Эстафетаны жалғастырған Ақтоты Рахметоллақызы мұзбалақ ақынның өлең жолдарын оқып, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында былай деп жазды:
«Құрметті достар!
Биыл ақиық ақын, «күпі киген қазақтың қара өлеңін, шекпен жауып өзіне қайтарамын» деп жырлаған, поэзиямызды жауһар жырларымен байытқан Мұқағали Мақатаевтың туғанына 90 жыл толып отыр.
Осы орайда ақын, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Маралтай Райымбекұлы жолдаған жыр эстафетасын құрметпен қабыл алып, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваға, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдəулетке, барша оқырман қауым мен бауырлас халыққа жолдаймын».