Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

16:01
Абай-175: Сәбит Мұқановтың «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» портреті
elskluziv
15:07
Абайдың төртінші қара сөзі
13:46
БЖЗҚ өкілдері Кітап палатасында
11:03
Абайдың үшінші қара сөзі
11:43
Абай-175: Сәкен Сейфуллиннің «Ибраһим Құнанбайұлы туралы» мақаласы
elskluziv
11:14
Абайдың екінші қара сөзі
10:21
Абай-175: Ілияс Жансүгіровтың "Абайдың сөз өнері" мақаласы
elskluziv
09:57
Абайдың бірінші қара сөзі
22:15
Дүнген жұртына дүрліге көтерілудің қажеті шамалы
elskluziv
15:59
Түркі жұртшылығының мүддесі үшін жасалған келісім
15:49
Ұлттық кітапханада «әл-Фараби орталығының» ашылу салтанаты өтті
09:56
Абай-175: Тұрағұл Құнанбаевтың "Менің әкем - Абай" мақаласы
elskluziv
10:05
Ғалымжан Мелдешов: Әліпби жеке адамның авторлығымен құрастырылмайды
09:57
Прагада «Абай» мәдени-ақпараттық орталығы ашылды
11:21
Абай-175: Тахир Шағатайдың «Түркістанның ең ұлық ақыны – Абай» мақаласы
elskluziv
20:14
Латын қарпінің мақұлданған нұсқасы қашан жарияланады?
12:10
Владимир Бояринов Кітап палатасында қонақта
elskluziv
13:57
Абай-175: Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы
elskluziv
12:02
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың 175 жылдық мерейтойын салтанатты түрде ашып берді
elskluziv
11:31
«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар»
12:01
Абай-175: Әлихан Бөкейханның "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы" мақаласы
elskluziv
09:59
Әділ Қойтанов: Кітап сату мәдениетін қалыптастыру керек
elskluziv
14:16
«Абай. Қара сөздер»
17:38
Қасым-Жомарт Тоқаев. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан
15:47
«Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалары»
15:23
«Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия»
10:41
Абай-175: Міржақып Дулатовтың "Абай" атты мақаласы
elskluziv
10:22
Абай-175: Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мерейтойлық бастамасы
elskluziv
16:33
Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы мәдени шараларды бекітті
elskluziv
16:27
«Мағауия Аманжолов»
16:26
«360 әулиелі Маңғыстау»
16:25
«Жетісу жер жәннаты ән қанатында»
11:01
28 желтоқсан «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп белгіленді
16:10
«Өзімді мүлде кінәлімін деп санамаймын!»
15:22
Абай жазған заң жинағы рухани құндылықтарға қосылуда
qujat
13:14
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
elskluziv
16:04
Мәдениет және спорт министрі «Egemen Qazaqstan» газеті ұжымымен кездесті
elskluziv
Kop jañalyqtar
» » Дүнген жұртына дүрліге көтерілудің қажеті шамалы

Дүнген жұртына дүрліге көтерілудің қажеті шамалы

Жаңалықтар
344
0

Тәулік төңірегінде еліміздің ақпарат айдынында, әлеуметтік желілерде Қордай ауданы мен оған қарасты Масанчи ауылындағы оқиға кең талқыға түсіп кетті. Алғашында әлеуметтік желіде полиция қызметкері мен екі жас дүнген жігітінің кикілжіңге келіп қалғаны туралы видео тарап, артынша бұл ұлтараздық қақтығыс кейпіне өтті. Өкініштісі, кейбіреулердің жастардың шабына ши жүгіртуінен 8 бірдей адам қаза тауып, ондаған адам ауыр жарақат алды.

Әлқисса, біздің ешкімге соқтықпайтын ұлттан екеніміз әмбеге аян. Қаны салқын қазақтың ауыл арасындағы төбелеске ел болып үн қатып, дүрліге көтерілуі – кейбір пейілі теріс фигуралардың айтағының нәтижесі. Құты қашпаған, қазаны ортаймаған ел ретінде, әлемдік беделді ұйымдардың белді мүшесі ретінде бас сауғалап келгендерге қорған болу – қанымызда бар қасиет. 

Қазір еңсеміз тіктелген елміз, тәубе! Дегенмен, осы қауқарымызды «азсынатын», шын мәнінде жеке мүддесіне қатысты өкпесі бар кей азаматтар жастарды қолшоқпар етіп пайдаланып, теріс әрекеттердің жүзеге асуына ықпал етіп келеді. Көкіректе жалындап тұрған жастық намыстың сауырына қамшыны сипай жүгіртсе де, албырт буын арандап қалары сөзсіз. Әсілі, буыны бекіген адам үшін елдің болашағына, ғалам жұртшылығы алдындағы абырой-беделіне нұқсан келтіретін әрекеттерді саналы түрде жасау – ұят. 

Қос тарапты бір-біріне айдап салып, артынша «үр ит, соқ-соқ» деп алақанын ысқылап өзінің бас пайдасы үшін жанын сала қарекет қылуынан зиян шекпесек, келер пайда көрінбейді. 

Көпұлтты мемлекет болсақ-дағы осы мемлекеттің, осы дархан даланың, еңселі қалалардың әлмисақтан бергі иесі – қазақ. Мемлекеттік саясаттағы жеткен жетістіктеріміз, елдің бренді, қазақтың жайсаң көңілі бір-екі азаматтың жаға жыртысынан желге ұшпауы шарт. Әрине, тентексіз ел болмайды, тек уағында тезге салып отырса жеткілікті. Түптеп келгенде қазақты дүнген жұртына немесе басқа ұлт өкілдеріне ешкім жығып бермек емес. Жаһандану заманында жалпы бірліктің, адамзаттық деңгейде аралас-құралас болудың ақ туын биік көтергеніміз абзал, сірә...

Тәуелсіз Қазақстанның Ата Заңындағы міндеттемелер, парыз-борыштар барша азаматтарға, осы елден нан тауып жүрген адамдарға ортақ. Халықаралы тәжірибе де осыны құптайды. Қақтығыс, келіспеушілік болмай тұрмайды. Дегенмен, «осы аумақтың қожасы менмін» деп кеудемсоқтанып, аз топқа әлімжеттік танытқан – ұлттық болмысымызға жат дүние. 

Рас, бабаларымыз жер қорғады, ел қорғады, ошағының амандығы үшін басты бәйгеге тігіп, қанша жұртпен қылыш түйістірді. Бірақ қазақ тарихында ешқашан аз қауымға көз алартып, өзгенің несібесіне қызғаныш білдірген жағдай болған емес. Егер біз ел нарығында сауда жасап жүрген өзге ұлттардың өкілдерін айдап шығамыз десек, үлкен қателікке бой алдырамыз. 

Бейбіт күнде қан төгілудің соңы жақсылыққа апармайды. Біздің дархан даламызға, мол байлығымызға көз тігетіндер аз емес. Егер әлемдік ұйымдар әлгіндей басбұзарлықты келесі тараптың мүддесіне шешсе, ұятқа қаламыз. Сабырлы, салқынқанды әрекет ету әмәнда абзал тірліктер қатарынан болған. Арандатушылардың алдауына, арбауына түсіп, заңға томпақ әрекеттерді жасаудан аулақ болғанымыз дұрыс!

Әділ ҚОЙТАНОВ

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы

Fotogalereya
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: