Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

12:12
Карантин - это время для саморазвития
18:27
Карантин уақыты – өз-өзіңді дамытуға жұмсалатын мезгіл
11:38
Абайдың он бірінші қара сөзі
16:05
Әбдіжәмил НҰРПЕЙІСОВ: Жастар алдарына үлкен мақсат қойып, соған жете білсін!
elskluziv
15:33
Абайдың оныншы қара сөзі
15:00
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы жұмысын онлайн режимде жалғастырады
18:30
Абайдың тоғызыншы қара сөзі
18:52
Абай-175: Ғабит Мүсіреповтың «Үлкен сарынның ақыны» мақаласы
12:02
Сид Филд. «Киносценарий»
10:00
Абайдың сегізінші қара сөзі
21:01
«Асыл сөздің» бүгінгі қонағы – Асанәлі Әшімов
elskluziv
19:11
Абайдың жетінші қара сөзі
15:23
Ақтоты Райымқұлова Қазақстан Республикасындағы АҚШ-тың Төтенше және Өкілетті елшісін қабылдады
elskluziv
21:09
Абайдың алтыншы қара сөзі
18:41
Абай-175: Сәбит Дөнентаевтың "Абайға" өлеңі
21:06
Абайдың бесінші қара сөзі
16:01
Абай-175: Сәбит Мұқановтың «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» портреті
elskluziv
15:07
Абайдың төртінші қара сөзі
13:46
БЖЗҚ өкілдері Кітап палатасында
11:03
Абайдың үшінші қара сөзі
11:43
Абай-175: Сәкен Сейфуллиннің «Ибраһим Құнанбайұлы туралы» мақаласы
elskluziv
11:14
Абайдың екінші қара сөзі
10:21
Абай-175: Ілияс Жансүгіровтың "Абайдың сөз өнері" мақаласы
elskluziv
09:57
Абайдың бірінші қара сөзі
22:15
Дүнген жұртына дүрліге көтерілудің қажеті шамалы
elskluziv
15:59
Түркі жұртшылығының мүддесі үшін жасалған келісім
15:49
Ұлттық кітапханада «әл-Фараби орталығының» ашылу салтанаты өтті
09:56
Абай-175: Тұрағұл Құнанбаевтың "Менің әкем - Абай" мақаласы
elskluziv
10:05
Ғалымжан Мелдешов: Әліпби жеке адамның авторлығымен құрастырылмайды
09:57
Прагада «Абай» мәдени-ақпараттық орталығы ашылды
11:21
Абай-175: Тахир Шағатайдың «Түркістанның ең ұлық ақыны – Абай» мақаласы
elskluziv
20:14
Латын қарпінің мақұлданған нұсқасы қашан жарияланады?
12:10
Владимир Бояринов Кітап палатасында қонақта
elskluziv
13:57
Абай-175: Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы
elskluziv
12:02
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың 175 жылдық мерейтойын салтанатты түрде ашып берді
elskluziv
11:31
«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар»
12:01
Абай-175: Әлихан Бөкейханның "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы" мақаласы
elskluziv
Kop jañalyqtar
» » Абайдың төртінші қара сөзі

Абайдың төртінші қара сөзі

Жаңалықтар
109
0

Әрбір байқаған адам білсе керек: күлкі өзі бір мастық екенін, әрбір мас кісіден ғафил көп өтетұғынын да, әрбір мастың сөйлеген кезінде бас ауыртатұғынын. Бұлай болғанда, күлкіге салынған кісі не шаруадан, не ақылдан, не бір ұят келерлік істен құр, ғафил көп өткізіп отырса керек. Осындай ғафилдік көп өткізіп, өлмеген кісінің не дүниеде, не ахиретте басы бір ауырмай қалмаса керек.

Әрбір уайым-қайғы ойлағыш кісі не дүние шаруасына, не ахирет шаруасына өзгеден жинақырақ болса керек. Әрбір жинақылықтың түбі кәніш болса керек. Енді олай болғанда, үнемі уайым-қайғыменен жүре аламыз ба? Үнемі күлмей жүруге жан шыдай ма екен? Жоқ, мен үнемі уайым-қайғыменен бол демеймін. Уайым-қайғысыздығыңа уайым-қайғы қыл дағы, сол уайым-қайғысыздықтан құтыларлық орынды харекет табу керек һәм қылу керек. Әрбір орынды харекет өзі де уайым-қайғыны азайтады, орынсыз күлкіменен азайтпа, орынды харекетпен азайт!

Шығар есігін таба алмай, уайым-қайғының ішіне кіріп алып, қамалып қалмақ, ол өзі де - бір антұрғандық. Және әрбір жаман кісінің қылығына күлсең, оған рахаттанып күлме, ыза болғаныңнан күл, ызалы күлкі - өзі де қайғы. Ондай күлкіге үнемі өзің де салынбассың, әрбір жақсы адамның жақсылық тапқанына рахаттанып күлсең, оның жақсылықты жақсылығынан тапқандығын ғибрат көріп күл. Әрбір ғибрат алмақтың өзі де мастыққа жібермей, уақытымен тоқтатады. Көп күлкінің бәрін де мақтағаным жоқ, оның ішінде бір күлкі бар-ау, құдай жаратқан орныменен іштен, көкіректен, жүректен келмейді, қолдан жасап, сыртыменен бет-аузын түзеп, бай-бай күлкінің әнін сәндеп, әдемішілік үшін күлетін бояма күлкі.

Адам баласы жылап туады, кейіп өледі. Екі ортада, бұ дүниенің рахатының кайда екенін білмей, бірін-бірі аңдып, біріне-бірі мақтанып, есіл өмірді ескерусіз, босқа, жарамсыз қылықпен, қор етіп өткізеді де, таусылған күнде бір күндік өмірді бар малына сатып алуға таба алмайды.

Қулық саумақ, көз сүзіп, тіленіп, адам саумақ - өнерсіз иттің ісі. Әуелі құдайға сыйынып, екінші өз қайратыңа сүйеніп, еңбегіңді сау, еңбек қылсаң, қара жер де береді, құр тастамайды.

Fotogalereya
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: