Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

11:18
Қабдеш ЖҰМАДІЛОВ: "ТАРИХТЫ ТҮЗЕМЕЙ ӘДЕБИЕТТЕ АҚИҚАТҚА ҚОЛ ЖЕТКІЗУ ҚИЫН"
09:55
Ақтоты Райымқұлова мәдениет және өнер саласы қызметкерлерін құттықтады
10:31
Тұлғалардың тырнақалды кітаптары жарық көрді
elskluziv
16:00
ISBN нөмірін тегін алыңыз
08:48
Ұлы Жеңіске 75 жыл
elskluziv
13:19
Абайдың жиырма үшінші қара сөзі
13:22
Кітап – адамзаттың асыл діңгегі
elskluziv
19:53
#Бізбіргеміз: Иманғали Тасмағамбетов
19:45
#Бізбіргеміз: Жақсыкелді Кемалов
15:09
#Бізбіргеміз: Дулыға Ақмолда
19:39
Абайдың жиырма екінші қара сөзі
09:48
#Бізбіргеміз: Светқали Нұржан
21:58
#Бізбіргеміз: Сұраған Рахметұлы
17:48
#Бізбіргеміз: Мұрат Шаймаран
15:35
Абайдың жиырма бірінші қара сөзі
00:33
#Бізбіргеміз: Сәуле Жанпейісова
00:27
#Бізбіргеміз: Нұркен Өтеуіл
00:22
#Бізбіргеміз: К.Әзірбаев атындағы Жамбыл облыстық филармониясы
00:20
Абайдың жиырмасыншы қара сөзі
00:18
#Бізбіргеміз: Дәулеткерей Кәпұлы
00:12
#Бізбіргеміз: Ғалым Жайлыбай
20:30
Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласының қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтады
19:30
Абайдың он тоғызыншы қара сөзі
16:52
«Сіз үшін жыр оқыдым, ғазиз жұртым...» эстафетасы басталды
elskluziv
19:29
Абайдың он сегізінші қара сөзі
15:23
Конкурентоспособность ведущего вуза страны
19:28
Абайдың он жетінші қара сөзі
17:25
Мұқым елдің мүддесі – бірлік
17:19
Абайдың он алтыншы қара сөзі
15:04
Абай-175: Мұхтар Әуезовтың "Абай ақындығының айналасы" мақаласы
elskluziv
19:24
Абайдың он бесінші қара сөзі
14:33
День студенческой науки в КазНУ имени аль-Фараби
15:16
Абайдың он төртінші қара сөзі
15:13
Абай-175: М.Мақатаевтың «Дала данышпаны» өлеңі
elskluziv
14:41
Медаль Пушкина за обучение языку Пушкина
15:07
Абайдың он үшінші қара сөзі
12:12
Карантин - это время для саморазвития
Kop jañalyqtar
» » Карантин уақыты – өз-өзіңді дамытуға жұмсалатын мезгіл

Карантин уақыты – өз-өзіңді дамытуға жұмсалатын мезгіл

Жаңалықтар
921
2

Дүниені дүрліктірген дерт қаншама шаруаны шетке ысырып қоюға мәжбүрлегені рас. Көптің көңілі күпті. Жылт еткен жаңалыққа елегзи қарап, іштей «жақсы болса екен» деген тілекте. Дүдәмал халге түскеніміз де рас.

Қазақстанда Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының «пандемия» деп таныған індеті – коронавирус фактісі тіркелген уақыттан бері алдын ала дайындалған жоспарлар бойынша небір санитарлық-эпидемиялық шаралар қолданылуда. Қалааралық қатынастар, халықаралық қатынастар тоқтап, қоғамдық шаралар шегерілді.

Мемлекет басшысының жанынан құрылған Мемлекеттік комиссия да күндіз-түні жұмыс жасауда. Жалақыны қысқартпау, мүмкіндіктерді пайдалана отырып жұмыстарды мейлінше онлайн режимге көшіру шаралары қолданылуда. Бұл – ел басшылығының халық денсаулығына бей-жай қарамайтынының анық көрінісі.

Алдағы уақытта ең ірі қос шаһарда карантин жарияланып, қозғалыстар азайтылмақ. Осы ретте біз де оқырмандарға, ресми сайттағы, әлеуметтік желідегі ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының аудиториясына үйден шықпауға, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі көрсеткен барлық сақтық шараларын уақытылы орындауға кеңес береміз.

Індетте бізге не міндет?

Қазақ халқының тарих қойнауына үңілсек оба, обыр, тырыспа және т.б. небір нәубетті бастан кешкеніне куә боламыз. Медицинаға мұқтаж болмаған мұқым ел халық емін қолданды, тұлғааралық байланыс орнатпау керектігін білмеді. Нәтижесінде қаншама ата-бабамыз індет құрбанына айналып, бетін топырақ жасырып қала берді.

Біз тарихтағы, әлемдегі соңы өкінішпен, қайғымен аяқталған қателіктерді қайталамауымыз керек. Сол себепті үйде болып, бос уақытты өз-өзіңді дамытуға, біршама уақыттан бері жоспарға сыймай, ыңғайы түспей жүрген дүниелерге мән берген абзал.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы барша халықты кітап оқуға, түрлі пайдалы фильмдер көруге шақырады.

Жаһанды жайлаған індет биылғы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын кең тойлауға да мұрша бермеді. Десек те, ұлттың бәйтерегіне айналған данышпан бабамыздың мерейтойы – әр қазақ үшін мереке, маңызды дата.

Осы ретте біз барша азаматтарға Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын, хакім Абайдың өлеңдерін, ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ресми сайтында жарияланған ұлт марғасқаларының Абай туралы мақалаларын, Абайдың қара сөздерін оқуға кеңес береміз.


"Абай жолы" романының Kitap.kz онлайн платформасы әзірлеген аудионұсқасы.


Абай Құнанбаевтың ғақлияларын оқу - әр қазаққа міндет. ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының ресми сайтында қара сөздер жүйелі түрде беріліп отырады. Мезгілсіз демалысты да өз оң жамбасқа келтіріп, оңтайлы пайдаланайық, Абайды тереңірек таниық.


1. Абайдың бірінші қара сөзі


2. Абайдың екінші қара сөзі


3. Абайдың үшінші қара сөзі


4. Абайдың төртінші қара сөзі


5. Абайдың бесінші қара сөзі


6. Абайдың алтыншы қара сөзі


7. Абайдың жетінші қара сөзі


8. Абайдың сегізінші қара сөзі


Мақалалар сілтемесі төменде:


1. Абай-175: Міржақып Дулатовтың "Абай" атты мақаласы 


2. Абай-175: Әлихан Бөкейханның "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы" мақаласы


3. Абай-175: Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы


4. Абай-175: Тахир Шағатайдың «Түркістанның ең ұлық ақыны – Абай» мақаласы


5. Абай-175: Тұрағұл Құнанбаевтың "Менің әкем - Абай" мақаласы


6. Абай-175: Ілияс Жансүгіровтың "Абайдың сөз өнері" мақаласы


7. Абай-175: Сәкен Сейфуллиннің «Ибраһим Құнанбайұлы туралы» мақаласы


8. Абай-175: Сәбит Мұқановтың «Абай (Ибраһим) Құнанбаев» портреті


Сонымен қатар, әлемге аты әйгілі, ғаламшардың «екінші ұстазы» Әбу Насыр әл-Фарабидің де 1150 жылдық мерейтойы екенін жадымыздан шығармаған абзал. Ғұлама бабамыздың көптеген шығармалары ғаламтор желісінде қолжетімді.

Бұның барлығы – адамзат үшін үлкен рухани ризық. Індет есімізді алып, үрейімізді үдете түссе-дағы, Тәңірден тәбәрік болған сабырымыз бен адами асыл қасиеттерімізден ажырамаған абзал.

ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының қорында 5 миллионнан астам мұра бар. Десек те, қазіргі уақытта жалпы жұртшылықты төмендегі он кітапты оқуға шақырамыз:

1. «Абай жолы», М. Әуезов

2. «Қызыл жебе», Ш. Мұртаза

3. «Қылмыс», Қ. Шабданұлы

4. «Дарабоз», Қ. Жұмаділов

5. «Қан мен тер», Ә. Нұрпейісов

6. «Шыңғыс хан», М. Мағауин

7. «Қарғын», Д. Исабеков

8. «Шырағың сөнбесін», Т. Ахтанов

9. «Парасат майданы», Т. Әбдік

10. «Талтүс», Таласбек Әсемқұлов

Сонымен қатар, ішкі дүниеңіздің қылын тербеп, өмірдің өзгеше күйіне құлақ түргіңіз келсе, қазақтың кез келген ақынынан өлең оқыңыз. Тілі оралымды, шешен халықтың сөзұстар ұлдары жаман дүние жазбаса керек. Рухани көзіңіз ашылып, айналаны одан әрі терең тани түсеріңізге кепілдік беруге болады.

Адамның психологиясы – өзінің жауы. Орынсыз үрейге бой алдырып, өсек-аяңның шоғын үрлегенше көкірек көзімізді ояту үшін жұмыс жасаған дұрыс, әсілі.

Коронавирус та құрықталар, ажиотаж ауыздықталар, індет ініне қайта тығылар. Ал адамзат тіршілігін қайта жалғастырмақ. Уақытша қиындыққа мойымай, тұран даланың төсінде жортқан бөрі тектес жұртқа бекем болған бек жарасады.

Fotogalereya
Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

2 pikirler

DSMBoisk 3 мая 2020 06:18
Такі предмети меблів як полки, серванти і книжкові шафи повинні бути закріплені, а для цього існують спеціальні пристосування. Вибираєте Ви наконечники на кути, ремені безпеки для меблів або ж меблі з захистом, що йде в комплекті, не забудьте особисто перевірити меблі на безпеку, і, що дуже важливо, зробіть все, що залежить від Вас!
OLBoisk 3 мая 2020 17:13
Бетонні стільниці — це практичний варіант облаштування робочого простору кухонної зони, так як бетон в порівнянні з гранітом, мармуром, іншими видами натурального або штучного каменю має ряд важливих переваг, таких як надійність, довговічність, а також економічність. Вартість бетонної стільниці в кілька разів дешевше, ніж вартість робочих кухонних столів, виконаних з натурального мармуру або граніту. Також бетон може бути абсолютно будь-яких форм, параметрів і конфігурацій і в подальшому може бути пофарбований в будь-який колір за бажанням дизайнера або домовласників.
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: