Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

00:23
1 наурыз – Алғыс айту күні
elskluziv
09:18
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
elskluziv
19:25
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
elskluziv
11:14
Ақтоты Райымқұлова Президент Алғыс хатын табыстады
elskluziv
16:55
Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
elskluziv
10:41
Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
elskluziv
00:48
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды
elskluziv
00:38
Ақтоты Райымқұлова театр, кино, спорт және туризм жөнінде эксклюзивті сұхбат берді
elskluziv
11:20
Шайзада Бәйкенова 70 жаста
13:52
«2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»
elskluziv
12:52
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:21
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні
elskluziv
13:30
Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
16:39
Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
elskluziv
qujat
02:00
Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
16:30
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді
21:36
ҚазҰУ-мүмкіндіктер ордасы
18:13
ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
elskluziv
qujat
17:41
Ортақ мүдде, дара идея және оң бастама
elskluziv
11:24
Жаңа жыл құтты болсын!
17:12
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
elskluziv
qujat
12:01
Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?
elskluziv
11:23
Тәуелсіздік – күллі қазақтың мәңгілік төлқұжаты
12:35
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
23:59
Сәбит Досанов. Назарбаев: «Сенен асып қайда барам?» – деді
elskluziv
10:53
Алматы қаласында Ералы Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті
17:08
«Көне кітаптар және басылымдар» мұражайы ашылды
elskluziv
16:04
«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының қорытындысы
elskluziv
10:32
Тұңғыш Президент күні
09:21
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбында конференция өтті
12:48
Әнес САРАЙ, жазушы-драматург: ШЫҒАРМАНЫ ҚЫЗЫҚТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЛІ МЕҢГЕРГЕН ЖОҚПЫЗ
elskluziv
10:26
Қоңыр Мұқатайқызы 70 жаста
15:48
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ: ӘУЕЗОВКЕ ҮШ ЖЫЛ ШӘКІРТ БОЛДЫМ
elskluziv
23:51
«Асыл сөздің» бүгінгі қонағы – жазушы Сәбит Досанов
elskluziv
11:49
Жас ақын, жазушылар қолдауға зәру
10:37
15 қазан – Кітапханашылар күні
15:18
«Асыл сөз» сұхбат жобасының бүгінгі қонағы – Мырзатай Жолдасбеков
Kop jañalyqtar
» » 9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні

9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні

Жаңалықтар
429
0
Мөлдір жырдың бұлағынан күллі қазақты сусындатқан ақын Мұқағали Мақатаев осыдан тура 90 жыл бұрын дүние есігін ашыпты. Ол ақын болып туды, қырық бес жыл ақын болып өмір сүрді. Бұл – нағыз ақындардың бейнесі, нағыз ақындардың өмір тәртібі. 
Биыл – Мұқағали Мақатаевтың мерейтойы. Ақынын ардақтаған ел мұндай дүбірлі додадан тысқары қалмақ емес. Еңбектеген баласынан еңкейген кәрісіне дейінгі аралықты жырмен тербеткен шайырдың өлеңімен мәңгі жасары да анық. 
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы ақынның туған күніне орай «Асыл сөз» сұхбат жобасына қонақ болған қазақтың марғасқа ақын-жазушыларының, өнер майталмандарының Мұқағали туралы пікірін ұсынады. 
***
Бексұлтан Нұржекеұлы, жазушы: 
«Мен «Күнәлі махаббатты» сегіз дәптерге жаздым. Ол кезде қолға тиетіні қарапайым он екі беттік дәптер. Сол жазуымды бірнеше мәрте көшіріп жаздым. Әдемілеп жазуға тырысамын, машинка жоқ ауылда. Содан, 1966 жылдың маусымы шығар... ауылда мұғалім едік, каникулға шыққан уақыт. «Қазақ тілінен» және «Қазақ әдебиетінен» сабақ беремін. Бір басымда 48 сағат бар. Каникулға шығарда үш ай жалақымызды қолымызға ұстатады. Сол ақша қолға тигенде көп қаражат болатын. 
Үйленген уақытта тойымызға қайын жұртым келмей қойған. Әйелім Шымкент жақтан ғой. Содан әйелімнің намысын қорғайын деп достарым мен олардың әйелдеріне қайын жұрт рөлін ойнаттым (күліп).  Бірақ біз бас қосқан уақытта шешесі хал үстінде жатыр екен. Суретімді көрсеткен уақытта: 
- Қабағы қатты екен, ашуы қиын болар. Бірақ сені жылатпас. Бар! Мен өлсем мына ағаларың сатады да жібереді, - депті. 
Содан не керек, ауылдан Алматыға жетіп аялдадық та, таңертеңгі тоғыздар шамасында Жазушылар Одағына бардым. Қыбыр еткен адам байқалмайды. Сағат онға таяды, сол уақытта ғана сары шашты, бәкене бойлы келіншек келді. Жөн сұрап едім: 
- Ойбай-ау, ол кісілер он екіге қарай келеді ғой, - деді. Аң-таңмын. 
Одақтың ғимаратының екінші қабатына көтерілдім де, бильярд үстелінің жанында отырдым. Бір уақытта баспалдақтарды зіркілдетіп, шашы бұйра-бұйра жігіт ағасы көтеріліп келе жатты. Атып тұрып, жанына жақындап: 
- Ассалаумағалейкүм!-дедім.
-Әллік-салам! Тура осылай айтты: «Әллік-салам!» - Кімсің? Қайдансың?
- Жаркенттенмін.
- Е-е. «Киізаяқ» суан екенсің ғой, - деді. Мына Жетісуда өзі албан-суандар бір-бірін кекетіп, қыжырта береді. «Киізаяқ» дегені қойшының баласы дегені ғой. Жөнімді айтып, жазғанымды қолына ұстаттым. Парақтап тұрды да: 
- Імм, мұғалім екенің көрініп тұр, - деді. – Енді прозаны қарайтын Ақан Нұрманов еген ағаң еді. Ол қазір Кейкі бабасын жазамын деп Қостанайда жүр ғой. Жарайды, жүр, - деді. 
Сөйтіп, әлгінде көрген келіншекке алып барды. – Мынаған әрбір бетіне 15 деді, 20 деді ме әйтеуір, сол шамадағы тиыннан бересің деді. Маған қарады да: 
- Мынаның бірінші данасына тимейсің. Қатесі болса, екінші данамен түзейсің де, мына кісіге әкеліп бересің, машинкаға түсіреді, - деді. Сөйтіп, жазуды реттеп сыртқа шыға бере сауал тастады: 
- Қайда бара жатырсың?
- Қайын жұртқа бара жатырмыз. 
- Е-е, жөн. Аман-есен барып кел. Ауылдан келген адамбыз. 
- Енді бір шай ішпедік пе, - дей беріп ем: -Шайды қайтесің?! Қайын жұртқа бара жатыр екенсің, жиғаныңды сонда беріп кел, - деді. 
Содан Шымкент жақта бір-екі аптадай болып, Алматыға қайта келдім. Келген бетте сары шашты келіншекке – Рымкешке жолықтым. Машинкаға басып қойыпты. Алып кетіп қателерін түзеттім де келесі күні әкеліп бердім. Ауылға да қайту керек бір жағынан. Мұқаңды күттік. Бір уақытта келді, келген  бойда: 
- Әкел, - деді. – Ертең тоғызда осы жерге кел. 
- Сіздер тоғызда келмейсіздер ғой...
- Келемін. 
Солай тарқастық. Ертеңіне келсем «Қарлығашым, келдің бе?» деген кітабына былай деп жазып беріпті: «Бексұлтан, мен сенің мына повесіңді бір әрпін қалдырмай қалай оқысам, сен де мұны солай оқы! Осы қалпыңнан өзгермегеніңді қалаймын мен». Одан кейін көп әңгіме айтты, мақтады. Біраз қолпаштап, көтеріп-ақ тастады. Кейін Мұқағалидың айтқанын марқұм Хамза Есенжанов та айтып еді. Оны да жұртқа айтпаймын. Өйткені, куәлігім жоқ. 
Содан не керек, Мұқаң айтарын айтты, жазуыма бағасын берді. Сөйтіп, қатыныма бұрылып: 
- Келін, - деді. – Көп нәрсе саған байланысты. Мынау – жазушы. Сен мұны сақта! Артынша уәдесін де ұмытпады, маған қарап: 
- Сен жазатыныңды жаза бер. Мен тірі болсам мына повесіңді басамын, - деді. Енді ойлаңыз, көкке төбем жетті ме, әлде асып кетті ме?! 
Кейін хат жазысып тұрдық. Шамамен алты-жеті хат алдым-ау деймін. Бір хатында: 
- Бексұлтан, мына сенің повесіңді «Жұлдызда» оқымаған адам жоқ. Бәрі мақтайды, басуға батпайды, - депті. Әйтеуір сол тырнақалдым 1966 жылдың мамыр  айында, «Күнәлі махаббатым» «Кінәлі махаббат» болып, одан қалды тек бірінші бөлімі ғана жарық көрді. 
Мен оны неге баспайтынын қайдан білейін. Мұқаң да қысқа жазады. Бір күні тағы хат келді. 
- Мына повесіңді Хамза Есенжановқа бердім. Редколлегия мүшесі ғой. Оқы да, қайтарып салып жібер, керек болады, - депті. Есенжанов марқұм әдемілеп жазыпты, тіпті, «төселіп қалған жазушы» деп атапты. Мен де ақымақпын ғой, сол хатты көшіртіп алмаппын. Мұқаңа салып жібердім. Міне, осы хаттан кейін ғой «Жұлдызға» повесімнің «Кінәлі махаббат» болып алғашқы бөлімі басылғаны. Өзі үш бөлім шығарма. Соның екі бөлімін «кейіпкерің төрт рет тұрмысқа шыққан» деп баспай қойды. «Әйелдің тағдыры – халықтың тағдыры» демеуші ме еді?! Ал менің шешем күйеуі соғыста өлмесе қайта-қайта тұрмыс құрар ма еді?! Осыны да көрдік қой...»
Әнес Сарай, жазушы: 
«Мен 1960 жылы оқып жүргенде Шерхан Мұртаза шақырды. 1963 жылы тәжірибеден өтіп жүргенде Қали Мыңбаев деген кісі өндірістік бөлімнің басшысы еді. Газеттің аға редакторы – Шерхан Мұртаза. Жай редакторы – Мұқағали Мақатаев. Үшеуінің ұйғарымымен мен шеф-редактор болып тағайындалдым. Маған орын жеткен жоқ. Газет салатын кішкентай үстелшеге отырдым. Сол бөлмеде отырып Шерханның «Лениншіл жасқа» редактор болғанын естідім, көрдім».
Қабдеш Жұмаділов, жазушы: 
«Көбелектің қанатындай «Жас дәурен» деген өлеңдер жинағым 10 мың данамен шықты. 
Менің прозаға бет бұруыма себеп болған бірден-бір адам – Мұқағали Мақатаев. 
Алматыға қайта оралған кезіміз. Оразақын Асқар ҚазМУ-ге түсуге емтихан тапсырып  жатыр екен. Біз кезінде жолдамамен келіп топ ете қалғандармыз. Ол кезде ҚазМУ-дің бас корпусы – Төле би мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысындағы үш қабатты үй. Бас корпус деп басшылар отыратын ғимаратты айтатынбыз. Оразақын екеуіміз содан шығып, «Виноградов, 88» деген мекен-жайдағы  жатақханаға  қайтып келе жатқанбыз. Бұрышты  айнала бере Оразақын қарсы жолыққан ірі денелі жігітпен шұрқырай амандасып, шүйіркелесе кетті. Үй ішінің жайын сұрасып, дабырласып жатыр. Оразақын әлгі жігітті таныстырып: 
Мынау – Мұқағали Мақатаев деген жігіт. Қазір Қазақ радиосында диктор болып істейді, - деді.
Осы сәтте Мұқағалидың  екі жыл бұрын «Жұлдыз» журналында шыққан екі шумақ өлеңі  есіме түсіп, жатқа айттым: 
Ең алғашқы жаңбыр да өтті себелеп, 
Әлдеқашан гүлге қонды көбелек. 
Бақыт, байлық, барлығы бар колхозда 
Өзің жоқсың, әттең, сәулем, не керек! 
Сол-ақ екен, Мұқағали қорбаңдап келді де бас салып құшақтай алды. Сол кезде ол жиырма бес жаста екен. Қып-қызыл, нарттай жігіт, бір жерін шертіп қалсаң қан саулап кетейін деп тұр. Дауысы – нағыз диктордың дауысы, жанға жағымды қоңыр үн. Кейін ағайын болып араласып кеттік. Оразақынға, Мұқағалиға ілесіп, Нарынқол жайлауында талай болдық. Шалкөденің бойында бие байлаған ауылдарға түсіп, қымыз ішетінбіз, бойжеткен қыздары бар үйге түсетінбіз. (күліп). Содан бір күні Мұқағали менің «Соңғы көш» романымды оқып шығып, маған: "Бала сен өлеңді қой, сенің өрісің прозада екен ғой. Сыймайды өлеңге, «Соңғы көштегі» дүниені өлеңге қалай  сыйдырасың" - деді. 
Мұқаң «Соңғы көшке» қатты разы болды. Біледі ғой, арғы бетте де албандар бар, өзі шекарада туған адам. Арғы беттен көшіп келгендер солармен жапсарлас қонып жатыр. Әлгі Оразақындар да сол қатарда. 
Сенің өрісің прозада екен. Өлеңді қайтесің, өлеңді бізге таста, - деп кесіп тастады сөйтіп Мұқаң. Оған дейін бірлі-екілі роман жазғанмын. «Көкейкесті» бар, бірталай әңгімелер жазылған».
Асанәлі Әшімов, актер: 
«Біз көптеген қазақ әдебиеті классиктерімен дәмдес болдық, табақтас болдық, замандас болдық. Мұқағалиды көргенімді айтайын, алдымен. Бұрынғы келіншегім Майра күніне жұмысқа шығарда 1 сом ақша береді, тамаққа да, жол-пұлға да сол қаражат жеткілікті. Ол кезде асханадан 50 тиынға тойып тамақ ішеміз. Кейде бір тиынға «Лениншіл жас» газетін сатып алып, бір тиынға бір стақан шай аламыз. Нан тегін ол кезде. Бір стақан шаймен тегін нанға тойып аламыз. Содан бір күні Майраға:
– Сен маған үш күннің ақшасын бір-ақ берші, – дедім. Үш сом берді. Ол кезде үш соммен ресторанға баруға болады. Көп ақша. Сөйтіп, үйден шығып аялдамаға қарай беттеймін ғой. Мен автобусқа мінетін аялдама сол кездегі Үкімет үйінің жанында. Аял­дама маңында құйылмалы ішімдіктер сататын кішкентай киоскілер бар. Аялдамаға жақындай бергенде алдымнан жарқ етіп Мұқағали шыға келді. Көрді де:
– О, Бекежан, – деп бір шумақ өлең арнады. Өлеңі керемет! А я дурак, сол өлеңді жаттап алмаппын. Ол өлең арнаған соң бірдеңе беру керек. Өлең жүрегімді қозғап жіберсе керек, тұтас үш сомдықты қолына ұстата салдым.
– Мынау көп қой! – деді. Мен «алыңыз» деген ишара жасадым. Содан ол кісі ақталып:
– Мен басымды жазып алғанмын, анау жазбап еді, – деді. Қарасам, анадай жерде үстел басына сүйеніп бір кісі тұр екен.
Солай қоштасып, кешеден қалған тиындарды жол қаражат етіп өз жөніммен кетіп қалдым. Бұл – бірінші кездесуім.
Екінші кездесуім Жазушылар одағының жанындағы «пельменнаяда» болды. Мұқағали үнемі осы жерде жүретін. Менің де жолым түсіп сонда барғанда Мұқаңмен жолықтым. Біраз әңгімелесіп тұрдық. Өзі ірі денелі, шашы бұйра жігіт еді ғой. Жанымызда тұрған жіңішкелеу бір жігіт сөзуарланып, әңгімеге араласа берді. Бір кезде Мұқаң әлгі жігітке қарап:
– Әй, бала, осы үстіңе құлап кетейін бе, – деді. Содан арада жиырма жылдай өткенде торғайлық ақын Қонысбаймен жолықтық. Сол кезде Қонысбай:
– Асеке, есіңізде ме, сол кезде Мұқаң маған солай айтып еді-ау, – деп күледі. Сөйтсем, әлгі жіңішке жігітім осы Қонысбай екен. Міне, бұл екеуміздің бетпе-бет екінші мәрте жолыққанымыз. Қалған уақытта көпшілікте амандасып, жағдай сұрасып жүрдік».
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: