Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

00:23
1 наурыз – Алғыс айту күні
elskluziv
09:18
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
elskluziv
19:25
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
elskluziv
11:14
Ақтоты Райымқұлова Президент Алғыс хатын табыстады
elskluziv
16:55
Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
elskluziv
10:41
Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
elskluziv
00:48
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды
elskluziv
00:38
Ақтоты Райымқұлова театр, кино, спорт және туризм жөнінде эксклюзивті сұхбат берді
elskluziv
11:20
Шайзада Бәйкенова 70 жаста
13:52
«2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»
elskluziv
12:52
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:21
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні
elskluziv
13:30
Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
16:39
Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
elskluziv
qujat
02:00
Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
16:30
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді
21:36
ҚазҰУ-мүмкіндіктер ордасы
18:13
ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
elskluziv
qujat
17:41
Ортақ мүдде, дара идея және оң бастама
elskluziv
11:24
Жаңа жыл құтты болсын!
17:12
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
elskluziv
qujat
12:01
Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?
elskluziv
11:23
Тәуелсіздік – күллі қазақтың мәңгілік төлқұжаты
12:35
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
23:59
Сәбит Досанов. Назарбаев: «Сенен асып қайда барам?» – деді
elskluziv
10:53
Алматы қаласында Ералы Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті
17:08
«Көне кітаптар және басылымдар» мұражайы ашылды
elskluziv
16:04
«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының қорытындысы
elskluziv
10:32
Тұңғыш Президент күні
09:21
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбында конференция өтті
12:48
Әнес САРАЙ, жазушы-драматург: ШЫҒАРМАНЫ ҚЫЗЫҚТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЛІ МЕҢГЕРГЕН ЖОҚПЫЗ
elskluziv
10:26
Қоңыр Мұқатайқызы 70 жаста
15:48
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ: ӘУЕЗОВКЕ ҮШ ЖЫЛ ШӘКІРТ БОЛДЫМ
elskluziv
23:51
«Асыл сөздің» бүгінгі қонағы – жазушы Сәбит Досанов
elskluziv
11:49
Жас ақын, жазушылар қолдауға зәру
10:37
15 қазан – Кітапханашылар күні
15:18
«Асыл сөз» сұхбат жобасының бүгінгі қонағы – Мырзатай Жолдасбеков
Kop jañalyqtar
» » Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті

Жаңалықтар
566
0
Алашқа аты кеткен айтулы ақын, Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер салтанаты өтті. 

Оқырмандары көптен күткен іргелі еңбек алғаш рет ақынның өзі жұмыс істейтін мекемеде - Ұлттық мемлекеттік кітап палатасында жарияланды. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Тұрғалиқызы салтанатты рәсімнің модераторы болды.
Алғашқы сөзді Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қаженбайұлы Қойтанов алып, ақынның жаңа туындысына ақ жол тілеп, лебізін білдірді. 

«Бұл – алып империя Алтын Орданың 750 жылдығының қарсаңында шыққан аса салмақты шығарма. Алтын Орданың 750 жылдығын бір жыл тойлаумен шектелмейміз. Осындай көпшілік оқырманға арналған шығармалар саны артса, әдебиеттің ахуалы жақсара түспек. Маралтай Райымбекұлының жаңа кітабы – өзіне жүктелген аса маңызды міндеттің жемісі, нәтижесі. Ақын ол міндетті абыроймен атқарып шықты деп есептейміз», - деді ол. 

Мекеме басшысы «Аруана» кітабының тұсауын кесіп, лентасын қиды. Әрі қарай кітап авторы өзінің бұл шығармасын жазу жолындағы ләззатты машақаты туралы әңгімелеп берді. 

«Мен бұл еңбекті жазу туралы ойға осыдан жиырма жыл бұрын келген едім. Ұлы Жібек жолының бойындағы Каирдан, Бағдаттан бір кемдігі жоқ Сарайшықтың халі жаныма батып, сол жолда іздене бастадым. Қанша дүние таптық, материал жинадық. Бір кісі «Роман дайын, тек соны жазып шығу ғана қалды» деген екен. Сол сияқты біз де санада қорытқан еңбегімізді айналасы жиырма күннің ішінде қағазға түсірдік. Түсіре салып, бастырғанымыз жоқ. Ел ағаларына – айтулы жазушыларға, белгілі актерлерге көрсетіп, пікір-көзқарасын сұрадық. Асанәлі Әшімов ағамыз бата беріп, Досхан Жолжақсынов «кино түсіруге сұранып тұр» деп пікір білдіріп, Смағұл Елубай ағамыз кино түсіріле қалса соавтор болуға дайын екенін жеткізді. 

Бұл шығарманың ішіндегі оқиғалар – ХІІІ ғасыр кейпі. Тарихи құжаттар арқылы сол заманға сапарладық. Әмірхан Балқыбекті, оның жары – Мархабатты кейіпкер етіп қосып, әдебиеттегі батыл қадамға барғанымды да жасырмаймын. Осы еңбекке материал жинағанда қатты толғандым, тебірендім. Берке мен Бейбарыстың қарым-қатынасын, Бейбарысқа ұзатылған Беркенің қызы Қисса-диннің парасатын, данышпандығын көрдім, бәрін жаныммен, түйсігіммен сезіндім. 

Кітаптың «Аруана» аталу себебі мынау: Бейбарысқа ұзатылып кеткен Қисса-диннің жетегінде аппақ ботасы болыпты. Бейбарыстан Берке дейтін ұл туып, кейін Бейбарыс патшаны да, артынша таққа отырған оның ұлын да улап өлтіргеннен кейін елге қайтқан Қисса-дин уағында өзі жетектеп кеткен ақ ботаны – аруананы жетелеп қайтыпты. Сарайшық топырағында өткен осынау ұлы оқиғалардың желісі тебірентпей қоймады», - деді ақын. 

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы қызметкерлерінің қойған бірнеше сұрағына жауап берген ақын өз еңбегінің деңгейіне берілген баға туралы, болашақ жоспарлары туралы сөйледі. 

«Бүгінгі шара – «Аруананың» ел алдына алғаш шығуы. Осы жерде материал жинап, қол қалт еткенде шығармашылық еңбекке ден қойып, кітаптың сұлбасын құрастырдық. Қазақстандағы аса маңызды мекеменің – кітап көмбесі жиналған жердің төрінде қазақтың бір ақыны тұсаукесер жасай қалса, қуану керек. Пандемия жайына қарай алдағы уақытта еліміздің үш өңірінде салтанатты шара жасауды жоспарлап отырмыз: біріншісі – Жайықтың жағасындағы Атырау қаласы, екіншісі – ел астанасы, үшіншісі – Алматы шаһары. Бүгінгі кездесуді де мен осы қатарға қосамын. Кітаптың болашағы өзіне серт. Бұл кітапты Маралтай жазғаны маңызды емес, қамтитын ауқымы мен тарихи салмағы маңызды», - деп түйді ол. 

Ақын Маралтай Райымбекұлының «Аруана» еңбегі жалпы оқырман қауым тарапынан қолдау тауып, алдағы уақытта бірнеше мәрте қайта басыларына сеніміміз мол. Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қабырғасында ұлттық маңызы бар еңбектің тұсауы кесілгені – аса маңызды оқиға. 
Қазақтың Маралтайы үшін, елдің ақыны үшін, жұртының азаматы үшін әріптестері шын қуанды. Жырымен жұртының жүрегін жаулаған, әдебиет марғасқаларын жас күнінде мойындатып үлгерген, әдебиетте өз қолтаңбасы қалыптасқан Маралтай Райымбекұлын «Аруана» кітабының жарыққа шығуымен Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ұжымы шын жүректен құттықтайды. 
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: