Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

13:26
Мерекелеріңізбен, кітапханашылар!
14:43
Ақтоты Райымқұлова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен жиын өткізді
12:22
«Асыл сөзде» қонақта - Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов
elskluziv
21:04
Латын әліпбиі – бізді әлемдік кеңістікке шығарады
11:35
Шәкәрім философиясы
10:25
Игіліктің бастауы
elskluziv
09:48
Мәдениет және спорт министрі азаматтарды қабылдады
22:11
Мәдениет саласы мамандарының еңбекақысы өседі
21:32
"Асыл сөз" жобасы-Ә.Нүрпейісов
elskluziv
19:48
«Қазақ тарихынан» Бексұлтан Нұржекеұлы
19:42
«Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері»
19:39
«Священный Коран» тарскрипция и перевод смыслов
10:41
Поэзия падишасына арналған шаралар
15:22
Кітап фестивалінің ауқымы артуда
16:02
Азия қаламгерлерінің алғашқы форумында айтылған ұсыныстар
11:15
Азия ақын-жазушыларының алғашқы форумы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілуде.
23:45
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті
11:18
ТҰТАС АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛЫРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫН ӨТКІЗУГЕ ЖИНАЛҒАН ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАЗАҚ АСТАНАСЫНДА
14:00
Азия елдері қаламгерлерінің І форумынан күтетін мәселе көп
13:54
Кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің еңбекақысы көбейеді
09:20
Кітап палатасының ұжымы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:25
БҮГІН ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ
12:35
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, оның құрамы бекітілді.
21:59
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетов "Ұлы Абайға 175 жыл"
elskluziv
11:20
Ұлы Абайға 175 жыл
elskluziv
18:36
«Smart qalamger» жобасы іске қосылды
14:40
ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы ұжымы Арыс қаласына бір күндік жалақысын аударды
11:16
Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов: Біз кез келген пікірді тыңдауға дайынбыз!
16:07
Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
09:07
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
15:52
Баспалар назарына!
09:29
Жүйелілік – жұмыс сапасын арттырушы фактор
10:40
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары
11:01
Кітап палатасының ұжымы Президент сайлауына дайын
14:38
Маралтай ақынның өлеңдері БҰҰ-ның алты тіліне аударылды
09:57
Нұр-Сұлтанда Ержан Максимнің концерті өтеді
11:39
Елімізде Ораза айт мерекесі басталды
Kop jañalyqtar
» » » «Smart qalamger» жобасы іске қосылды

«Smart qalamger» жобасы іске қосылды

Жобалар / Smart qalamger
366
2

 ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен «Ақпараттық-технологиялық орталығы» қоғамдық қоры  «Рухани жаңғыру», «Цифрлы Қазақстан» бағдарламалары аясында және Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Жолдауының негізінде ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының Мырзатай Жолдасбеков атындағы залында  «Smart qalamger» атты жобасымен таныстырды.

Жобаның тұсаукесерін Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдеш сөз сөйлеп ашып берді. Сонымен қатар алқалы жиынға Мырзатай Жолдасбеков, Төлен Әбдік, Әнес Сарай, Сейіт Қасқабасов, Сауытбек Абрахманов, Қуаныш Жиенбай, Әлібек Асқар сынды қаламгерлер бастаған, нұр-сұлтандық бір топ  зиялы қауым өкілдері қатысты. Тұсаукесер рәсімін белгілі ақын Қалқаман Сарин жүргізді. ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы аясында қолға алып отырған бұл жоба «Ақпараттық-технологиялық орталығы» қоғамдық қорымен бірлесіп жүзеге асырылуда.  Жобаның мақсаты Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі болып табылатын әрбір қаламгерлердің тегін веб-сайттарын жасап беру және оларға техникалық қолдау  көрсету, қаламгерлердің шығармаларын бір жерге жинақтап, олардың біртекті электронды базасын құру. ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының баспасөз мұрағатын пайдалана отырып, қаламгерлердің толық библиографиялық анықтамалығын жасау, олардың оқырманмен, шет елдік жазушылармен байланысын дамыту.

Тұсаукесерде алғашқы болып сөз алған Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдеш өз сөзінде бұл жобаның маңыздылығын ерекше атап өтті. «Бұл жазушыларымыздың өз шығармаларын қалың оқырманға қол жетімді етуіне үлкен септігін тигізеді. Елбасымыз айтқандай, жаһандану дәуірінде еліміз бәсекеге қабілетті, дамыған елдер қатарында болуы үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының маңызы өте зор. «Кітап оқу қалып барады» деп дабыл қаққан зиялы қауымның да өз шығармаларын замана талабына сай ұсына білгені жөн. Уақыттың көшіне ілесе білсек, оқырман да табылады,- деді ол өз сөзінде. «Бұл жоба - қолына смартфон ұстаған қазіргі оқырман қауымның кітап оқуына, руханият дүниесінен алшақтап кетпеуіне қосылған үлес болады деп сенеміз» - деп өз ойын білдірді.

Қоғам қайраткері, ғалым, Мырзатай Жолдасбеков өз кезегінде жобаның болашағына  сенім білдіре отырып, кезінде өзінің жеке сайтын миллионнан астам ақшаға жасатқанын айтып, тегін жасалған сайттарды иеленген қаламгерлерге қызығып қалғанын әзіл араластыра жеткізді. Академик Сейіт Қасқабасов «Smart qalamger» жобасына жарқын болашақ тілеп, батасын берді. Әнес Сарай мен Төлен Әбдік те осы шараның қонағы болып,  баталарын беріп, қазіргі заманғы әдебиет туралы әңгіме қозғады,  ризашылықтарын білдірді. Белгілі күйші  Жанғали Жүзбаев күйден шашу шашып, жиналған қауымның ықыласына бөленді. Зиялы қауымның қолқалауымен, шараның ресмилігіне қарамастан бірнеше күйді қатар орындауына тура келді.

Тұсаукесер рәсімінде ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов  жазушыларға арнап жасалған веб-сайттармен жиналған қауымды таныстырып, әрі қарай жүргізу үшін сайт иелеріне сертификаттар тапсырды.

«Ақпараттық-технологиялық орталығы» қоғамдық қорының президенті Қанат Таңатаров жазушы қауымының жоба туралы сұрақтарына жауап берді.

Осы орайда ескерте кететін бір мәселе – «Smart qalamger» жобасы мемлекет тарапынан қаржыландырылмайды. Кітап палатасының электронды базасын жасауда серіктесіп жұмыс істеу үшін дайындалған әлеуметтік жоба арқылы енді әр жазушы өз жеке сайтын өз контентімен толтырып, өз шығармашылығын ғаламторда қалың оқырманға ұсына алады.

Жаһандану дәуірінде еліміз бәсекеге қабілетті, дамыған елдер қатарында болуы үшін «Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының маңызы зор. Жазушыларға жаңа заманның, уақыттың талабына сай болуға мүмкіндік беретін «Smart qalamger» жобасы жазушылар тарапынан үлкен қолдауға ие болуда.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Fotogalereya

 

Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

2 pikirler

NobleHit 18 августа 2019 03:23
Запчасти для вилочных китайских погрузчиков HANGCHA ---- такия активация винды ---- https://aktivator-windows-7.net/]скачать активатор kmsauto[/url] ---- Мвы носим это всегда с собой ---- аренда офиса у метро ---- все могут короли ---- аренда офиса 400 ---- Скоро мы все всегда сделаем ---- госуслуги ---- http://bumprompak.by/user/NobleDuemo/
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: