Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

00:23
1 наурыз – Алғыс айту күні
elskluziv
09:18
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы салтанатты түрде ашылды
elskluziv
19:25
ҚР Мәдениет және спорт министрлігі аппаратының басшысы тағайындалды
elskluziv
11:14
Ақтоты Райымқұлова Президент Алғыс хатын табыстады
elskluziv
16:55
Бақытжан Қанапиянов «Жазушы және уақыт» симпозиумында баяндама жасады
elskluziv
10:41
Халықаралық Минск кітап көрме-жәрмеңкесі өтуде
elskluziv
00:48
ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды
elskluziv
00:38
Ақтоты Райымқұлова театр, кино, спорт және туризм жөнінде эксклюзивті сұхбат берді
elskluziv
11:20
Шайзада Бәйкенова 70 жаста
13:52
«2021 жыл – Қазақстандағы балалар мен жасөспірімдердің кітап оқуын қолдау жылы»
elskluziv
12:52
Мұқағали-90: Ақтоты Райымқұлова жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:21
9 ақпан – қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың туған күні
elskluziv
13:30
Маралтай Райымбекұлының «Аруана» кітабының тұсаукесер рәсімі өтті
16:39
Мемлекет басшысы Ақтоты Райымқұлованы қабылдады
elskluziv
qujat
02:00
Көрнекті жазушы Әнес Сарай дүниеден озды
16:30
Ақтоты Райымқұлова Алматыда зиялы қауым өкілдерімен кездесу өткізді
21:36
ҚазҰУ-мүмкіндіктер ордасы
18:13
ҚР Үкіметінің жаңа құрамы бекітілді
elskluziv
qujat
17:41
Ортақ мүдде, дара идея және оң бастама
elskluziv
11:24
Жаңа жыл құтты болсын!
17:12
«Қоғамдық маңызы бар әдебиеттерді басып шығару және тарату» бағдарламасының жаңа механизмі талқыланды
elskluziv
qujat
12:01
Авторлық құқық: Жаңа заң жарылқай ма?
elskluziv
11:23
Тәуелсіздік – күллі қазақтың мәңгілік төлқұжаты
12:35
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қызметкерлері марапатталды
23:59
Сәбит Досанов. Назарбаев: «Сенен асып қайда барам?» – деді
elskluziv
10:53
Алматы қаласында Ералы Тоғжанов зиялы қауым өкілдерімен кездесті
17:08
«Көне кітаптар және басылымдар» мұражайы ашылды
elskluziv
16:04
«Балаларға арналған үздік шығарма» байқауының қорытындысы
elskluziv
10:32
Тұңғыш Президент күні
09:21
«Балалар әдебиеті – ұлт болашағы» тақырыбында конференция өтті
12:48
Әнес САРАЙ, жазушы-драматург: ШЫҒАРМАНЫ ҚЫЗЫҚТЫРЫП ОҚЫТУДЫҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ӘЛІ МЕҢГЕРГЕН ЖОҚПЫЗ
elskluziv
10:26
Қоңыр Мұқатайқызы 70 жаста
15:48
МЫРЗАТАЙ ЖОЛДАСБЕКОВ: ӘУЕЗОВКЕ ҮШ ЖЫЛ ШӘКІРТ БОЛДЫМ
elskluziv
23:51
«Асыл сөздің» бүгінгі қонағы – жазушы Сәбит Досанов
elskluziv
11:49
Жас ақын, жазушылар қолдауға зәру
10:37
15 қазан – Кітапханашылар күні
15:18
«Асыл сөз» сұхбат жобасының бүгінгі қонағы – Мырзатай Жолдасбеков
Kop jañalyqtar
» » ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі баспа ісі саласы туралы жыл қорытындысын шығарды

Жаңалықтар
335
0
Бүгін Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің онлайн форматта кеңейтілген алқа мәжілісі өтті. Жиында Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов мәдениет, заң, білім, және тіл саясаты саласындағы атқарылған жұмысқа кеңінен тоқталды.

Баяндама басында Нұрғиса Дәуешов пандемия кезінде мәдениет саласында атқарылған жұмыс жайлы айтты.

«Пандемия өткен жылы мәдениет саласына да өз әсерін тигізді. Дегенмен, пандемия кезіндегі төтенше жағдай мен шектеу шараларына қарамастан, бірде-бір мемлекеттік ұйым өз қызметін тоқтатқан жоқ.

2020 жылдың басынан бастап мемлекеттік мәдениет ұйымдар спектакль, премьера, көрме, концерт, конференция сынды 500-ге жуық маңызды іс-шара өткізді. 16 наурыздан бастап сала толығымен онлайн жұмыс форматына ауысты.

Өткен жылдың 10 айында мәдениет ұйымдары 120 млн астам қаралымы бар 75 мың онлайн іс-шара өткізді. Бұл халықаралық, республикалық және өңірлік деңгейдегі жобалар болатын.

1-11 сынып оқушылары үшін ыңғайлы онлайн-форматта қысқа бейне-сабақтары бар «Ұлағатты ұрпақ» мәдени-білім беру жобасы іске қосылып, бүгінгі күні табысты жүзеге асып жатыр. Бейне-сабақтардың қаралым саны 2,5 млн-нан асып, сайтта 10 мыңнан астам қатысушы тіркелді.

Еліміздің өңірдегі мәдениет үйі, музей, ауылды клуб, кітапхана қызметкерлерін қолдау мақсатында үшінші жыл қатарынан «Рухани қазына» республикалық байқауы өтті. Өткен жылы онлайн форматта өткен байқау нәтижесінде 50 номинация бойынша жеңімпаз  анықталып, 22 үздік ұжымға 1 млн.теңгеден, 28 үздік қызметкердің әрқайсысына 500 мың теңгеден сертификат табысталды.

Дәстүрге айналған музей акциялары, «Музейлер шеруі», «Музей түні» шаралары онлайн форматта ұйымдастырылды. Аталған виртуалды турларды 80 мың адам тамашалаған.  

Бүгінде еліміздегі барлық орталық музейде QR код, онлайн экспозиция, 3Д галереялар мен турлар жұмыс істейді. Қазақстан Республикасы музей қорының мемлекеттік каталогы қалыптастырылып, онда 108 мемлекеттік музей қорынан 101 мыңнан астам экспонаты бар. Бүгінде еліміздегі музейлердің қорынан 14 мыңға жуық экспонат цифрлық форматқа (3D модель) көшірілген.

Сонымен қатар пандемия еліміздің кітапханаларында құжаттарды цифрлы форматқа көшіру жұмысын жандандырды.

Өткен жылы кітапханалар оқырмандары үшін 103 мыңнан астам іс-шара өткізді. Онлайн форматта 100-ден астам халықаралық сарапшының қатысуымен 80-нен астам халықаралық жоба іске асырылды.

2020 жылы аяқтауды жоспарлаған 25 фильмнің 13-і дайын. Олардың премьерасы мен кең прокатқа шығару мәселесі пандемияға байланысты кейінге қалдырылды.

Ғылыми-реставрация жұмысы Отырар, Сарайшық, Сығанақ ортағасырлық қалашығы, Алаш хан, Жошы хан кесенесі, Бекет ата жерасты мешіті және т.б. халықаралық және республикалық деңгейдегі 27 ескерткіште жүзеге асырылды», - деді вице-министр.

Сонымен қатар Нұрғиса Дәуешов 2020 жылы мәдениет саласында болған елеулі оқиғаларға тоқталды.

«Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық мәдениет және өнер ұйымы қызметкерлерінің жалақысы республикалық деңгейде 50%-ға, өңірлерде 35%-ға дейін өсті. Жалпы 36,4 мың адамның жалақысы көтерілді.

Тұңғыш Президент – Елбасының мәдениет саласындағы стипендиясы 240-тан 660 айлық есептік көрсеткішке өсті. 2020 жылы 75 мәдениет және өнер қайраткері, оның ішінде 6 жас маман Мемлекеттік стипендияның лауреаты атанды.

Мемлекет басшысы 7 әдебиет және өнер қайраткеріне Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2020 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік сыйлығын тапсырды.

Тұңғыш Президент – Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығына академик Төрегелді Шарманов және «Назарбаев университетінің» ректоры Шигео Катсу ие болды.

Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 5 республикалық мәдениет ұйымына «Ұлттық» мәртебесі берілді.
Мамандығы бойынша жұмыс істейтін балет артистеріне зейнет жасына толғанға дейін жалақысының 60% мөлшерінде арнайы ай сайынғы ақшалай төлемдер белгіленді.

Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрына республикалық мәртебе беріліп, ұжым жаңа ғимаратқа көшті және штат саны 2 есе көбейді.

Екі жылдық үзілістен кейін Қ.Қожамияров атындағы мемлекеттік академиялық республикалық ұйғыр музыкалық комедия театрының ғимараты күрделі жөндеуден өтіп, көрермендерге қызмет көрсете бастады.

«Таңбалы», «Ұлытау» және «Отырар» музей-қорығындағы сапар орталығының құрылысы аяқталды.

Ақан Сатаевтың «Томирис» фильмі Париждегі L'Étrange Festival фестивалінде бас жүлдені жеңіп алды.

NOMAD Stunts халықаралық каскадер тобы «Томирис» фильмінде трюктері үшін әлемдік каскадерлер академиясының «Таурус» сыйлығына ие болды.

Режиссер Рамазан Халиолланың «Домбыра» қысқаметражды фильмі Испаниядағы Short Of The Year қысқаметражды фильмдер фестивалінің қысқы маусымында қазылар алқасының арнайы сыйлығын алды.

Режиссер Азиз Заиров пен Мұхамед Мамырбековтің «Девушка и море» фильмі Канндағы Silk Road Film Awards – Cannes кинофестивалінде «Үздік әлеуметтік драма» жүлдесіне ие болды.

Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры мен «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры ТМД елдерінің үздік опера және балет театрлары рейтингінде үздік 5 опера және балет театрдың қатарына енді.

Нұр-Сұлтан қаласындағы Ұлттық музей мен Алматы қаласындағы Орталық мемлекеттік музей ТМД елдерінің үздік 5 виртуалды музейі қатарында.

М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс драма театры шетелдік орыс театрларының екінші халықаралық фестивалі аясында  Д. Стейнбектің «О мышах и людях» спектаклі үшін ««Золотой витязь» алтын дипломына ие болды», - деп айтты ол.

Сондай-ақ вице-министр өңірлердің мәдениет саласындағы негізгі көрсеткіштері жайлы жеткізді.

«2020 жылдан бері мәдениет саласында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» шеңберінде өңірлерде 23,3 млрд. теңгеге 288 инфрақұрылымға арналған жоба іске асып жатыр. Оның ішінде күрделі жөндеу мен жаңа мәдениет нысанын салу бар.

Бұл көрсеткіш бойынша Шығыс Қазақстан (76), Қарағанды (47) Ақмола (37) облысы көш бастап тұр.

Үйірмелердің жалпы саны бойынша Шығыс Қазақстан (3450), Батыс Қазақстан (3113), Ақмола облысы (2752) көш басында келеді. Ал үйірмеге қатысушылар саны бойынша Қарағанды (35 437), Шығыс Қазақстан (23 691) Қостанай облысы (23751) алдағы орында тұр.

2020 жылы өңірлерде бюджеттен мәдениет саласына қаржы бөлу жағынан    алдыңғы қатарда Алматы (5,6%), Қарағанды (3,6%), Ақмола облысы (3,1%) тұр».

Осыдан кейін Нұрқиса Дәуешов Министрлік заңнамалық базаны жетілдіру бөлігінде атқарған жұмыс пен білім беру саласы жайлы айтты.
«2020-2021 жылы келесі Заңдар қабылданды:

1) 2020 жылғы 2 қарашада «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мәдениет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»;

2) 2021 жылғы 28 қаңтарда Парламент «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы (ЮНЕСКО) арасындағы ЮНЕСКО аясында Мәдениеттерді жақындастыру халықаралық орталығын (2-санат) құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң қабылданса, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кинематография мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы әзірленіп жатыр.

Министрлікке бағынысты білім беру ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыруға келетін болсақ, бүгінгі таңда 4 ЖОО-да 5 267 студент, 4 колледжде – 2691 студент, ЖОО жанындағы 3 мектеп-интернатта және 2 мамандандырылған музыкалық мектеп-интернатта - 2213 білім алушы оқиды. Білім алушылардың жұмысқа орналасуы бойынша Министрлікке бағынысты оқу орнын тәмамдаған түлектерінің жұмысқа орналасуы 2019 жылы – 93%,  2020 жылы – 88%-ды құрап отыр.

Осыған орай, Министрлік білім беру ұйымдарының басшылары және өңірлік әкімдіктермен бірлесіп жасалған Жол картасы бойынша  түлектерді жұмысқа орналастыруды қатаң бақылауда ұстауда», - деді Нұрқиса Мұратұлы.

Сондай-ақ вице-министр елімізде тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы негізінде жүзеге асырылып жатқан жұмыспен таныстырды.

«2020 жылдың қорытындысы бойынша халықтың 90,5%-ы мемлекеттік тілді әртүрлі деңгейде меңгергені анықталды. Оның ішінде 52,7%-і – еркін жаза алатынын, сөйлейтінін және оқи алатынын көрсетіп отыр.

Жалпы бүгінгі жағдай бойынша республика аумағы бойынша 80482 адам қазақ тілі курстарынан өтті.

Өңірлік мемлекеттік тіл оқыту орталықтарының саны, филиалдарын қоса алғанда – 114. «Қазтест» орталығы ұсынған ақпаратқа сәйкес 2020 жылы 7564 адам тест тапсырған. Тіл туралы заңның орындалуын профилактикалық бақылау, қадағалау жұмысы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды облысы және Алматы қаласы тарапынан 45 мекемеге жүргізілді. Өткен жылы қазақ тіліндегі құжат айналымы 93% болды. Комитет орталық атқарушы органдар мен ұлттық компания, банктердің ресми сайтына мониторинг жасап отырады. Мәселен былтыр 41-і мекеменің сайты талапқа сай түзетілді. Мемлекеттік БАҚ-та қазақ тіліндегі контенттің үлесі 74%-ды құрады.

Былтыр терминология комиссиясының 4 отырысы, 19 іс-шара ұйымдастырылды және 1476 термин қаралып, бекітілді. Термин жасаудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін «Termincom.kz» сайтында электронды ашық алаң іске қосылды.

Ономастика бағытында да біршама жұмыс атқарылып, 2020 жылы 700-ге жуық елдімекен мен көше атауы бекітілді. Ономастика саласындағы жұмысты реттеу, еліміздегі ономастикалық атаулардың ортақ қорын қалыптастыру мақсатында «Atau.kz» сайты іске қосылған.
Түркі тілдерін зерттеушілермен, әдіскерлерімен ғылыми пікір, тәжірибе алмасу мақсатында 10 елдің қатысуымен халықаралық конференция ұйымдастырылды. Жалпы 2020 жылы латын әліпбиін жетілдіру бағытында 8000 адам қамтылған 31 іс-шара өтті.

Тілдің қолданыс аясын кеңейту мақсатында әзірленген интернет-ресурстар жаңартылып, толықтырылып тұрады. Мәселен қазақ тілін өздігімен үйренушілерге арналған «Tilmedia.kz», «Balatili.kz», «Tilqural.kz» сайттары көпшіліктің сұранысына ие», - деді вице-министр.
Сонымен қатар  2020 жылы баспа ісі саласындағы атқарылған жұмыспен таныстырды.

«Өткен жылы жалпы таралымы 891 500 дананы құрайтын 313 аталым бойынша қоғамдық маңызы бар әдебиет шығарылды. 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру мақсатында 2021 жылы 118 іс-шара өткізу жоспарланған», - деді ол.
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: