Qaz | Rýs | Engl
Алматы C

Soñğy jañalyqtar

20:14
Латын қарпінің мақұлданған нұсқасы қашан жарияланады?
12:10
Владимир Бояринов Кітап палатасында қонақта
elskluziv
13:57
Абай-175: Ахмет Байтұрсыновтың "Қазақтың бас ақыны" атты мақаласы
elskluziv
12:02
ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Абайдың 175 жылдық мерейтойын салтанатты түрде ашып берді
elskluziv
11:31
«Жиырма мыңжылдықтың құпиясы: ізденістер мен ашылымдар»
12:01
Абай-175: Әлихан Бөкейханның "Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы" мақаласы
elskluziv
09:59
Әділ Қойтанов: Кітап сату мәдениетін қалыптастыру керек
elskluziv
14:16
«Абай. Қара сөздер»
17:38
Қасым-Жомарт Тоқаев. Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан
15:47
«Қазақ халық аспаптар оркестріне лайықталған шығармалары»
15:23
«Сазсырнай аспабына арналған хрестоматия»
10:41
Абай-175: Міржақып Дулатовтың "Абай" атты мақаласы
elskluziv
10:22
Абай-175: Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының мерейтойлық бастамасы
elskluziv
16:33
Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылғы мәдени шараларды бекітті
elskluziv
16:27
«Мағауия Аманжолов»
16:26
«360 әулиелі Маңғыстау»
16:25
«Жетісу жер жәннаты ән қанатында»
11:01
28 желтоқсан «Жалпыұлттық аза тұту күні» деп белгіленді
16:10
«Өзімді мүлде кінәлімін деп санамаймын!»
15:22
Абай жазған заң жинағы рухани құндылықтарға қосылуда
qujat
13:14
Тәуелсіздік күні құтты болсын!
elskluziv
16:04
Мәдениет және спорт министрі «Egemen Qazaqstan» газеті ұжымымен кездесті
elskluziv
15:52
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасындағы тәуелсіздік мерекесі
elskluziv
15:39
Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Smart qalamger» жобасы жалғасуда
elskluziv
13:24
Билік сабақтастығы
19:02
Құрметті ISBN өтінішкерлері (баспагерлер)!
elskluziv
qujat
10:04
Ерекше дауысты Ержанды Министр Ақтоты Райымқұлова құттықтады
elskluziv
18:26
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті әлемдегі ең үздік университеттердің 210 қатарына енді.
qujat
18:08
1 Желтоқсан-ел тарихы үшін елеулі күн!
qujat
17:03
Ақын рухына тағызым жасалды
11:39
Конференцияда тарихшылар– Ұйғыр ауданын Әлмерек Жаншықұлы атына беруді ұсынды
12:08
Аспан тау асқан үркін көш
11:54
«Өнер өлкесі»
11:54
«Атырау арыстары» сериясы
11:53
«Исламтану зерттеулері» сериясы
11:52
Деңгейлік қазақ тілі
11:35
ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының «Адалдық алаңы» жобасы азаматтарды қабылдауға дайын
Kop jañalyqtar
» » » Ұлттық мемлекеттік кітап палатасындағы тәуелсіздік мерекесі

Ұлттық мемлекеттік кітап палатасындағы тәуелсіздік мерекесі

Палата жаңалықтары / Мерекелік іс-шаралар / Мәдени жаңалықтар
195
2

Еліміздегі мерекелердің ең ұлығы тәуелсіздік мерекесі анық. Міне осы тәуелсіздік мерекесі қарсаңында көптеген ұжымдарда салтанатты шаралар өтуде. ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журанлистика факультеті де осы мерекеге орай бірлескен меморандумға қол қойып, бұл күнді есте қалардай салтанатты шараға айналдырды. 

  Осынау салтанатты шараны ашқан Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов тәуелсіздік мерекесін атап өту жылдан-жылға өз деңгейіне көтеріліп келе жатқанына тоқталды. 

  • Еліміздің жастары тәуелсіздік тарту еткен мүмкіндіктерді пайдаланып, білімді де білікті маман болып қалыптасуы керек. Соған негізделген шараның бірі екі ұлттық ұжымның бүгінгі бірлескен меморандумы. Бізде осы салада 20-30 жыл қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі де, білікті библиографтар қызмет етеді. Міне, студенттер теориялық білімдерін өндірістік тәжірибеден өткенде сол мамандардан үйренсе, ертеңгі жұмыстарында игіліктеріне айналары анық.  

Өз кезегінде сөз алған журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы да жиналғандарды алдымен тәуелсіздік мерекесімен құттықтай келе бүгінгі шараның маңыздылығын тілге тиек етті.

  • Біз дайындап отырған жастар еліміздің болашағы. Олардың күні ертең жұмысқа орналасуы үшін сіздер секілді ұжымдармен ерте бастан байланыс орнатудамыз. Жұмыс берушілерге қандай мамандар қажет, оларды қай бағытта дайындауымыз керектігін зерттеудеміз. Сондықтан тәуелсіздік мерекесі қарсаңында өтіп отырған бүгінгі шараның маңызы өте жоғары.

Салтанатты шара барысында кітап палатасы директорының орынбасары Толқын Тұрғалиқызы да жиналғандарды тәуелсіздік мерекесімен құттықтап, студент жастарға өз тәжірибесін жан-жақты үйрететінін жеткізді. Ал, кітап палатасы директорының тағы бір орынбасары, арқалы ақын Маралтай Райымбекұлы өз құттықтауында жырдан шашу шашты. 

   Мерекеге жиналғандар арасынан ақын Алмасбек Ахметбекұлы да тілегін белгілі «Көк тудың желбірегені» өлеңімен жеткізіп, жүрек жарды лебізін білдірді.

    Сонымен салтанатты шара соңында Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының директоры Әділ Қойтанов пен журналистика факультетінің деканы Сағатбек Медеубекұлы бірлескен меморандумға қол қойды. Енді ол бойынша журналистика факультетінің   баспагерлік-редакторлық және дизайнерлік өнер кафедрасының студенттері тегін өндірістік тәжірибеден өтіп, үздік оқыған студенттер кейін кітап палатасындағы бос жұмыс орындарына жұмысқа тұра алады.


Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының баспасөз орталығы.

Fotogalereya



Qûrmetti, Siz saitta tirkelmegensiz. Tirkeuden ötudi ûsynamyz зарегистрироваться либо зайти на сайт под своим именем.

2 pikirler

Ернат 12 декабря 2019 18:06
Керемет! Кәпірдің жаңа жылынан Тәуелсіздік алған күнімізді мерекелеу мың есе артық!

ЗАМАНБЕК 13 декабря 2019 14:03
ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Ваше имя: *
Ваш e-mail: *
Код: Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Введите код: