it's the blog. Any responses would be greatly appreciated.
Demi 3 марта 2021 09:45
http://gorodenka.if.ua
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: