ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының әдістемелік кеңесі «Жас библиографтар мектебі» сабақтарын өткізді. Бұл мектептің мақсаты – жас мамандарды Кітап палатасының жұмысына белсене араласуға, ғылыми жұмыстарды ұйымдастыру, ақпараттық-библиографиялық жұмыстарды сапалы жүзеге асыруға баулу. Сабақ барысында жас мамандар библиография және кітап ісі жөніндегі алдыңғы қатарлы тәжірибелерін үйреніп, Кітап палатасының Баспасөз мұрағаты қызметімен жақын танысады.
Бүгінгі өткен әдістемелік кеңес кітап басылымдарының титулдық бетін «Шығу мәліметтері» ҚР СТ 23-83-2013 стандартына сәйкес рәсімдеу тақырыбына арналды. Сабақты Кітап палатасының ардегер библиографы Дербісалина Бану Әнуарқызы жүргізді.
Кейінгі кезде көптеген баспалар кітап басылымдарын стандарттарға сәйкес рәсімдемей жатады. Бұл – шыққан басылымдардың библиографиялық жазбасын жасауда немесе кітапты іздеу барысында біршама қиындықтарға әкеліп соғады. Осыған орай, ISBN номерлерін беру кезінде басылым иесіне, баспагерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізу, басылымдардың шығу мәліметтерін бірізділікке түсіру туралы мәселелер қаралды.
Жас мамандар өздерін қызықтырған түрлі сұрақтарға жауап алды.
Әдістемелік кеңестің «Жас библиографтар мектебі» сабақтары әр аптаның сәрсенбі күндері өтеді.