Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

16:01
Абай-175: Сәбит Мұқановтың «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» портреті
elskluziv
15:07
Абайдың төртінші қара сөзі
13:46
БЖЗҚ өкілдері Кітап палатасында
11:03
Абайдың үшінші қара сөзі
11:43
Абай-175: Сәкен Сейфуллиннің «Ибраһим Құнанбайұлы туралы» мақаласы
elskluziv
11:14
Абайдың екінші қара сөзі
10:21
Абай-175: Ілияс Жансүгіровтың "Абайдың сөз өнері" мақаласы
elskluziv
09:57
Абайдың бірінші қара сөзі
22:15
Дүнген жұртына дүрліге көтерілудің қажеті шамалы
elskluziv
15:59
Түркі жұртшылығының мүддесі үшін жасалған келісім
15:49
Ұлттық кітапханада «әл-Фараби орталығының» ашылу салтанаты өтті
09:56
Абай-175: Тұрағұл Құнанбаевтың "Менің әкем - Абай" мақаласы
elskluziv
10:05
Ғалымжан Мелдешов: Әліпби жеке адамның авторлығымен құрастырылмайды
09:57
Прагада «Абай» мәдени-ақпараттық орталығы ашылды
11:21
Абай-175: Тахир Шағатайдың «Түркістанның ең ұлық ақыны – Абай» мақаласы
elskluziv
20:14
Латын қарпінің мақұлданған нұсқасы қашан жарияланады?
12:10
Владимир Бояринов Кітап палатасында қонақта
elskluziv
13:57
Абай-175: Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы
elskluziv
12:02
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың 175 жылдық мерейтойын салтанатты түрде ашып берді
elskluziv
11:31
«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар»
12:01
Абай-175: Әлихан Бөкейханның "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы" мақаласы
elskluziv
09:59
Әділ Қойтанов: Кітап сату мәдениетін қалыптастыру керек
elskluziv
14:16
«Абай. Қара сөздер»
17:38
Қасым-Жомарт Тоқаев. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан
15:47
«Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалары»
15:23
«Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия»
10:41
Абай-175: Міржақып Дулатовтың "Абай" атты мақаласы
elskluziv
10:22
Абай-175: Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мерейтойлық бастамасы
elskluziv
16:33
Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы мәдени шараларды бекітті
elskluziv
16:27
«Мағауия Аманжолов»
16:26
«360 әулиелі Маңғыстау»
16:25
«Жетісу жер жәннаты ән қанатында»
11:01
28 желтоқсан «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп белгіленді
16:10
«Өзімді мүлде кінәлімін деп санамаймын!»
15:22
Абай жазған заң жинағы рухани құндылықтарға қосылуда
qujat
13:14
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
elskluziv
16:04
Мәдениет және спорт министрі «Egemen Qazaqstan» газеті ұжымымен кездесті
elskluziv
Kop jañalyqtar

Абайдың бірінші қара сөзі

Жаңалықтар
145
0

Ағымдағы жыл – қазақтың бой түзер бәйтерегі, ұлы ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы. Дүбірлі датаны жоғары дәрежеде өткізу үшін елімізде жылдың алғашқы айларынан-ақ көлемді шаралар өтіп, түрлі бастамалар көтеріліп жатыр. Әркім хал-шамасынша Абайдың атын әспеттеуге атсалысуда. 

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы да жыл басынан бері Абай туралы жазылған ескі һәм құнды естеліктерді жариялап келеді. Сонымен қатар, алдағы уақытта аптасына екі мәрте жиілікпен данышпанның ғақлияларын беріп отыруды жөн санадық. 

Бұл қарапайым дүние болғанымен, асыл сөздің астарын салған бетте ұғу мүмкін емес. Егде тартқан адамдар қара сөздердегі түпкі ойды әр жаста әртүрлі түйгенін айтады. Сондықтан, Абайдың қара сөздері кез келген жерде көз алдымызда тұрса, оның еш әбестігі болмас.

БІРІНШІ СӨЗ

Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.

Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!

Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.

Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.

Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?

Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.

Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

1890

Fotogalereya
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: