Белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы Мәмбет Қойгелдиев құрастырған «Өзімді мүлде кінәлімін деп санамаймын!» \Я себя совершенно не признаю виновным!\ атты кітәптың тұсаукесері Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында өтті. Шараға «Әділет» тарихи-ағарту қоғамының төрағасы Бейбіт Қойшыбаев бастаған бір топ траихшылар мен БАҚ өкілдері қатысты. Тұсаукесер рәсімін ашқан Бейбіт Қойшыбаев кітапты құрастырған Мәмбет Құлжабайұлына сөз кезегін беріп, еңбек туралы айтып беруін өтінді. Кітап авторы кітапта КСРО Прокуратурасының қауіпсіздік органдарындағы тергеу істерін бақылау бөлімінің құжаттық материалдары алғаш рет жарияланып отырғанын айтты. Бұл материалдармен танысуға соңғы уақытқа дейін тиым салынып, олар «аса құпия» деген белгімен сақталып келген. Жарияланған құжаттар өкіметтің әлеуметтік саясатына, әсіресе оның ұлт мәселелеріндегі ұстанымына наразылықтың советтік биліктің соңғы сәтіне дейін үзіліссіз жүргендігін куәландырады. Кітапта сондай-ақ 1960-1980 жылдардағы наразылық қозғалыстың қатысушылары мен куәгерлерінен алынған сұхбаттар да берілген. Солардың арасында 18 жасар жас жігіт Махмет Құлмағанбетовтың НКВД тарапынан қуғындалып, сотталып, кейін Австралияға кетіп, сол жақта жүріп Қасен Оралтайдың көмегімен «Азаттық радиосында» жұмыс істеп, кеңестік жүйенің былығын жария етеді. Міне осының бәрі кітапта жарияланған.
Шара соңында тарихшылар Мәскеу мұрағаттарында отырып, осы құжаттарды көшіріп елге әкеліп, оны жүйелеп, жинақ етіп шығарған М.Қойгелдиевке ризашылықтарын білдірді.