«Раритет» баспасынан жарық көрген еңбектің авторы ежелгі дәуір әдебиетін зерттеуші ғалым, профессор Немат Келімбетов. Кітап – ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің арнайы бағдарлмасы бойынша жарық көрген. Хрестоматиялық еңбекте сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап, хvi ғасырға дейінгі кезеңдерде пайда болған әдеби шығармалар хроногиялық ретімен берілген. Ғалымның бұл еңбегі оқырмандарға түркі халықтары әдебиетінің тарихынан тұтастай мағұлымат алуына мүмкіндік береді. Кітап филология және түркология мамандықтары бойынша білім алушыларға және көпшілік оқырманға арналған. 5 дана таралыммен жарық көрген кітап еліміздің барлық аймақтарындағы мемлекеттік кітапханаларынан түседі.
Fotogalereya
