Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» бағдарламасы бойынша белгілі тарихшы Талас Омарбековтің «Қазақтың шығу тегі» атты зерттеу кітабы жарық көрді.
Зерттеуде қазақ халқының ежелгі және орта ғасырлардағы тарихына қатысты бұрын назардан тыс қалып келген деректер талданған. Қазақтарды құраған ру тайпалық бірлестіктер мен Алаш қауымдастығының ежелгі түркілік тамырлары, олардың мемлекет құрушы ұлтты қалыптастырудағы елеулі үлесі нақты айқындалған. Еңбек тарихшы мамандарға, этнографтарға және Отан тарихына қызығушылық танытқан көпшілік оқырманға арналған. 5000 таралыммен шыққан кітап еліміздің барлық аймақтарындағы кітапханаларға таратылып, кітап дүкендерінде сатылымға шығарылады. Құнды еңбектің бір данасы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітап палатасының «Міндетті даналарды қабылдау және бақылау бөліміне» келіп түсті.