Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

13:26
Мерекелеріңізбен, кітапханашылар!
14:43
Ақтоты Райымқұлова Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен жиын өткізді
12:22
«Асыл сөзде» қонақта - Халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов
elskluziv
21:04
Латын әліпбиі – бізді әлемдік кеңістікке шығарады
11:35
Шәкәрім философиясы
10:25
Игіліктің бастауы
elskluziv
09:48
Мәдениет және спорт министрі азаматтарды қабылдады
22:11
Мәдениет саласы мамандарының еңбекақысы өседі
21:32
"Асыл сөз" жобасы-Ә.Нүрпейісов
elskluziv
19:48
«Қазақ тарихынан» Бексұлтан Нұржекеұлы
19:42
«Түркі халықтарының ежелгі әдеби жәдігерліктері»
19:39
«Священный Коран» тарскрипция и перевод смыслов
10:41
Поэзия падишасына арналған шаралар
15:22
Кітап фестивалінің ауқымы артуда
16:02
Азия қаламгерлерінің алғашқы форумында айтылған ұсыныстар
11:15
Азия ақын-жазушыларының алғашқы форумы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасымен өткізілуде.
23:45
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология және әлем тілдері факультеті
11:18
ТҰТАС АЗИЯ ЕЛДЕРІ ЖАЗУШЫЛЫРЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ФОРУМЫН ӨТКІЗУГЕ ЖИНАЛҒАН ҚАЛАМГЕРЛЕР ҚАЗАҚ АСТАНАСЫНДА
14:00
Азия елдері қаламгерлерінің І форумынан күтетін мәселе көп
13:54
Кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің еңбекақысы көбейеді
09:20
Кітап палатасының ұжымы ұлы Абайдың 175 жылдығына орай басталған жыр эстафетасын жалғастырды
elskluziv
11:25
БҮГІН ҰЛТТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІТАП ПАЛАТАСЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІ
12:35
Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі құрылып, оның құрамы бекітілді.
21:59
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағанбетов "Ұлы Абайға 175 жыл"
elskluziv
11:20
Ұлы Абайға 175 жыл
elskluziv
18:36
«Smart qalamger» жобасы іске қосылды
14:40
ҚР Ұлттық мемлекеттік Кітап палатасы ұжымы Арыс қаласына бір күндік жалақысын аударды
11:16
Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов: Біз кез келген пікірді тыңдауға дайынбыз!
16:07
Ақтоты Райымқұлова Мәдениет және спорт министрі болып тағайындалды
09:07
Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
15:52
Баспалар назарына!
09:29
Жүйелілік – жұмыс сапасын арттырушы фактор
10:40
Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауының қорытындылары
11:01
Кітап палатасының ұжымы Президент сайлауына дайын
14:38
Маралтай ақынның өлеңдері БҰҰ-ның алты тіліне аударылды
09:57
Нұр-Сұлтанда Ержан Максимнің концерті өтеді
11:39
Елімізде Ораза айт мерекесі басталды
Kop jañalyqtar
» » » Латын әліпбиі – бізді әлемдік кеңістікке шығарады

Латын әліпбиі – бізді әлемдік кеңістікке шығарады

Жаңалықтар / Мәдени жаңалықтар
62
0

Ербол Ердембекұлы, Ш.Шаяхметов «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры:

Латын әліпбиі – бізді әлемдік кеңістікке шығарады

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастырумен, Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы Алматыда баспагерлер мен БАҚ өкілдеріне арналған «Жаңа емле: құрылымы мен мазмұны» тақырыбында семинар-кеңес өткізді. 




Басқосуды Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Ердембекұлы ашып, латын әліпбиіне көшудің  маңыздылығына бірнеше дәйектер келтіре отырып тоқталды.


  • Біріншіден, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, тіл –саясат құралы. Мәселен өткен ғасырда әлемде 150 мемлекет әліпбилерін ауыстырса, соның 70 пайызы отарлаушы елдердің қысымымен жасаған. Олардың қатарында соңғы 90 жылда 3 рет әліпбиін ауыстырған қазақ елі де бар. Ал, енді «латын графикасына көшудің маңыздылығы не?» деген сауалға жауап берсем, 2019 жылы әлем халқы 7 миллиард, 700 миллион адамға жетсе, соның 36 пайызы латын әліпбиін пайдаланады. Соңғы 20 жылда латын әрпін пайдаланатын халықтар саны қарқынды өсіп келеді. Мәселен, әлемдегі 250 миллион түркі халықтарының 55 пайызы латын әліпбиін қолданады. Екіншіден, әлемде ғылым мен техниканың 77 пайызы латын әліпбиімен дамып отыр. Сонымен қатар қазіргі таңда қазақ халқы әлемнің 45 елінде бар болса, солармен ортақ әліпбиіміз болмаған. Соның салдарынан шетелдердегі 5 миллион қазақ қазіргі таңда рухани құнылықтарымызды тұтына алмай келеді. Үшіншіден, әлеуметтік, экономикалық мәселеге келер болсақ, 1929 жылы төте жазудан латын әліпбиіне көшкен соң елімізде саяси репрессия және ашаршылықтың ауыртпалықтары орын алғаны белгілі. Бірақ соған қарамастан ешкім де сауатсыз болып қалған жоқ. Ал, 1940 жылы латыннан кириллицаға көшкеннен кейін көп кешікпей соғыс басталса да  сауат аша алмай қалған адамды көрмедік. Мысалы Өзбекстан мен Әзербайжан 1992 жылы ешқандай дайындықсыз латын әліпбиіне көшіп кетті. Ол кездегі олардың әлеуметтік, экономикалық жағдайы біздің қазіргі мүмкіндігімізден әлдеқайда төмен еді. Сондықтан 2017 жылы Елбасымыз Н.Назарбаев латын әліпбиіне көшу жөнінде тапсырма берген соң біз осы істі кезең-кезеңімен жүзеге асырудың жоспарын жасап, мемлекеттік бағдарламасын қабылдадық. Енді сол бойынша жұмыс атқарудамыз.

   Бұдан кейін Ербол Ердембекұлы Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының   латын әліпбиіне көшуде 2018 жылдан бері атқарып келе жатқан жұмыстарына қысқаша тоқталды. Оның айтуынша, өткен жылы бала бақшалар тәрбиешілерінен бастап, мектептер мен колледждер мұғалімдері және ЖОО оқытушылары арасында осындай семинар кеңестер өткізілген. А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты ғалымдары әзірлеген латын әліпбиінің үлгісін тілші-ғалымдармен сан мәрте талқылап, 2018 жылдың 6-желтоқсанында Үкіметтегі Ұлттық комиссияда ол мақұлданған. Бүгінде 3-4 әріпке байланысты мәселелер пысықталуда екен. Сондай-ақ, тіл ғылымының түрлі салалары да латын әліпбиіне көшкенде кездесетін өзгерістер бойынша жұмыс атқаруда екенін айтты. 

«Жаңа әліпбиді меңгерудегі IT жобалар»

   Семинарда «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы қоғаммен байланыс басқармасының басшысы Мөлдір Бақытқызы «Жаңа әліпбиді меңгерудегі IT жобалар» деген тақырыпта баяндама жасап, латын графикасына көшудегі интернетпен компьютерлік бағдарламалардың мол мүмкіншілігіне тоқталды. Оның айтуынша, осы бір жыл ішінде орталықтың IT мамандары көптеген бағдарламалар жасаған. Соның бірі – QAZLATYN.KZ - порталындағы арнаулы бағдарлама 50 беттік криллицадағы мәтінді 1 секундта латын әрпіне көшіре алады екен. Екінші бір бағдарлама терминнологиялық қорды толықтырмақ. Осы бағдарламалардың 5 мобильді қосымшаларын да жасапты. Оның 3-і ересектерге арналған ойын түрінде болса, 2-і балаларға лайықталып, мультфильм үлгісінде беріліпті. Ал, үшінші бағдарлама бойынша 5000 әріп пен тыныс белгілерінен тұратын мәтінді конвертер арқылы бір сәтте аудару қарастырылған. Ең кереметі осы бағдарламалардың мобилдік қосымшаларын жүктеп алса бүкіл жүйе интернетке тәуелсіз, онлайн түрде жұмыс істей бермек. Мөлдір Бақытқызының айтуынша, орталықтың  IT мамандары мен тілші-ғалымдар бірлесіп жасаған  SOZDIKQR.KZ - порталында 300 000 сөз жинақталыпты. Бұл жұмыс болашақта да жалғаса бермек. Оған еліміздің барлық азаматы атсалысуға болады. 

  Семинарды одан ары сабақтаған Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының ғалым хатшысы, филология ғылымдарының кандидаты Анар Мұратқызы «Латынграфикалы жаңа әліпби негізінде сапалы қазақтілді контент қалыптастыру: мәселелер мен ұсыныстар» деген тақырыпта баяндама  жасап, баспагерлерге бірнеше ұсыныс айтты. Оның алғашқысы латын әліпбиіндегі балаларға арналған кітаптарды көбейту болса, екіншісі - қорларында тұрған шығармалардың электрондық нұсқасын жасап, жас ұрпақтың рухани құндылықтармен сусындауына мүмкіндік туғызуларын өтінді. Сондай-ақ, Анар Мұратқызы «Ұлттық тіл корпусын» құру уақыт талабы екенін тілге тиек етті.

      Ал, өз кезегінде А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері, филология ғылымының докторы Құралай Бимолдақызы «Жаңа емле: сөздерді босаралықпен және босаралықсыз жасаудың себептері, анықтау белгілері» деген тақырыпта баяндама жасап, латын әліпбиіне көшкендегі жазу теориясындағы күрделі мәселелерге тоқталды.

    Баяндама жасаған ғалымдарға баспагерлер мен журналистер қауымы сұрақтар қойып, оған дәлелді де тұщымды жауаптар алды. 

    Семинарды қортындылаған Ербол Ердембекұлы латын әліпбиіне неғұрлым ертерек көшсек, соғұрлым Рессей экспанциясынан құтылып, әлемдік кеңістікке шығатынымызды, сонда еліміздегі білім мен ғылымның даму қарқыны да артатынын, оған тілші ғалымдар мен бірге баспагерлер және БАҚ өкілдері үлес қосу керектігін айтты.


Нұрболат Абайұлы, Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының баспасөз хатшысы.  


 
 


Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

0 pikirler

Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: