ҚР Ұлттық Мемлекеттік Кітап палатасының директоры, жазушы Ә. Асқаров Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры" атты мақаласына қатысты "Егемен Қазақсьтан" газетінде өз пікірін білдірді.
Қазақстан - Ұлы даланың қара шаңырағы
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының жалғасы іспетті ұсынған «Ұлы даланың жеті қыры» атты жаңа мақаласы көпшілік арасында қызу қолдау тапты. Өйткені былтырғы мақаланың, ондағы көрсетілген басымдықтар мен қарастырылған жобалар аясында түрлі тарихи, мәдени оқиғалар орын алды, нәтижесінде жеткен жетістіктер де аз болмады.
Биылғы мақалада Елбасымыз өткенімізді екшеп, таразылап, болашағымызға бағытталған қадамды ерекше сеніммен басуға мүмкіндігіміз де, құқымыз да бар екенін атап айтып отыр. Мақалада жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап ететін талай мәселе көтерілді. Бұларды жүзеге асыру барысында атқарылатын жұмыстардың да бір тобы бекітіліп берілді. Солардың арасындағы қолға алынғалы отырған ірі жобалар халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының алтын көпірі болары сөзсіз.
Ең бастысы қазақ деген елдің барын білмейтін, білсе де әдейі көзге ілгісі келмейтін баз біреулер үшін еліміздің кім екенін тайға таңба басқандай етіп таныстырып берді.
Ұлы даланың Елбасы атап көрсеткен жеті қыры - бүкіл әлем мәдениетіне әсер етті, әлемдік өркениетке негіз болды. Ал Қазақстан сол Ұлы даланың қара шаңырағы! Демек, қара шаңырақ атымызға сай, тарихи санамызды жаңғыртып, ұлы даланың тарихын ұлықтайтын ұл мен қыз тәрбиелеуіміз керек. Ұлы дала оғландарының, яғни өз ата-бабасының төл тарихын білген ұрпақтың оны мақтан етері сөзсіз. Ол – жас ұрпақтың рухын көтереді, патриоттық сезімін өсіреді, болашағына сенімді етеді.
«Ұлы даланың жеті қыры» – ол түгел түркінің жеті қасиеті, жеті ерекшелігі. Ол табан астында пайда болған идея емес, елбасының ұшқыр ойының елегінен өткен, тәжірибесімен қалыптасқан үлкен саяси ұстанымының кезекті бір бөлігі. Өйткені бажайлап қарап отырсақ, бұл мақаланың осыдан бір жарым жыл бұрын жарық көрген «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» стратегиялық мақаласының тереңдетілген жалғасы екенін байқаймыз. Алдымызға қойған мақсаттарымызды кезең-кезеңімен жүйелі түрде іске асырып келе жатқанымызға көз жеткізе түсеміз. Ал жүйелілік – заңғар биіктерге алып шығатын қарышты қадамдардың негізі.
Мәселен «Архив – 2025» жетіжылдық бағдарламасы ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейінгі кезеңді қамтитын барлық отандық және шетелдік мұрағаттар дүниесіне іргелі зерттеулер жүргізу үшін қолға алынбақ. Тарихшылар мен деректанушылар, мәдениеттанушылардан құрылған арнайы топтардың отандық және шетелдік ірі архивтермен өзара ықпалдастықта жұмыс атқаратын болса, шындығында да біраз шаруаның басын қайыруға болады. Және «архив деректерін жай ғана жинақтап қоймай, барлық мүдделі зерттеушілер мен қалың жұртшылыққа қолжетімді болуы үшін оларды белсенді түрде цифрлық форматқа көшіру қажет» деген жолдар жүрегімізге жылы тиіп жатқаны рас. Шындығында бұл тіпті де кейінге қалдыруға болмайтын шаруа, өйткені бүгінгі бар білімді интернет әлемінен іздейтін ұрпақ үшін ата-бабасының жүріп өткен жолы мен тарихын тануы – ел болашағы үшін аса маңызды. Бұл мәселе де былтырғы «Цифрлы Қазақстан» жобасында қолға алынған, қарастырылған мәселелердің жүйелі жалғасы.
Мақалада бұдан басқа да түркологтардың дүниежүзілік конгресін ұйымдастыру, «Ұлы дала» атты ежелгі өнер және технологиялар музейін ашу, «Дала фольклорының антологиясын» жасау, еліміздің өркениет тарихының үздіксіз дамуын телевизиялық сериалдар мен көркем картиналардың арнайы циклін өндіріске енгізу сынды тарихи, әрі маңызды міндеттері бар бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Ендігі мақсат – осы алға қойылған міндеттерді халыққа пайдалы болатындай етіп жүзеге асыруға атсалысу. Бұл мақала тарихшы, мәдениеттанушы ғалымдар, жалпы көкіргінде оты бар зиялы қауым үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашып отыр. Демек, Жолдауда «Жастар жылы» деп танылған жаңа жылды жаңаша мазмұнмен бастауымыз керек. Сондай-ақ, Президент атап өткендей, Жастар жылында «классикалық қалыптан тыс, баламалы жастар өнерінің креативті әлеуетін де пайдаланудың мәні зор» деп білеміз.
Жасыратыны жоқ, кей жағдайларда жасанды ұраншылдыққа бой алдырып, жиыннан-жиын өткізіп, басты бағыттан ауытқып та жататын кездер болып тұрады. Қоғам болғасын да, мұның өзі де заңдылық сияқты көрінеді. Қайткенде де, науқаншылдықтан ада болсақ, осы жолда әрбіріміз аянбай еңбек ете алсақ деген тілек бар.
Әлібек Асқаров, жазушы